Сабақтың барысы: Ой толғау Одағай түрлері Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зияны іс-әрекеттер?



Дата02.01.2022
өлшемі23.26 Kb.
#452252
түріСабақ
30 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Ас қорыту ағзаларының аурулары. Асқазан қатерлі ісігі. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

Ой толғау

-Одағай түрлері

-Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зияны іс-әрекеттер?
Мәтінді оқып, мазмұндау. Ауызша орыс тіліне аударыңыздар.
І.Ас қорыту ағзаларының аурулары

Ас қорыту ағзаларының аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар денеге қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған көкөніс және жемістер, кір ыдыс пен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп ағзаны уландырады. Адам ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдығады. Әсіресе, тышқақ, іш сүзегі, тырысқақ, ішқұрт өте қауіпті ас қорыту аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады. Сондай-ақ, шылым шегу, ішімдікке әуестену ас қорыту жүйесінің мүшелерінің жұмысын бұзады. Өмірге қатерлі ауруларды дамытады. Ас қорыту ағзаларының ауруларынан алдын ала сақтану үшін жеке бастың гигиенасын сақтау керек, таза жүру керек және суды қайнатып ішкен жөн болады.


1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

қайнатылмаған су – некипяченная вода

ауру қоздыратын микробтар – микробы-возбудители болезни

жуылмаған көкөніс (жеміс) – немытые овощи (фрукты)

кір – грязь; грязный

жұғу – заразиться

уландыру – отравлять

шалдығу – подвергаться

тышқақ – дизентерия

сүзек – тиф

тырысқақ – холера

ішқұрт – глист

бұзылу – нарушение

қатер – угроза; опасность

дереу – срочно; немедленно

әуестену – увлекаться

алдын ала сақтану – профилактика

жеке бастың гигиенасы – личная гигиена


2- тапсырма. Сөздерді аударып, сөйлем құраңыз.

Врач, операция, труд, ученый, почки, больной, витамины, здоровья, деятель, наука, сердца, заболевания, желудок, пищевод, организм.


Мақал-мәтелдер — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі.(меткие выражения, созданные народом, а также переведенные из древних письменных источников и заимствованные из произведений литературы).

Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады.  Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі.(устойчивые, афористические, как правило, образные выражения, вошедшие в речь из литературно-художественных, публицистических, философских, фольклорных и других источников. К крылатым выражениям также относят популярные изречения исторических личностей; имена мифологических или литературных персонажей)
ІІ. Асқазан обыры

Асқазан обыры – өте жиі кездесетін қауіпті ауру. Рак ауруы сау ұлпада өршімейтіндіктен, ол ағзада ұзаққа созылған, емделмеген әр түрлі ісіну, қабынулардың асқынып барып, ракқа айналуынан болады. Ойық қара немесе асқазанында қатерсіз ісігі болған адамдар сырқаты белгі берсе, бұл созылмалы сырқаттың қайталануы деп, дәрілерін іше бастайды, дәрігерге бармайды, мән бермей жүре береді. Бұл ауру жанды онша қинамайды – аздап қана ауырады. Екінші бір ауру адамның іші өтіп, тамаққа тәбеті нашарлайды. Үшінші бір ауру адамның салмағы жеңілдеп, жүдейді. Әлсізденіп, жұмыс қабілеті төмендейді, тез шаршайды. Асқазан обырының ең басты белгісінің бірі – адамның денесі қалшылдап, дене қызуы көтеріледі. Асқазанында ісік бар, жоғын білу үшін науқастың асқазанын аш қарында резеңке түтік (зонт) арқылы жуып, суды микроскоппен қарап, рак жасушалары бар, жоғын айыруға болады. Дұрыс диагноз қоюдың ең тиімді әдісі – гастрофиброскопия. Гастрофиброскопия жасағанда ісіктің барын, формасын анықтау үшін арнайы тістеуікпен кішкене тістеп альт (биопсия) микроскоппен тексеруге болады. Асқазан обырын негізінен хирургиялық жолмен емдейді. Асқазанға ота жасау арқылы ғана көздеген мақсатқа жетуге болады. Рак ауруының алдын алудың негізгі бір шарты – дұрыс тамақтану, тым ыстық, не өте суық тамақ ішпеу керек. Тамақтану тәртібін сақтаудың үлкен мәні бар. Тамақтың дәмді, құнды, құрамы әр алуан болуына мән беру керек. Жақсы демалу, дене шынықтырумен айналысу адамның ауруға қарсы тұру күшін молайтып, жүйке жүйесін, зат алмасуын жақсартады. Ең маңызды шара – жылына бір рет тексеріліп тұрса, рак ауруының алғашқы нышанын тауып, емдеп жазуға болады.


1-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің орыс тілінде аудармасын жазыңыздар.

қауіпті –

созылмалы –

жұмысқа қабілеті төмендейді –



тамаққа тәбеті нашарлайды –
2-тапсырма. Денсаулық тақырыбына бірнеше мақал-мәтел жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет