Тұрақты протездерді мүсіндеуге арналған балауыздар. Мұндай балауыздар «Көпір тектес протездерді мүсіндеуге арналған балауыз» деген атпен төрт бұрышты көк түспен мөлшері 40х9х9мм бағана түрінде шығарылады.
Қолданылуы: көпір тектес протездердің аралық бөлігін, тістің анатомиялық пішінін мүсіндеуге қолданылады.
Құймалы балауызды жартылай алмалы-салмалы протез элементтерін, доғалы протез қаңқасын құю үшін қолданылады. «Қатаң формадент» деген атпен тік бұрышты пішінде, жасыл түсті пластинка күйінде шғарылады.
Формадент құймалы кламмерлерді, доғалы торларды және тағы басқа доғалы протез элементтерін балауыз мүсіндерін силиконды пішінде құйып шығаратын балауыз қосындыларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |