Сабақ жоспары
Тамақтандыру технологиясын ұйымдастыру туралы негiзгi мәліметтер
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Тамақ дайындау технологиясы(фак)
Дайындаған педагог: Жумабаева Индира Муратбековна
Күні : 2021 жылғы "14" қыркүйек
Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: ТҰА-201/Б
Сабақ типі: аралас
Мақсаты, міндеттер
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар:
Мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен, сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу.
Сабақтың барысы
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Сабақ бойынша рефлексия
Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
- алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
- тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
- оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.
6. Үй тапсырмасы
Сабақ жоспарының берілген тармақтары міндетті болып табылады. Оқытушы пән ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтерді енгізе алады.
Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру?
Тамақтану режимі,тәртібі?
Тамақ ішу тәртібін сақтамаудың салдары?
ПБ төрайымы: Пернебаева Ж.Ж.
Оқытушы: Жумабаева И.М.
Достарыңызбен бөлісу: |