Қорыта келе, кемеліне келген әдеби тілдің барлық болмыс-бітімін көркем әдеби стиль көрсете алмайды, ал тұтас әдеби тілдің атқаратын функциясын өркениетті заманда тек қана көркем әдеби стильдің атқара алмайтыны өз-өзінен түсінікті. Диалектика заңына сай ауызша әдеби тілді біртіңдеп жазба әдеби тіл ығыстырады. Жазба әдеби тілдің түрлі жанрлық сипаты (ресми үлгілер) болады, ол түрлі функционалдық стильдік тармақтарының қызметі арқылы қолданысқа түседі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдеби тіл туралы консепцияларға тоқталыңыз.
Қазақ тілінің тарихы арналарын айқындап беріңіз.
Әдеби тілге қатысты қалыптасқан қағидаларды айтыңыз.
Әдебиеттер:
Балақаев М. Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары / Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. - 211 с.
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы,2014.
Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |