Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі84.81 Kb.
#21375
Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң 2011 жылғы 4 қазандағы № 02-02-18/198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 7341 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 24 сәуiрдегi № 178-187 (27256); "Казахстанская правда" от 24.04.2012 г., № 114-115 (26933-26934)


      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Стратегиялық жоспарлау департаментi (Д.Ү.Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Ғ.Т. Әбiлова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Спорт комитетi (Е.Б.Қанағатов) аталған бұйрықты ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың назарына жеткiзсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрi М.Е. Омаровқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                           Т. Ермегияев

      "КЕЛIСIЛДI"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      ____________ С. Қайырбекова
      1 қараша 2011 жыл

Қазақстан Республикасы   


Туризм және спорт министрiнiң
2011 жылғы 4 қазандағы 
№ 02-02-18/198 бұйрығымен 
бекiтiлдi        

Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң, спорттық
медицина және оңалту орталықтарының қызметiн
ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң, спорттық медицина және оңалту орталықтарының меншiк түрiне қарамастан қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн анықтайды.


      2. Осы ережеде келесi ұғымдар пайдаланылады:
      1) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi (бұдан әрi - диспансер) - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрiгерлiк бақылауға, емдiк дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;
      2) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттардың, медициналық маңызы бар бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын, медициналық қызметтiң көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      4) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмiнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi.
      5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар iс-қимылы;
      6) спорт медицинасы және оңалту орталығы (бұдан әрi - орталық) - спортшыны қалпына келтiру, алдын алу және оңалту iс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауiпсiздiгiн және олардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн медициналық ұйым.
      3. Диспансер және орталық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiн, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Лицензиялау туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңдарын, осы Ереженi және басқа да денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
      4. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-1-бабына сәйкес диспансер және орталық дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектiсi болып табылады.
      5. Емдiк дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында диспансердiң қызметiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы қамтамасыз етедi.

2. Диспансердiң және орталықтың медициналық
қызметiн ұйымдастыру

      6. Орталықтың қызметi жоғарғы жетiстiктер спортын медициналық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшыларына медициналық қызмет көрсету мақсатында құрылады.


      7. Диспансердiң қызметi медициналық көмекке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, спортшыларды және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды тұрғылықты жерi бойынша дәрiгерлiк және динамикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
      8. Диспансер және орталық өз қызметiн жүзеге асыратын қызметiн оңтайландыру мақсатында профильдiк жұмыстар бойынша медициналық, спорттық, бiлiм беру, қоғамдық ұйымдармен үйлестiредi.
      9. Диспансерге және орталыққа тiкелей басшылықты құрылтайшы (құрылтайшылар) шешiмiмен лауазымға тағайындалатын және босатылатын директор - бас дәрiгер жүзеге асырады.
      10. Диспансердiң (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және орталықтың контингентi споршылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы тұлғалардың тiзiмнен тұрады.
      Спортшылардың контингентi спорт ұйымдарының ұсыныстары ескерiле отырып қалыптастырылады және дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық және/немесе жергiлiктi атқарушы органдармен бекiтiледi.
      11. Медициналық қызмет түрлерi мен нысандары диспансердiң және орталықтың Жарғысымен анықталады.

3. Диспансердiң мiндеттерi мен функциялары

      12. Диспансердiң мiндеттерi мыналар болып табылады:


      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етудi, дәрiгерлiк бақылауды, емдiк дене шынықтыруды және оңалтуды жүзеге асыру;
      2) жарыстарды өткiзу кезiнде медициналық қамтамасыз етудi және оқу-жаттығу жұмыстарын, оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жалпы емдiк желiлер ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      4) дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың әртүрлi жастағы және кәсiби топтарын сауықтыру, халық арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
      13. Диспансердiң функциялары мыналар болып табылады:
      1) дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығын бақылау немесе медициналық қамтамасыз ету, басқа спорт түрлерi мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
      2) спорттық iс-шараларды медициналық қамтамасыз ету;
      3) спортшылар денсаулығының жағдайына диспансерлiк бақылауды жүзеге асыру, олардың тексерiлуiн уақытылы жүргiзу, емдеу және қайта қалпына келтiру;
      4) шұғылданушылардың жаттығу және денсаулық деңгейiн көтеруге жәрдемдесетiн санитарлық-гигиеналық жай-күйiнiң оңтайлы жағдайларын әзiрлеу және негiздеу;
      5) шұғылданушылардың денсаулықтарының ауытқуының, ауруларының және спорттық жарақаттарының себептерiне талдау жүргiзу, олардың алдын-алу және емдеу бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
      6) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету әдiстерi мен нысандарын әзiрлеу, олардың денсаулық жағдайларын, денсаулығы мен функционалдық жағдайлары деңгейiн анықтау;
      7) шұғылданатындардың ағзасына керi әсерiн тигiзетiн сыртқы орта факторларының зиянды әсерiн төмендетуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн жүзеге асыру;
      8) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ әртүрлi жастағы халықты қалпына келтiрiп емдеуде емдiк дене шынықтыру әдiсiн пайдаланатын мекемелердiң/ұйымдардың бөлiмшелердiң қызметiне ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      9) дәрiгерлiк-дене шынықтыру қызметi бойынша тәжiрибе жинақтау, конференциялар, кеңестер өткiзу;
      10) балалардың, оқушылардың дене тәрбиесi және дамуы тұрғысынан медициналық педагогикалық бақылау мәселелерi бойынша мектепке дейiнгi балаларға арналған мекемелердiң, мектептердiң, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастыру;
      11) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, аурулардың алдын алу және жарақаттарды емдiк дене шынықтыру әдiсiмен емдеу бойынша денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органдарға, спорттық ұйымдарға ұсыныс жасау.

4. Диспансердiң және орталықтың мiндеттерi мен функциялары

      14. Орталықтың мiндеттерi мыналар болып табылады:


      1) Қазақстан құрама командасы спортшыларын диагностикалауды, емдеудi қайта оңалтуды және қалпына келтiрудi жүзеге асыру;
      2) оқу-жаттығу жиындарын, жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткiзу кезiнде спортшыларды медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асыру.
      15. Орталықтың функциялары мыналар болып табылады:
      1) спортшылардың денсаулығын бақылау немесе медициналық қамтамасыз ету, басқа спорт түрлерi мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
      2) орталыққа бекiтiлген спортшылардың медициналық тексеру жүргiзу: тереңдетiлген медициналық тексеру (соның iшiнде, спортпен шұғылдануға дейiнгi бастапқы тексеру), кезеңдiк медициналық тексеру, жарыс алды тексеру, ағымдағы тексеру, қосымша медициналық тексеру;
      3) спортшылардың және спортпен шұғылданушылардың ауруларының және жарақаттарының салдарын медициналық оңалту және емдеу;
      4) дене шынықтыру әдiстерi және құралдары арқылы мүгедек-спортшыларды және ақыл-есi шектеулi адамдарды медициналық оңалтуды жүзеге асыру, төмендеген немесе жоғалған функцияларын қалпына келтiру үшiн емдiк дене шынықтыру әдiстерiн пайдалана отырып, науқастарды iрiктеу және оқыту;
      5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ әртүрлi жастағы халықты қалпына келтiрiп емдеуде емдiк дене шынықтыру әдiсiн пайдаланатын мекемелердiң/ұйымдардың бөлiмшелердiң қызметiне ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      6) дәрiгерлiк-дене шынықтыру қызметi бойынша тәжiрибе жинақтау, конференциялар, кеңестер өткiзу;
      7) балалардың, оқушылардың дене тәрбиесi және дамуы тұрғысынан медициналық педагогикалық бақылау мәселелерi бойынша мектепке дейiнгi балаларға арналған мекемелердiң, мектептердiң, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастыру;
      8) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, аурулардың алдын алу және жарақаттарды емдiк дене шынықтыру әдiсiмен емдеу бойынша денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органдарға, спорттық ұйымдарға ұсыныс жасау.

5. Диспансердiң және орталықтың құрылымы

      16. Диспансердiң және орталықтың құрылымы және штат саны штат санының және еңбекақы қорының шегiнде құрылтайшының (құрылтайшылардың) келiсiмi бойынша директор - бас дәрiгер әзiрлейдi және бекiтедi.


      17. Мiндеттi бөлiмдер (кабинеттер):
      1) спорттық медицина бөлiмi немесе кабинетi;
      2) емдiк дене шынықтыру және массаж бөлiмi немесе кабинетi;
      3) функционалдық диагностика бөлiмi немесе кабинетi;
      4) күндiзгi стационар;
      5) клиникалық-биохимиялық лаборатория;
      6) ұйымдастыру-әдiстемелiк кабинетi;
      7) профильдi мамандар дәрiгерлерiнiң кабинетi;
      8) физиотерапиялық бөлiм немесе кабинет;
      9) ине рефлекс терапиясы кабинетi;
      10) рентгенологиялық кабинет;
      11) тiркеу.
      18. Диспансердiң және орталықтың штат санына сәйкес қосымша медициналық және әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмшелер мен лауазымдар ұйғарылады.
      19. Спорттық медицина бөлiмi (кабинетi);
      1) тереңдетiлген медициналық тексерудi;
      2) ағымдық кезеңдiк тексерудi;
      3) спорттық еңбекке жарамдылықты, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды, спорт түрлерi бойынша жаттығуларға рұқсат беру мәселесiн шешудi;
      4) жарақаттан және аурудан кейiнгi спорттық қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен арттыру жөнiнде емдiк - алдын алу iс-шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi;
      5) спорттық-бұқаралық iс-шараларды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      20. Емдiк дене шынықтыру бөлiмi (кабинетi) емдiк-дене шынықтыру әдiстерiн қолдану мәселелерi бойынша жоғалған функцияларын өтеу немесе қалпына келтiру мақсатында және оларды өткiзу мен тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырудың емдiк - кеңестерiн қабылдауды жүзеге асырады.
      21. Функционалдық диагностика бөлiмi (кабинетi) функционалдық диагностика әдiсiн өткiзудi және зерттеудi жүзеге асырады.
      22. Күндiзгi стационар тәулiк бойы дәрiгерлiк бақылау талап етпейтiн ауруларға алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту шараларын өткiзудi жүзеге асырады.
      23. Клиникалық-биохимиялық лаборатория клиникалық-лабораториялық және биохимиялық зерттеу өткiзудi жүзеге асырады.
      24. Ұйымдастыру-әдiстемелiк кабинетi ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi консультацияларды жүзеге асырады.
      25. Профильдi мамандар дәрiгерлерiнiң кабинетi профиль бойынша алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту шараларын өткiзудi жүзеге асырады.
      26. Физиотерапиялық кабинет терапияның физикалық әдiстерiн жүзеге асырады.
      27. Ине рефлекс терапиясы кабинетi емдiк, алдын алу және оңалту шараларын рефлексотерапия арқылы жүзеге асырады.
      28. Рентгенологиялық кабинет рентгендiк диагностикалық тексерудi жүзеге асырады.
      29. Тiркеу диспансерге және орталыққа келушiлердi тiркеудi және медициналық құжаттарын толтыруды жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет