«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#174793
  1   2
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 8 қазандағы

1262 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Алматы қаласы, Мәметова көшесі, 3, мекенжайы бойынша, интернет-ресурс мекенжайы: farmco@dari.kz; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, тел. 8(727 2) 73-16-72, мекенжайы бойынша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы баламасыз негізде көрсетеді.

Шалғай елді мекендердің тұрғындарын мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті ұтқыр орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-бабына, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсанындағы Заңына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11-қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық РМК): www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

3) сараптау ұйымының www.dari.kz  мекенжайы бойынша интернет-ресурсында;

4) ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтарда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі оның ағымында бекітілген жарнамалық өнімнің (модуль, мақала, бейне,-аудио жазба) қосымшасы бар Қазақстан Республикасы аумағында жарнамалау рұқсат етілетін мерзімі көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға қағаз тасымалдауыштағы рұқсаты не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде күнтізбелік 30 күн;

2) мемлекеттік қызметті алушыға сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең ұзақ кезек күту уақыты - жиырма минут;

3) мемлекеттік қызметті алушыға сол жерде көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ кезек күту уақыты - жиырма минут.

Бұл ретте, уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.



Жарнамалық материалдарға сараптама жүргізуге төлем, шарт негізінде жүзеге асырылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліс, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мереке туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына сәйкес мереке күндері.



Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндері «Қазақстан Республикасындағы мереке туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына сәйкес мереке күндерін қоспағанда күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіге дейін қосқанда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз ұсынылады.

Қабылдау жеделдетілген қызметсіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Орталықтарда үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған орындар, күту және құжат толтыру орындары бар, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар көзделген.



Аталған орындар қажетті құжаттар тізімі көрсетілген стенділермен және оларды толтыру үлгілерімен, нормативтік құқықтық актілерден алынған үзінділермен (көшірмелерімен) жарақтандырылған.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе (сенімхат бойынша) өкіл орталыққа мынадай құжаттарды:



1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес жарнамаға рұқсат алуға арналған өтінішті;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдауыштағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;

3) жарнаманы теледидар арналары мен радиоға орналастыру кезіндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-аудиожазбадағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;

4) мемлекеттік тіркеу кезінде бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі мен түпнұсқасын, пайдалану құжатының көшірмесі мен түпнұсқасын;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті берген тіркеу куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасын;

6) жарнамалық материалдарға сараптама жүргізуге арналған төлемді растау құжаты (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариаттық расталғандар) ұсынады.

12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы бағандарда, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz. орналастырылады.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттар саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орыны;

5) құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді қолхат негізінде ондағы көрсетілген күні «терезе» арқылы күнделікті орталық қызметкері жүзеге асырады.



Егер мемлекеттік қызметті алушы уақытында келмеген болса, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.

16. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру мемлекеттік қызметін ұсынудан бас тартуға:



1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар;

2) ұсынылған құжаттардың денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарына сәйкессіздігі;

3) сараптау ұйымының теріс қорытындысы;

4) ұсынылған құжаттардың бұрмаланғандығы белгіленген жағдай негіз болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді уәкілетті органның қызметкері оларды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Бұдан әрі уәкілетті органның аталған негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.

Бас тарту кезінде уәкілетті орган дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде одан әрі мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін орталыққа жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттары көрсетілген қолхат береді.

Егер уәкілетті орган осы стандартпен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға орталық арқылы рұқсат беру құжатын бермеген кезде немесе уәжделген бас тартуды ұсынбаса оларды берудің мерзімі аяқталған күннен бастап рұқсат беру құжаты берілді деп есептеледі.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның, сараптау ұйымдарының, орталықтардың тұлғаларының мемлекеттік қызметті ұсыну кезіндегі жауапкершілігі:



1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;

2) заңдылықты сақтауға;

3) көрсетілетін қызмет жөніндегі толық ақпаратты ұсынуға;

4) сыпайылыққа;

5) мемлекеттік қызметті алушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

6) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы қағидаттарына негізделген.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Департаменттің және орталықтың жауапты тұлғасы уәкілетті қызметкерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат ұсынады және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларға шағым дайындауға көмек көрсетеді.



Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефон бойынша алуға болады.

21. Уәкілетті орган қызметкерлері әдепсіз қызмет көрсеткен жағдайда осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген департаменттің жұмыс кестесіне сәйкес Алматы қаласы, Мәметова көшесі, 3, мекенжайы бойынша интернет-ресурс мекенжайы: farmco@dari.kz департамент директорының атына беріледі.

22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Министрліктің жұмыс кестесіне сәйкес Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, № 5 кіреберіс, мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі, интернет-ресурсының мекенжайы: www.mz.gov.kz.

Министрліктің күнделікті жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы белгіленген заңнамалық тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым беру үшін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметпен келіспейтін себебін, дұрыс қызмет көрсетілмеуін көрсете отырып еркін түрде жазылған өтінішті ұсынады.

25.Қабылданған шағым мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын тіркеу журналына тіркеледі. Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттың қабылданған күні мен уақыты, жауапты алу мерзімі мен орны, шағымның қаралуы туралы ақпаратты алуға болатын лауазымдық тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.



Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңымен көзделген мерзімде қарастырылады

Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде немесе электрондық пошта арқылы, не қолма қол беріледі.

Қолма қол келіп түскен немесе пошта арқылы келген шағымның қабылданғанын растау оны департаменттің, комитеттің, орталықтың кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) тіркеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаушы тұлғаның оның шағымын қабылданғаны туралы растауға шағымды қабылдаған нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. «Орталық» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А- үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.  

 

«Дәрілік заттарды, медициналық



мақсаттағы бұйымдар мен

медициналық техниканы

жарнамалауға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа
қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары

 


Р/с



Орталықтардың атауы (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Әуезов көшесі 189 а

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

1.1

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 12 үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21

1.2

Карсный яр ауылындағы аудандық бөлім

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 15 үй

8 (7162) 40-43-27

1.3

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл ауылы, Нұрмағанбетов көшесі, 102 үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

1.4

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Мәметова көшесі, 19 үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

1.7

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар ауылы, Уәлиханов көшесі, 11 үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

1.8

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі 42 үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

1.9

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауылы, Макинка қаласы, Сейфуллин көшесі, 18 үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

1.10

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауаны, Шучье қаласы, Абылайхан даңғылы, 28 үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

8 (71636) 4-59-28

1.11

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс даңғылы, 7 үй

8 (71642) 2-12-57

1.12

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15 үй

8 (71633) 2-44-92

1.13

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2 а үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

1.14

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс даңғылы, 56 үй

8 (71647) 2-22-07

1.15

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104 үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

1.16

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8 үй

8 (71635) 2-17-10

1.17

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52 үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43

1.18

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44 а үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637) 2-20-36

1.19

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 4 шағын аудан, 7 үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

1.20

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан даңғылы, 119 үй

8 (71640) 9-26-66

1.21

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

1.22

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Безымянный қиылысы, 1 үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 үй

8 (7132) 56-57-87

1.1

1 Ақтөбе қалалық бөлімі

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 үй

8 (7132) 57-80-27

1.2

Қарғалы ауылы (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10 үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

1.3

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23 үй

8 (71337) 3-20-79

8 (71337) 3-10-96

1.4

Мартук аудандық бөлімі

Мартук ауданы, Мартук ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»

8 (71331) 22-4-13

8 (71331) 22-1-14

1.5

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12 үй

8 (71336) 26-6-33

8 (71336) 26-6-34

1.6

Мұғалжар аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный шағын ауданы, 47»Б»

8 (71333) 30-2-19

8 (71333) 30-2-18

1.7

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10

8 (71334) 23-9-83

1.8

Темір аудандық № 8 бөлім

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15»А»

8 (71346) 23-5-83

8 (71334) 23-9-87

1.9

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Нұрымжанов қиылысы, 2

8 (71341) 22-1-47

8 (71341) 22-1-38

1.10

Бадамша ауылының қарғал аудандық бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27

8 (71342) 23-4-64

8 (71342) 23-4-62

1.11

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64

8 (71332) 21-1-81

8 (71332) 21-1-82

1.12

12 Әйтеке би аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10

8 (71339) 22-3-73

8 (71339) 22-3-74

1.13

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»

8 (71345) 23-5-86

8 (71345) 23-5-87

1.14

Ырғыз аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауданы, Жангелдин көшесі, 7

8 (71343) 21-8-28

1.15

Шалқар аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Әйтеке би көшесі, 63

8 (71335) 23-6-10

8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8 (7282) 24-15-06

8 (7282) 24-41-33

1.1

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20

8 (72832) 2-14-51

1.1.1

Қапал бөлімі

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3

8 (72841) 2-17-60

1.2

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал ауылы, 8 наурыз көшесі, 63

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48

1.2.1

Қабанбай бөлімі

Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі, 237

8 (72837) 4-13-85

1.3

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А»

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20

1.4

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А

8 (72775) 4-54-70

8 (72775) 4-54-69

1.4.1

Шелек бөлімі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97

1.5

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 52 п.

8 (72836) 3-22-16

1.6

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі, 1

8 (72770) 2-30-90

1.7

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 25

8 (727) 251-74-46

8 (727) 251-74-47

1.7.1

Боралдай бөлімі

Боралдай ауылы, Вокзальная көшесі, 6 «А»

8 (72738) 7-82-42

1.7.2

Қараой бөлімі

Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9

8 (7275) 24-88-10

1.7.3

Ақшы бөлімі

Ақшы ауылы, Қонаев көшесі, 29

 

1.8

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96

1.8.1

Тау самалы бөлімі

Тау самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129

8 (727) 391-38-58

1.8.2

Шамалған бөлімі

Шамалған ст, Қонаев көшесі, 1 «В»

8 (7272) 93-66-33

1.9

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан даңғылы 22

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92

1.10

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж

8 (72840) 3-25-88

1.10.1

Қоғалы бөлімі

Қоғалы кенті, Желтоқсан, 45

8 (72842) 9-10-59

1.11

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10

8 (72838) 2-16-19

8 (72838) 2-16-18

1.12

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41

8 (72772) 4-79-61

8 (72772) 4-79-60

1.12.1

Шеңгелді бөлімі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34

8 (72772) 7-11-94

1.13

Сарқант аудандық бөлімі

Сарқант қаласы. Жамбыл көшесі, н/ж

8 (72839) 2-35-80

8 (72839) 2-37-14


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет