Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 78-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1595 қаулысымен
бекiтiлген
Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi
мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 78-бабына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аумағында дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әртүрлi топтарын сақтау мен тасымалдау тәртiбiн айқындайды.
2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мынадай:
1) өндiрушi зауыт белгiлеген шарттарға сәйкес, сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатта, қаптамаларда, дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшiн медициналық қолдану жөнiндегi нұсқаулығында, медициналық техниканы пайдалану құжаттарында, қаптамасында (ыдысында), затбелгiсiнде, кольереткасында, контрэтикеткасында, жазба белгiсiнде, жапсырмасында (стикерде) көрсетiлетiн олардың бүкiл жарамдылық мерзiмiнде қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгiнiң және сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда;
2) контаминацияны, қиылысу контаминациясын және араласуды болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлердi сақтау үй-жайларында (дәрiхана, дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру ұйымдары) жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) ангро-өнiм - өнiмнiң өндiрiлуi мен iрi бөлшектеп өлшеп өткiзiлуiн сипаттайтын және оның дайын дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiру мақсатында одан әрi өңделуiн көздейтiн өнiмнiң статусы;
2) дәрiлiк субстанция - шығу тегiне қарамастан, дәрiлiк препараттарды өндiруге және дайындауға арналған, белгiлi фармакологиялық белсендiлiгi бар заттек немесе заттектердiң қосындысы;
3) дәрiлiк заттың жарамдылық мерзiмi - мерзiмi бiткеннен кейiн дәрiлiк затты қолдануға болмайтын күн;
4) дәрiлiк заттың қаптамасы - дәрiлiк заттарды бүлiнуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы үдерiсiн қамтамасыз ететiн, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешенi;
5) тұтыну қаптамасы - тұтынушыға дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен бiрге түсетiн және көлiк қаптамасының функциясын орындамайтын қаптама.
Тұтыну қаптамасы бiрiншi және екiншi қаптамадан тұрады:
бiрiншi (iшкi) қаптама - материалдары дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен тiкелей жанасатын құтсыйымдылықы немесе қаптаманың басқа нысаны;
екiншi (сыртқы) қаптама - бiрiншi қаптамадағы дәрiлiк зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника салынатын контейнер немесе қаптаманың басқа нысаны;
6) топтық ыдыс - тұтыну қорабындағы дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың белгiлi бiр мөлшерiн бiрiктiретiн қаптама;
7) көлiктiк ыдыс - дербес көлiк бiрлiгiн құрайтын ыдыс;
8) көлiктiк қаптама - тауарды сақтауға, сәйкестендiруге немесе тасымалдауға арналған қаптама;
9) зауыттық қаптама - өндiрушi зауыт көрсетiлген тұтынушы қаптамасы;
10) дәрiлiк заттың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжат (бұдан әрi - нормативтiк құжат) - сериясына қарамастан, дәрiлiк заттың бiрдей қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн дәрiлiк заттың сапасы нормаларының кешенiн, оны айқындау әдiстемелерiн, сондай-ақ оны өндiрудiң тұрақтылығы мен бiртектестiгiн қамтамасыз ететiн, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және оларды тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу қағидаларына сәйкес бекiтiлген құжат;
11) сақтау үй-жайлары - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға арналған, арнайы бөлiнген және жабдықталған өндiрiстiк үй-жайлар;
12) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау - олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып, орналастыру (қоймаға жинау) үдерiсi;
13) қараңғы жерде сақтау - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарық түспейтiн жерде сақтау;
14) құрғақ жерде сақтау - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ауаның салыстармалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
15) салқын жерде сақтау - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы +8оС-ден +15оС-ге дейiнгi температурада сақтау;
16) бөлме температурасында сақтау - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы +15оС-ден +25оС-ге дейiнгi температурада сақтау;
17) термоконтейнер - жоғары температураның әсерiнен қорғауды қажет ететiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдауға арналған жылу өткiзбейтiн қасиетi және тығыз жабылатын қақпағы бар контейнер (жәшiк немесе сөмке), мұнда оңтайлы температуралық режимi (+2оС-ден +8оС дейiн) оның қуысына орналастырылған мұздатылған тоңазытқыш элементтердiң көмегiмен қамтамасыз етiледi;
18) тоңазытқыш элемент (бұдан әрi - тоңазытқыш элемент) - тығынмен тұмшаланып жабылатын, су құюға арналған және қолданар алдында мұздатылып, контейнерлерде +2оС-ден +8оС-ге дейiн шегiндегi температураны ұстап тұру үшiн қызмет ететiн тiкбұрыш нысандағы пластмасса немесе металл ыдыс;
19) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың контаминациясы - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау, тасымалдау кезiнде олардың бiрнеше түрлерiн, әртүрлi серияларын/партияларын араластыру немесе бiр түрiн басқа түрмен ауыстыру;
20) сорттардың ауысуы - сол бiр атауға жататын тауарлардың бiр сортының артық болуының және екiншi сортының жетiспеушiлiгiнiң пайда болуы;
21) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау - тұтынушы алғанға дейiн қажеттi уақыт iшiнде қасиеттерiн сақтауды, қоршаған ортаның әсерiнен, болжамды ластанудан, механикалық бүлiнулерден қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайларда көлiк құралының көмегiмен дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бiр тұтынушыдан екiншiсiне тасымалдау, жеткiзу.
2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы сақтау тәртiбi
5. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауды жүзеге асыратын үй-жайлар жылытқыш аспаптардан алыс, үй-жайлардың iшкi қабырғаларында еденнен 1,5 - 1,7 метр жоғары және есiктен кемiнде 3 метр қашықтықта бекiтiлген аспаптармен (термометрлер, гигрометрлер) қамтамасыз етiлуi тиiс;
6. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында және өзге де ұйымдарда басшының бұйрығымен дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сапасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты тұлға тағайындалады.
7. Температураның параметрлерi мен ауаның ылғалдылығын бақылау белгiленген шектердегi тербелiстердi бақылауға жеткiлiктi кезеңдiлiкпен күн сайын кез келген ыңғайлы тәсiлмен (жазбаша немесе электрондық түрде) осы Қағидаларға 5-қосымша нысаны бойынша температураның параметрлерi мен ауаның ылғалдылығын бақылау журналында тiркеледi.
8. Сақтау үй-жайларында орналастырылған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бiр сәттегi көлемi сақтау үй-жайлары алаңының 75 пайызынан аспауы тиiс.
9. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көлiктiк қаптамаларда сақталады.
10. Сақтау үдерiсiнде кемiнде айына бiр рет қаптамалардың (ыдыстардың) жай-күйiн және дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сыртқы өзгерiстерiн жалпы шолып қарау арқылы сапасын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы шолып қарау нәтижелерi бойынша сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатта, дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшiн медициналық қолдану жөнiндегi нұсқаулықта, медициналық техниканы пайдалану жөнiндегi құжаттарында, қаптамасында (ыдысында), затбелгiсiнде, кольереткасында, контрэтикеткасында, жазба белгiсiнде, жапсырмасында (стикерде) көрсетiлетiн өндiрушi зауыт белгiлеген шарттарға сәйкес келмейдi деп танылған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға рұқсат берiлмейдi.
11. Зауыттық немесе көлiктiк қаптама бұзылған жағдайда дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника материалдық шкафтарда, сөрелерде, паллетi бар сөрелерде, тұтыну сейфтерiнде, ашық зауыттық қаптамада этикеткасымен (сыртқы таңбамен) орналастырылады.
12. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында және өзге де ұйымдарда дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылық мерзiмдерiн есепке алуды жүргiзу қажет.
13. Дәрiханалардың, дәрiхана пункттерiнiң, денсаулық сақтау ұйымдарының сақтау үй-жайларында (кабинеттерде, бөлiмшелерде), көтерме қоймаларында дәрiлiк заттар:
1) фармакологиялық топтары бойынша;
2) қолдану тәсiлiне (iшкi, сыртқы) байланысты;
3) агрегаттық жай-күйiне байланысты;
4) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттерi мен түрлi факторларының әсерiне байланысты бөлек сақталады.
Атаулары бойынша ұқсас дәрiлiк заттармен iшке қабылданатын күштi жоғары дозаларымен ерекшеленетiн дәрiлiк заттарды қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттiк тәртiппен орналастыруға болмайды.
14. Дәрiлiк препараттарды дайындауға құқылы дәрiханалардың өндiрiстiк үй-жайларында «ангро-өнiмi» статусы бар дәрiлiк заттар эмаль немесе шыны ыдыста сақталуы тиiс.
15. Барлық дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiне, оларға сыртқы ортаның түрлi әсерiне байланысты мынадай топтарға бөлiнедi:
1) жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
2) ылғалдың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
3) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн;
4) жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн;
5) төмен температурадан қорғауды талап ететiн;
6) қоршаған орта газдарының әсерiнен қорғауды талап ететiн;
7) иiстi, бояйтын.
16. Дәрiханаларда, дәрiхана пункттерiнде, денсаулық сақтау ұйымдарында, дәрiлiк заттардың көтерме қоймаларында жарықтан қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттар жарық түсуден сақтайтын қаптамада, жарықтан қорғайтын материалдардан жасалған ыдыстарда (қызғылт түстi шыны ыдыста, алюминий фольгадан немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр немесе қызғылт түстi металл ыдыстарда) жарық түсуден қорғалған, тығыз жабылатын есiктерi бар қараңғы үй-жайда немесе шкафтарда сақталады.
Жарықты ерекше сезгiш дәрiлiк заттар (күмiс нитраты, күмiс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және оларға ұқсас) жарық өткiзбейтiн ыдыста, iшкi жағы қара бояумен боялған, тығыз жабылатын шкафта сақталады.
17. Жарықтың әсерiн қажет ететiн дәрiлiк заттарды (қышқылды темiр препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түстi шыны ыдыста жарық жерде сақтайды.
18. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарға мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен калий ацетаты тұздары бар препараттар, құрғақ экстрактылар, дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты, гидролиздейтiн заттар, азот, азотты галогендi сутегi және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар, белсендi заттектер, суда жеңiл еритiн заттар, сондай-ақ ылғалды мөлшерi қаптамадағы, медициналық пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтағы сапа мен қауiпсiздiктi бақылау бойынша нормативтiк-техникалық құжатта белгiленген шектен аспауы тиiс.
Судың атмосфералық буларының әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткiзбейтiн материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалың пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет.
19. Құрамында ұшып кететiн заттары, ерiтетiн ұшпа заттар, эфир майлары бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты бар дәрiлiк заттарды сақтау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ұшып кететiн заттарға арналған өткiзбейтiн материалдардан тұмшаланып тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы) жүзеге асырылады.
Құрамында кристалданған су бар (кристаллогидраттар) дәрiлiк заттарды сақтау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Кристаллогидраттардың дәрiлiк субстанцияларын нормативтiк құжаттарда немесе қаптамаларда (ыдыста) көрсетiлген температура жағдайында, ауаның 50-65 пайыз салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында қаптамадағы, медициналық пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтағы сапа мен қауiпсiздiктi бақылау бойынша нормативтiк-техникалық құжатта белгiленген тұмшаланып тығындалған шыны, металл немесе қалың пластмасса ыдыстарда сақталады.
20. Ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттар, жеңiл балқитын препараттар (суппозиторийлер), иммундық-биологиялық препараттар, антибиотиктер, органикалық препараттар, гормондық препараттар, дәрумендер және дәрумендiк препараттар, гликозидтерден тұратын препараттар, медициналық майлар мен майлар, майлы негiздегi жақпа майлар жоғары температура әсерiнен қорғауды талап етедi.
Бұл ретте көрсетiлген дәрiлiк заттар құрамының ерекшелiгiне байланысты бөлме температурасында немесе салқын жерде сақталады, кейбiр жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0-ден +8оС температурада термометрлермен жабдықталған тоңазытқыш шкафтарда) талап етiледi, бұл қаптамадағы, медициналық пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтағы сапа мен қауiпсiздiктi бақылау бойынша нормативтiк-техникалық құжатта белгiленген нормативтiк құжатта көрсетiледi.
21. Қатқаннан кейiн физикалық-химиялық жай-күйi өзгеретiн және одан кейiн бөлме температурасына дейiн жылыған кезде қалпына келмейтiн дәрiлiк заттар төмен температура әсерiнен (мұздату) қорғауды талап етедi.
22. Төмен температура әсерiнен қорғауды талап ететiн жекелеген дәрiлiк заттардың ерекшелiгi:
1) 40 пайыз формальдегид (формалин) ерiтiндiсiн +9оС-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда ерiтiндiнi бөлме температурасында ұстайды, бұдан кейiн ерiтiндiнi еппен құйып алып, нақты формальдегид құрамына сәйкес пайдаланады;
2) мұзды сiрке суы қышқылын +9оС-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда қышқылды бөлме температурасында тұнба ерiгенге дейiн ұстайды. Егер тұнба ерiмеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлiгiн құйып алып, препараттағы нақты сiрке суы қышқылының құрамына сәйкес пайдаланады;
3) медициналық майлы майлар +10оС-дан төмен емес температурада сақталады. Тұнба пайда болған жағдайда оларды бөлме температурасында ұстайды, олардың қаптамадағы, медициналық пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта, сапа мен қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатта белгiленген талаптарға сәйкес келуi реттелiп тексерiледi.
23. Қоршаған ортадағы газдар әсерiнен өзгеретiн дәрiлiк заттар тобына мыналар жатады:
1) ауадағы оттегiмен әрекеттесетiн дәрiлiк заттар: шектеусiз оттегi арасында байланысты бар алифаттық қатардағы түрлi қосындылар, шектеусiз оттегi арасында байланыстары бар жанама алифаттық топтардағы циклдық заттар, фенольдық, полифенолдық, морфии және оның алмастырылмаған гидроксильдi топтары бар туынды заттар, құрамында күкiрт бар гетерогендi және гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар;
2) ауаның көмiр қышқыл газымен әрекеттесетiн дәрiлiк заттар.
Газдар әсерiнен өзгеретiн дәрiлiк заттар газ өтпейтiн материалдардан жасалған ыдыста сақталады.
Аталған заттектер тобының газ өтпейтiн материалдардан тұмшаланып тығындалған, мүмкiндiгiнше лық толтырылған ыдыста сақталады, бұл ретте:
1) ауадағы оттегiмен жеңiл қышқылданатын құрғақ үй-жайда тұмшаланып тығындалған, парафин құйылған шыны ыдыста сақталады;
2) барбитурлы қышқылдардың натрий тұздарын тұмшаланып тығындалған, парафин құйылған судың атмосфералық булары мен көмiр қышқылы газын өткiзбейтiн материалдардан жасалған ыдыста сақталады.
24. Иiсi бар дәрiлiк заттарды сақтау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Иiсi бар дәрiлiк заттардың дәрiлiк субстанциялары мен олардан дайындалған дәрiлiк нысандарды дәрiханаларда, арнайы шкафта, оқшауланған тұмшаланып жабылған, иiс өткiзбейтiн ыдыста атаулары бойынша бөлек жеке орналасқан қоймаларда, сақтау үй-жайларында жүзеге асырылады.
25. Бояйтын дәрiлiк заттарды сақтау (әдеттегi санитариялық-гигиеналық өңдеу кезiнде жуылмайтын ыдыста, тығындалатын құралдарда, жабдықтар мен басқа заттарда боялған iз қалдыратын заттар, олардың ерiтiндiлерi, қоспалары, препараттары) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бояйтын заттардың дәрiлiк субстанцияларын сақтау арнайы шкафта тығыз тығындалған ыдыста, бояйтын заттардың дәрiлiк субстанцияларынан дәрiханаларда дайындалған дәрiлiк нысандарды сақтау тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде жүзеге асырылады.
26. Дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты, өсiмдiк қосындылары құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста сақталады.
Бұл ретте дәрiханаларда сақтау - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшiктерде, қоймаларда - теңдерде немесе сөрелерде жабылған жәшiктерде жүзеге асырылады.
Құрамында эфир майлары, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты мен құрамында жүрек гликозидтерi бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын басқа дәрiлiк заттардан бөлек, жақсы жабылған ыдыста сақтайды.
Гигроскопикалық қасиеттерi бар шөптердi, жапырақтарды, жемiстер мен тамырлары тұмшаланып тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тiкенек тамыры) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.
Бөлшектеп өлшенген дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатының сақтау ерекшелiктерi мен қаптамада және тұтынушыларға арналған дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды.
27. Отқа қаупi бар, жарылу қаупi бар, жеңiл тұтанатын және тез жанғыш дәрiлiк заттармен араластырғанда, ысқылағанда және жоғары температураның әсерiнен тұтану және жарылыс тудыратын қосындыларды түзетiн дәрiлiк заттарды олардың физикалық-химиялық және өртке қауiптi қасиеттерi мен қаптама сипатына сәйкес бiр бiрiнен қалың, отқа төзiмдi қабырғалармен (қалқалармен) оқшауланған үй-жайларға (бөлiктерге) бөлiнетiн қойма үй-жайларда бiртектiлiк принципi бойынша сақталады.
28. Жеңiл тұтанатын заттарды сақтауға арналған жеке қоймалар болмаған жағдайда оларды көршi үй-жайлардан мiндеттi түрде оқшауланған және өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келетiн жалпы жанбайтын құрылыстарда сақтауға рұқсат берiледi. Бұл үй-жайлар сору-шығару желдеткiштерiмен қамтамасыз етiледi.
29. Отқа қаупi бар және жарылу қаупi бар дәрiлiк заттарды сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және орнықты сөрелермен және тұғырлармен жабдықталуы қажет.
30. Жеңiл тұтанғыш және тез жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар қосымша салынған жанбайтын шкафтарда сақтауға рұқсат берiледi.
31. 100 килограмнан асатын мөлшердегi жеңiл тұтанғыш сұйықтық бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста отқа қауiптi басқа топтардағы заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.
32. Денсаулық сақтау ұйымдарының өндiрiстiк үй-жайларында жеңiл тұтанғыш және тез жанғыш сұйықтарды арнайы металл жәшiкте жылыту аспаптары мен шығатын жерлерден оқшау жалпы 3 килограмнан аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етiледi.
33. Жеңiл тұтанғыш сұйықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтар шыныдан немесе металдан жасалады, сұйықтың ұшып кетуiн болдырмау үшiн олар қақпақтармен тығыз жабылады. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және басқа материалдардан жасалған ыдыстарда сақтауға болмайды.
34. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш сұйықтар толтырылған бөтелкелердi, баллондар мен басқа да iрi сыйымдылықтарды соққылардан қорғалған ыдыста баллон тұғырларда бiр қатарда сақтайды. Жұмыс орындарында осы сұйықтар ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған ыдыста сақталады.
35. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш дәрiлiк заттарды:
1) лық толтырылған ыдыста сақтауға болмайды. Толтыру дәрежесi көлемнiң 90 пайызынан аспауы тиiс. Yлкен мөлшердегi спирттер металл ыдыстарда сақталады, оларды көлемнiң 95 пайыздан аспайтындай етiп толтырады.
2) минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және басқа қышқылдармен), тығыздалған және сұйытылған газдармен, жеңiл жанатын заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен қосылғанда жарылғыш қаупi бар қоспалар (калий хлораты, калий перманганаты) беретiн органикалық емес тұздармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
36. Жанғыш және жарылғыш қаупi бар заттар қалың қабатты сыйымдылықтарда (бөтелкелерде, банкiлерде, барабандарда) сақталуы керек, қажет болған жағдайда тығындар парафинделуге тиiс.
37. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирдi фабрикалық қаптамада, қараңғы салқын жерде, отпен жылыту аспаптарынан алыста сақтайды.
38. Кальций гипохлоридi аммиак және аммоний тұздарынан бөлек сақталуы тиiс.
39. Жеңiл тұтанғыш сұйықтарды сақтауда ыдыстың жай-күйiн, оның тұмшаланғандығы мен дұрыстығын тұрақты бақылап отыру керек. Бастапқы қаптаманың бұзылғаны байқалған жағдайда дереу ондағы затты басқа ыдысқа қайта құяды.
40. Жеңiл тұтанғыш сұйықтардан босаған ыдысты бiраз уақыт жақсы желдетiлген үй-жайда немесе көшеде ашық қалдырған жөн.
41. Жарылғыш қаупi бар дәрiлiк заттарға жарылыс пайда болуына бейiм дәрiлiк заттар жатады.
Жарылғыш қаупi бар дәрiлiк заттарды оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөлiктермен бөлiнген арнайы үй-жайларда (бөлiктерде) сақтайды.
42. Жарылғыш қаупi бар дәрiлiк заттарды сақтаған кезде олардың жарылыс туғызуы мүмкiн шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек.
43. Калий перманганатын арнаулы бөлiктерде, қаңылтыр контейнерлерде, жұмыс орындарында - тығындары сүртiлген штангластарда сақтау жүзеге асырылады.
Күкiртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және органикалық заттармен, сондай-ақ жеңiл тұтанғыш және жанғыш заттармен бiрге сақтауға болмайды.
44. Нитроглицерин ерiтiндiсiн шағын, жақсы тығындалған шыны немесе металл контейнерлерде оттан сақтай отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринмен жұмысты терiге тигенде улануды және нитроглицерин төгiлгенде туындайтын жарылысты болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргiзу қажет.
45. Эфирдi сақтаған жағдайда (әсiресе ауа кiрген жағдайда) қышқылдану туғызады, олар сiлкiгенде, ұрылғанда, үйкелгенде немесе температура артқан жағдайда жарылыс туғызуы мүмкiн, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықпен жүргiзiледi.
46. Жарылғыш қаупi және жанғыш қаупi бар заттарды қышқылдармен және сiлтiлiк заттармен бiрге сақтауға болмайды.
47. Азот және күкiрт қышқылдарын сақтаған кезде олардың ағашпен, сабанмен және басқа органикалық заттармен жанасуына жол бермейтiн шаралар қабылданады.
48. Жарылғыш қаупi және жанғыш қаупi бар заттарды сақтау үй-жайларында от жағуға рұқсат етiлмейдi.
49. Оттегi және жанғыш газдар бар баллондарды жанғыш заттармен бiрге сақтауға, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық бөлмелер мен дәрiхана қоймаларында сақтауға болмайды.
50. Оттегi мен жанғыш газдары бар баллондар жылу көздерiнен қорғалып, оқшауландырылған үй-жайларда немесе жабық қалқаларда сақталуы қажет, оларға май мен басқа да майлы заттар түспеуге тиiс.
51. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiне байланысты мынадай топтарға бөлiнедi:
1) резеңке бұйымдары;
2) пластмассадан жасалған бұйымдар;
3) таңу, тiгу және қосалқы құралдары;
4) көзге салынатын және оны түзейтiн линзалар;
5) медициналық аспаптар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура.
52. Сақтау үй-жайларында резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшiн мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) кебуден, өзгеруден және түрiн өзгертуден сақтау үшiн ауаның салыстырмалы ылғалдылығын кемiнде 65 пайызда ұстау;
2) мынадай химиялық заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдiң, лизолдың, формалиннiң, қышқылдардың, органикалық ерiтiндiлердiң, майлайтын майлардың, сiлтiлердiң, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннiң әсерiнен оқшаулау;
3) жарықтан, әсiресе тiкелей күн сәулесiнен қорғау;
4) ауаның жоғары (+20оС-дан астам) және төмен (0оС-ден төмен) температурасынан қорғау;
5) ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан) қорғау;
6) механикалық бүлiнуден (оның iшiнде жаншылудан, иiлуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғау қажет.
53. Резеңке бұйымдардың жекелеген түрлерiн сақтау мынадай ерекшелiктердi есепке ала отырып жүзеге асырылады:
1) медициналық техниканың жинағына кiретiн, алынатын резеңке бөлiктерi медициналық техника қаптамасының тұтастығы бұзылмай басқа бөлшектерден оларды бөлек алу мүмкiн болған кезде басқа материалдан жасалған бөлiктерден бөлек сақталады;
2) атмосфералық факторларды ерекше сезiнгiш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигiштер, резеңке бинттер, резеңке тығындар) бөлек үй-жайларда тығыз жабылған қораптарда сақтайды.
3) резеңкеленген матаны (бiр жақты және екi жақты) арнаулы тұғырларға iлiнген рулондарда көлбеу күйде сақтайды. Резеңкеленген матаны сөрелерде, паллетi бар сөрелерде бес қатардан асырмай жатқызылған күйде сақтауға болады;
4) созылғыш лак бұйымдарын (катетерлердi, буждарды, сүңгiлердi) резеңкеге қарағанда құрғақ үй-жайда сақтайды. Ескiру белгiсi үстiңгi қабатының жұмсаруы және желiмiнiң ашылуы болып табылады. Мұндай бұйымдар жарамсыз деп танылады.
54. Көтерме қоймалардың сақтау үй-жайларында зауыт қаптамасындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады.
55. Пластмасса бұйымдарын ашық от жанбайтын, ұшатын заттардың булары жоқ, желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайларда, жылыту жүйесiнен бiр метрден кем емес қашықтықта сақталады. Электр құралдары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) болып дайындалады. Целлофан, целлулоидтық, аминопласт бұйымдары сақталатын үй-жайларда ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65 пайыздан аспауы тиiс.
56. Көзге салынатын және оны түзейтiн линзаларды сақтау қаптамадағы, медициналық пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтағы сапа мен қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатта көрсетiлген жағдайда тұтыну қаптамасында жүзеге асырылады.
57. Таңу құралдарын құрғақ, желдетiлетiн үй-жайда тазалықты сақтай отырып шкафтарда, жәшiктерде, сөрелерде, паллеттерi бар сөрелерде және тұғырларда сақтайды.
Стерильденген таңу материалдары (бинттер, дәке салфеткалар, мақта) зауыттық ыдыста бүлiнбеген алғашқы қаптамада сақталады.
Стерильденбеген таңу материалдары қапталған тығыз қағазға немесе теңдерге (қаптарға) салып, сөрелерде немесе тұғырларда сақталады.
58. Медициналық аспаптар мен металл бұйымдарын жылытылатын құрғақ үй-жайларда бөлме температурасында сақтау керек. Сақтау үй-жайларындағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күрт ауытқымауы қажет. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60 пайыздан аспауға тиiс. Ылғалдылығы жоғары климатты аймақтарда сақтау үй-жайындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 пайызға дейiн болуына рұқсат етiледi.
Медициналық аспаптар атаулары бойынша жәшiктерде, шкафтарда, қақпақтары бар қораптарда оларда сақталған құралдардың атаулары көрсетiле отырып сақталады.
Мыс, жез, нейзельбер және қалайыдан жасалғандарды қоспағанда коррозияға қарсы майлаусыз алынған медициналық аспаптар мен металл бұйымдарын вазелиннiң жұқа қабатымен немесе өзге жағу материалымен майлайды. Майланған аспаптар жұқа парафин қағазына оралып сақталады.
Медициналық аспаптарда оларды қарау, сүрту, майлау және тазалау кезiнде коррозияның пайда болуына жол бермеу үшiн оларды қорғалмаған және дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Барлық жұмысты құралды дәке салфеткамен, пинцетпен ұстап жүргiзу қажет.
Кесетiн құралдарды (скальпельдер, пышақтар) тотығу мен өтпей қалуды болдырмау үшiн жәшiктердiң немесе пеналдардың арнаулы ұяларына салып сақтайды.
Қаптамасыз сақталатын аспаптар механикалық бүлiнуден қорғалуы керек, ал өткiр кесетiн детальдар қағазға оралып iргелес заттардың жанасуынан қорғалуға тиiс.
Металл бұйымдарын суық жерден жылы жерге ауыстырғанда оларды сақтау үшiн өңдеудi (сүрту, майлау) және орналастыруды аспаптар «кепкеннен» кейiн жүргiзу қажет.
Боялған металл бұйымдарында тот басу пайда болған жағдайда олар алынып тасталады, ал бұйым қайта боялады.
Күмiс және нейзильберлi аспаптардың үстiңгi жағы қарайған жағдайда резеңкемен, күкiртпен және күкiртi бар қоспалармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
Металл медициналық аспаптарды жаппай, сондай-ақ резеңке бұйымдары олардың ажырамас бөлiгi болып табылатын жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттармен және резеңке бұйымдармен бiрге сақтауға болмайды.
59. Дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған қосалқы материал зауыттық қаптамада құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда, жеке шкафтарда сақталады. Зауыттық қаптама ашылғаннан кейiн қосалқы материалдардың бөлшектелген немесе қалған мөлшерi полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе крафт-қағаз қаптарда сақталады.
3. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы тасымалдау тәртiбi
60. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау тәртiбi дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тұтынушы алғанға дейiнгi барлық уақыт аралығында қасиеттерiнiң, сапасының, тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда тасымалданады.
61. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн тасымалдау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) оларды сәйкестендiру және қауiпсiздiгiн бағалау мүмкiндiгiн жоғалтпауы;
2) басқа дәрiлiк заттармен (дозалармен) контаминацияланбауы және өздерi де контаминацияланбауы;
3) сыртқы орта факторларының әсер етуiнен (температура, жарық, ылғалдылық) және басқа жағымсыз әсерлерден қорғалуы қажет.
62. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тұтыну қаптамасында топтық ыдысқа (қалың қағаздан жасалған қорапқа немесе топтамаға) салынып, кейiн көлiктiк қаптамаға (жәшiкке, қорапқа, орама қағазға) қаптамаланады.
Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника нормативтiк құжаттың талаптарына сәйкес көлiктiк қаптамада тасымалданады.
Көлiктiк қаптама қапталған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан, күн сәулесi түсуден, механикалық зақымданудан қорғауды қамтамасыз етедi.
Көлiктiк және тұтыну қаптамалары мен оны тығындау құралдарының барлық түрлерi дәрiлiк заттың қасиеттерiне, мақсаты мен мөлшерiне, сондай-ақ қаптама материалының тасымалдамайтын өнiммен үйлесiмдiлiгiне байланысты таңдалады.
63. Жоғары температураның әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тоңазытатын элементi бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көлiкте тасымалдайды.
64. Өнеркәсiп өнiмiн бөлшектеп өлшеу кезiнде полимер пленкаларына немесе қағазға бiрiншi қаптамаға қаптамаланған алдын-ала топтарға жиналады, олар ылғал алмасудан, бу алмасудан немесе атмосферадағы газ алмасуынан қорғалған екiншi қаптамаға орналастырылады.
65. Ұшпа, иiстi, улы дәрiлiк заттарды бiр көлiк қаптамасына бiр атаудан асырмай салу керек.
66. Аэрозольдi қаптамалар тасымалдау кезiнде соғылудан және механикалық зақымданудан қорғалады.
Дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың
қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау
қағидаларына
1-қосымша
Құрамында ұшып кететiн заттар бар дәрiлiк заттарды сақтау
р/с
№
|
Дәрiлiк заттардың атауы
|
Сақтаудың қосымша шарттары
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Аммиак ерiтiндiсi
|
салқын жерде
|
2.
|
Бромкамфора
|
қараңғы жерде
|
3.
|
Йод
|
қараңғы, салқын жерде
|
4.
|
Йодоформ
|
қараңғы, салқын жерде
|
5.
|
Камфора
|
салқын жерде
|
6.
|
Ментол
|
қараңғы жерде
|
7.
|
Метилсалицилат
|
қараңғы жерде
|
8.
|
Металл сынап
|
салқын жерде
|
9.
|
Тимол
|
қараңғы жерде
|
10.
|
Формалин
|
қараңғы жерде, +9оС-ден төмен емес
|
11.
|
Хлоралгидрат
|
қараңғы, салқын жерде
|
12.
|
Эфир майлары
|
+15оС-ден жоғары емес
|
Дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың
қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау
қағидаларына
2-қосымша
Құрамында кристалдандырылған суы (кристаллогидраттары)
бар дәрiлiк заттарды сақтау
р/с
№
|
Дәрiлiк заттардың атауы
|
Сақтаудың қосымша шарттары
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Акрихин ұнтағы
|
қараңғы жерде, жақсы тығындалған ыдыста
|
2.
|
Анальгин ұнтағы, таблеткалар
|
қараңғы жерде
|
3.
|
Апоморфин гидрохлоридi ұнтағы
|
қараңғы жерде
|
4.
|
Бензилпенициллиннiң новокаиндi тұзы
|
құрғақ жерде, +180С-ден аспайтын
|
5.
|
Викасол ұнтағы, таблеткалар
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
6.
|
Глюкоза ұнтағы, таблеткалар
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
7.
|
Темiрдiң тотыққан сульфаты
|
жарық жерде
|
8.
|
Темiрдiң тотыққан лактаты
|
қараңғы жерде
|
9.
|
Кальцекс таблеткалары
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
10.
|
Кальций глицерофосфаты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
11.
|
Кальций глюконат ұнтағы, таблеткалар
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
12.
|
Кальций лактаты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
13.
|
Ашудастың барлық түрлерi
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
14.
|
Кодеин фосфаты
|
қараңғы жерде
|
15.
|
Кодеин
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
16.
|
Котарнин хлоридi (Стиптицин) ұнтағы
|
қараңғы жерде
|
17.
|
Кофеин ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
18.
|
Магний сульфаты ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
19.
|
Мыс сульфаты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
20.
|
Меркаптопурин (Лейкерин)
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
21.
|
Метилендi көк
|
қараңғы жерде
|
22.
|
Натрий арсенаты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
23.
|
Натрий гидроцитраты ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
24.
|
Натрий пара-амино-салицилаты (ПАСК-натрий) ұнтағы, таблеткалар
|
қараңғы жерде
|
25.
|
Натрий сульфаты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
26.
|
Натрий тиосульфаты ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
27.
|
Натрий тетрабораты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
28.
|
Натрий фосфаты
|
салқын жерде
|
29.
|
Натрий цитраты
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
30.
|
Норсульфазол-натрий
|
салқын жерде
|
31.
|
Рутин ұнтағы
|
қараңғы жерде
|
32.
|
Қорғасын ацетаты ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
33.
|
Скополамин гидробромидi ұнтағы
|
қараңғы жерде
|
34.
|
Сульгин ұнтағы, таблеткалар
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
35.
|
Сульфацил-натрий (Альбуцид-натрий) ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
36.
|
Теофиллин ұнтағы
|
қараңғы жерде
|
37.
|
Тиамин бромидi, хлоридi ұнтағы
|
қараңғы жерде, металлдармен жанаспайтын
|
38.
|
Терпингидрат ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
39.
|
Уросульфан ұнтағы, таблеткалар
|
құрғақ жерде
|
40.
|
Фтивазид ұнтағы, таблеткалар
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
41.
|
Хинин сульфаты ұнтағы, таблеткалар
|
қараңғы жерде
|
42.
|
Мырыш сульфаты ұнтағы
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
43.
|
Этилморфин гидрохлоридi
|
қараңғы жерде
|
44.
|
Эмитин гидрохлоридi
|
қараңғы жерде
|
Дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың
қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау
қағидаларына
3-қосымша
Иiсi бар дәрiлiк заттарды сақтау
р/с
№
|
Дәрiлiк заттардың атауы
|
Сақтаудың қосымша шарттары
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Аммиак ерiтiндiсi
|
салқын жерде
|
2.
|
Валидол
|
салқын жерде
|
3.
|
Деготь
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
4.
|
Ихтиол
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
5.
|
Йодоформ
|
қараңғы, салқын жерде
|
6.
|
Камфора
|
салқын жерде
|
7.
|
Ксероформ
|
жарық пен ылғалдың әсерiнен сақтайтын ыдыста
|
8.
|
Метилсалицилат
|
қараңғы жерде
|
9.
|
Ментол
|
салқын жерде
|
10.
|
Мүсәтiрлi-анистi тамшылар
|
қараңғы, салқын жерде
|
11.
|
«АСД» препараты
|
салқын жерде
|
12.
|
Скипидар
|
қараңғы жерде, +15оС-ден жоғары емес
|
13.
|
Тимол
|
қараңғы, салқын жерде
|
14.
|
Фенол
|
қараңғы, салқын жерде
|
15.
|
Формалин
|
қараңғы жерде, +9оС-ден кем емес
|
16.
|
Эфир майлары
|
қараңғы, салқын жерде, +15оС-ден жоғары емес
|
Дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың
қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау
қағидаларына
4-қосымша
Бояйтын дәрiлiк заттарды сақтау
р/с
№
|
Дәрiлiк заттардың атауы
|
Сақтаудың қосымша шарттары
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Акрихин
|
құрғақ, қараңғы жерде
|
2.
|
ГауҺар көгi
|
оттан алыс жерде
|
3.
|
Индигокармин инъекцияға арналған
|
жақсы тығындалған ыдыста
|
4.
|
Калий перманганаты
|
құрғақ жерде
|
5.
|
Метилендi көк
|
құрғақ, қараңғы жерде
|
6.
|
Рибофлавин (Витамин В2)
|
құрғақ, қараңғы жерде
|
7.
|
Фурацилин (Нитрофурол)
|
құрғақ, қараңғы жерде
|
8.
|
«Фукорцин» ерiтiндiсi
|
салқын, қараңғы жерде
|
9.
|
Фуксин
|
қараңғы жерде
|
10.
|
Этакридин лактаты
|
құрғақ, қараңғы жерде
|
Дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың
қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақтау мен тасымалдау
қағидаларына
5-қосымша
Нысаны
Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын
есепке алу журналы
Күнi
|
Уақыты
|
Температураны өлшеу аспабының (термометр)
көрсеткiшi
|
Ылғалдылықты өлшеу аспабының (психрометр, гигрометр) көрсеткiшi
|
Қолы
|
Құрғақ аспаптың көрсеткiшi
|
Ылғалданған аспаптың көрсеткiшi
|
Салыстырмалы ылғалдылық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |