Құрметті Ауған соғысының ардагерлері! 15 ақпан 2021 17: 23



бет1/3
Дата31.01.2024
өлшемі0.75 Mb.
#490375
  1   2   3
АУҒАН СОГЫС АРДАГЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!


15 ақпан 2021 - 17:23
362
Соңғы жаңалықтар



Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Отан алдындағы борышын адал атқарған, әрі болашағына сенген жас ұрпақ саяси орынның құрбанына айналды. Көптеген жастарымыз жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Баласын, бауырын, ағасын, інісін майданға шығарып салған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан мәңгілік жара болып қалды. 1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болып, оның соңы соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 924-і сұрапыл соғыста қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда, Қазақ елінде 10 мыңға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар.Ауған соғысына Қазығұрт ауданынан 107 жауынгер қатысып, оның 4-еуі жат жерде ерлікпен қаза тапты. 21 ауғандық сарбаздар елге келген соң, соғыс салған зардабынан өмірден ерте озды. Аудандық ауған соғысы ардагерлер ұйымыныңауданның игілігі мен мемлекетіміздің қуатты болуы, елдің бірлігі мен ынтымағын, экономикалық әлеуетін нығайтуда атқарып келе жатқан нәтижелі еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриотизм рухында тәрбиелеуде Ауған соғысының ардагерлері пневматикалық мылтық атудан, гир көтеруден, турникке тартылудан және спорттың басқа да түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастыруға ұйытқы болып, соңғы жылдары бұл үрдіс дәстүрге айналды. Соғыс қашанда елге қайғы-қасірет әкеледі. Міне, Ауған жерінде ұзаққа созылған соғыстың зардабы әлі де тиылған жоқ. Сондықтан, соғыстың бетін аулақ қылсын!
Қадірлі ардагерлер!
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар. Сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні! Сіздердің ел үшін жасаған ерліктеріңізді мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елімізде бақытты ғұмыр кешіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілей отырып, осы жылы Кеңес әскерлерінің ауған жерінен әкетілгеніне 32 жыл толуы мерекесімен баршаңызды шын жүрекпен құттықтаймын.
А. Абдуллаев Қазығұрт ауданының әкімі.
09 қаңтар 2024

Ауған соғысының ардагерлері ерлік сабағын көрсетті



Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 2018 жылы 15 ақпанда Сәтбаев университеті Әскери институтының салтанат залында ауған соғысына қатысқан ардагер-түлектермен кездесу болып өтті.
Бұл кездесуге отставкадағы полковник, 32 жыл бойы Әскери кафедраны басқарған Анатолий Линьков пен отставкадағы подполковник Александр Апарин және запастағы майор Найля Талысбаева қатысты.
Кездесуді Әскери кафедра меңгерушісі, әділет полковнигі Талғат Сағымбеков құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде ауған соғысының тарихы жайлы баяндап өтті. «Біз студенттерді өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамыз. Қазіргі бейбіт заманның өзінде де жер шарының бір бұрышында соғыс өрті лаулап, онда жазықсыз жандардың мерт болып жатқанын, соларды қорғау жолында біреулер асқан ерлік көрсетіп жатқанын студенттер білуге тиіс. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие аясында өткізіліп отырған бүгінгі іс-шараға қатысуға тілек білдірген ардагерлерге мың да бір алғыс айтамын», – деді Әскери кафедра басшысы.
Іс-шара барысында студенттер ауған соғысы жайлы түсірілген «Соңғы солдат» атты фильмді тамашалап, Республикалық соғыс және мүгедектер қоғамдығы «Ардагер» ұйымының жүргізіп отырған жұмысы жайлы бейнеролик көрді, әрі ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. Ал 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан да іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Біз соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлердің ерліктеріне бас иеміз. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде студенттердің бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады», – деді Т. Сағымбеков ардагерлер алдында сөйлеген сөзінде.
Аталмыш әскери іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері де қатысып, ардагерлерге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, әрі тиісті жауаптарын алды. Бұл кездесуден әсіресе студенттер ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алып қайтты.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет