Республики казахстан



Дата30.06.2016
өлшемі287.89 Kb.
#168599
түріСамостоятельная работа


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ

имени ШАКАРИМА г. СЕМЕЙ



Документ СМК 3 уровня

УМКД

УМКД 042-18-10.1.35/03-2014



УМКД

Учебно-методические материалы по дисциплине «Профессиональный казахский язык»


Редакция № 1

от 18.09.2014 г.



УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС ДИСЦИПЛИНЫ
«Профессиональный казахский язык»

для специальности 5В072000 – «Химическая технология неорганических веществ»


УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ


2014

Содержание


1

Глоссарий

3

2

Практические занятия

8

3

Самостоятельная работа обучающегося

80


1 ГЛОССАРИЙ
2 Практические занятия
МИКРОМОДУЛЬ 1 «Кәсіби қазақ тілінің негіздері»
Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары. Кәсіби мәтін № 1

Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.

Сабақтың мазмұны. Тіл және оның мақсат-міндеттері. Тіл, әдеби тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы, стиль. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Казахский язык - национальный язык казахского народа, коренного населения Республики Казахстан, а также проживающего за ее пределами (Россия, Узбекистан, Китай, Монголия и др.). Является государственным языком Республики Казахстан.

Входит в кыпчакскую группу (северо-восточный ареал) тюркских языков (татарский, башкирский, карачаево-балкарский, кумыкский, караимский, крымско-татарский каракалпакский, ногайский) и наиболее близок к ногайскому и каракалпакскому языкам. Как известно, кыпчакский ареал охватывает собственно Казахстан, часть Восточной Европы - Северный Крым, низовья Волги, Северный кавказ, часть Хорезма, Каракалпакию, и часть Узбекистана.

Казахская письменность претерпела ряд изменений, так, до 1929 года в ее основе лежала арабская графика, с 1929 года по 1940 год латинская графика, а с 1940 года по настоящее время - русская графика (кириллица).

В казахском языке ударение большей частью падает на последний слог. Cогласные звуки в слогах с твердыми гласными произносятся твердо (кал[ъ]); с мягкими гласными произносятся мягко: (кел[ь]). При обозначении принадлежности предмета употребляются не только притяжательные местоимения, но и особые притяжательные окончания.

Еще одна особенность казахского языка состоит в отсутствии предлогов. Значение русских предлогов большей частью передается посредством послеслогов, а также в форме косвенных падежей. Если перед существительным стоит числительное, то окончание множественного числа в существительном не употребляется. Числительные и прилагательные в функции определения перед существительными не изменяются ни в числе, ни в падеже.

Категория рода в казахском языке отсутствует. Поэтому одно и то же прилагательное, местоимение, или порядковое числительное, в зависимости от смысла предложения, может переводиться на русский язык в мужском, женском или среднем роде. Именные части речи, в отличие от русского языка, изменяются по лицам.

Употребление личных местоимений (мен, сен, сіз, ол) перед спрягаемыми частями речи не обязательно, поскольку в личных аффиксах содержится указание на соответствующее лицо. В казахском языке в отличие от русского вопрос кім? (кто?) ставится к существительным, обозначающим человека, а ко всем остальным существительным, в том числе и к одушевленным. ставится вопрос не? (что?). Имя прилагательное, субстантивируясь, спрягается по лицам, принимает аффиксы принадлежности и склоняется.

Причастие, стоя перед определяемым существительным, не изменяется ни по падежам, ни по числам в отличие от русского языка, где причастие согласуется с определяемым словом в роде, числе, падеже. Имена числительные (количественные, порядковые), употребляясь в предложении в функции определения, не изменяются в числе и в падеже.

Казахский алфавит

Казахский кириллический алфавит - алфавит, используемый в Казахстане и Монголии. Этот алфавит, разработанный С. А. Аманжоловым и принятый в 1940 году, содержит 42 буквы: 33 буквы русского алфавита и 9 специфических букв казахского языка. Вначале казахские буквы размещались после букв русского алфавита, затем были перенесены на места после русских букв, сходных по звучанию.



Лексика туралы жалпы түсінік.
Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.

Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы - сөз туралы ілім деген ұғымды береді.

Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.

Сонымен, лексикология дегеніміз - тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі - сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары - морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.

Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.

Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі - лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.

Сөз дегеніміз - басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны яемесе солардың сындық, сандық силатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл және оның мақсат-міндеттері.

  2. Тіл, түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы.


Қолданылған әдебиет:

1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.

4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.

5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.


Практикалық сабақ № 2

Тақырыбы Кәсіби қазақ тілінің негіздері. Кәсіби мәтін № 2

Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.

Сабақтың мазмұны. Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл теориясы.

  2. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы.


Қолданылған әдебиет:

1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.

4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.

5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.



Практикалық сабақ № 3

Тақырыбы Семасиология туралы түсінік. Кәсіби мәтін № 3

Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.

Сабақтың мазмұны. Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logos сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.

Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.

Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:



  • Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

  • Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады.

  1. Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

  2. Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі - онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың 3-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат - Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:

  1. Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;

  2. Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;

  3. Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган.

20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.

Тапсырма: мәтінді аудару

«В ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ ОРГАНИЧЕСКИХ ВЕЩЕСТВ можно различить след. главнейшие группы производств: а) горючие вещества (дерево и древесный уголь, торф, каменный уголь и кокс, нефть и пр.); эксплуатация и переработка их для целей отопления и освещения и утилизация получаемых при этом побочных продуктов; b) производство органических красящих веществ: α) естественных и β) искусственных; с) волокнистые вещества: α) беление, крашение и печатание волокон, пряжи и тканей и β) производство бумаги; d) углеводы: мука и хлеб, крахмал, сахар и производства, основанные на брожении: винокурение, пивоварение и виноделие; е) жиры и масла: получение их и переработка на мыло, стеарин и глицерин; f) обработка кожи, костей и др. животных продуктов; i) молочные продукты, мясные и др. консервы; k) эфирные масла и смолы.



Место работы:

Выпускники специальности успешно работают на предприятиях нефтяной, газовой и нефтехимической промышленности, в научно-исследовательских институтах и лабораториях, в проектных организациях.»


Бақылау сұрақтары:

  1. Семасиология түсінігі, пәні, мазмұны.

  2. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы.


Қолданылған әдебиет:

1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.

2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.

3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.

4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.

5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.


Практикалық сабақ № 4

Тақырыбы Кәсіби тілдің стиль нормалары. Кәсіби мәтін №4

Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.

Сабақтың мазмұны. Кәсіби сөздер туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы алатын рөлі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Стиль нормалары туралы түсінік

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.

Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.

Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:

-                    кәсіби лексика;

-                    ресми лексика;

-                    кітаби лексика;

-                    сөз сөйлеу лексикасы;

-                    жалпылама лексика;

-                    архаизмдер мен тарихизмдер;

-                    неологизмдер;

-                    бейнелігіш сөздер;

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.

Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.



    • Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады.

    • Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

1.Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

2.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: паямақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.

3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше,торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

  Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

  Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

  1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжатт.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.



Мақал-мәтелдер

  1. Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2. Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.

3. Су-тіршілік көзі.

4. Судың да сұрауы бар.

5. Ғылым-теңіз, білім- қайық.

6. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

7. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.

8. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.

Мәтінмен жұмыс істеу

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

 

Резюме В статье рассматриваются методы обучения казахского языка в медицинских заведениях.

 

Түйін Қазақ тілін оқыту бағдарламасы ЖОО-да мемлекеттік тілді заман сұранысы мен тапсырысқа сай, білім сапасын көтеріп, студенттердің кәсіптік бағдарлы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны қолдана оқытуға негізделеді.
Abstrakct The article deals with methods of teaching the Kazakh language in medical institutions.

 

Қоғам дамуының қазіргі кезінде жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін жетілдіруде, болашақ мамандардың ізденімпаздығын қалыптастыруда,шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіруде, рухани дүниесін дамытуда кәсіби лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқытудың маңызы ерекше.



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа санамен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті – жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау, икемділікпен білімділік болуға тиісті»,- деп атап көрсетілгендей тек білікті маманғана қоғамды дамытады, экономиканы өркендетеді. Маманның біліктілігіме нкәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды дұрыс ұйымдастыра білумен байланысты.

Кәсіби лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқыту үшін бүгінгі таңдғы мамандыққа қатысты оқытуға  арналған әдістемелік зерттеулермен еңбекерге талдау жасау қажет.

Н.Оралбаева, Ә.Аблақов кәсіптік-техникалық училище оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқу құралдарында мәтіндерден мамандыққа қатысты терминдермен сөздерді табуға, ол сөздерден сөйлем құрауға, мазмұндама жазғызуға көңіл бөлген. «Қазақ тілі сабағында ешқашанда естен шығаруға болмайтын негізгі мақсат – жастарды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтайын деген ойды дәл жеткізуге баулу, анна тілінің шексіз мол мүмкіндіктерімен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, әдемі әрі әуенді, үйлесімді әрі ұйқасымды сөйлеудің, жазудың үлкен өнерекенін көңіліне ұялату, ұғындыру» [1, 3].

Қазіргі кезде жаңа инновациялық технологиялармен білім берудің негізгі мақсаты – қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта соңғы жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқыту технологияларының жаңа үлгілері, заман талабына сай әдістемелік амал-тәсілдердің көптеп қолданылып жүргенін білеміз. Сондықтанда жоғары оқу орындарында, яғни біздің арқау етіп отырған медициналық оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқыту барысында студенттерді болашақ өз мамандықтарына сай, яғни болашақ дәрігерді қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жүйелілікпен сабақтастық, бірізділікді қалыптастырудың маңызы ерекше деуге болады. Әрине, мамандыққа қатысты тілді меңгеру арнайы алынған бір мәтінді оқыту және аударту мен ғана шектеліп қалмай, мәтіндегі тақырыптық сәйкестіктің алынып отырған мамандыққа сай мазмұн түсініктілігін қалыптастырып, мәтінге лексикалық және грамматикалық материалдардың сәйкестілігін басшылыққа алу керек.

Кәсіби тілді меңгертуде сөзтіркестерімен оңтайландырып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен, кәсіби терминдермен, сөздіктер мен жұмыс түрлері жүргізіледі. Мамандықтарына байланысты шағын мәтіндер, сұхбаттар құрастыруға болады.

Әр тақырыпқа сай сөздік және лексикалық минимум, сұрақтар беріледі.  Әр сабақтан соң мазмұнына сай сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, қорытындылау мақсатында түрлі рөлді койындар мен дағдаяттық тапсырмалар беріледі.

Жалпы қазақ тілін сөйлесім әрекеттері арқылы оқыту мәселесі профессор Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінен бастау алады. Ғалымең бегінде: «Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. «Сөйлесім» осы шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз» дейкеліп, «Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, тілді, сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайды, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол – табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіреді, дамытады, соның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады.

Хабардың қай түрі болса да шындыққа құр алу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу (информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу) қатысымдық құбылыстың мәнін ашады, адамдар арасындғы әлеуметтік көпір бола алады»,- деп ой қорытадыда, сөйлесім әрекетінің бес түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) көрсетеді [2, 52].

Студенттер мәтін мен әртүрлі жұмыстар істегенде (мәтінді оқу, мәтінге ат қою, мәтін бойынша сұрақтар дайындау, диалог құрастыру т.б.) байланыстырып сөйлей білуге үйренеді. Мәтін – қашанда тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мәтінде тілдік тұлғалардың бәрі орыналады. Сондықтан, мәтін арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын меңгертуде.

Қазақ тілін оқыту бағдарламасы ЖОО-да мемлекеттік тілді заман сұранысымен тапсырысқа сай, білім сапасын көтеріп, студенттердің кәсіптік бағдарлыдағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны қолдана оқытуға негізделеді. Медицина мамандығын меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста  қатысымдық тұрғыдан жаңа жаңа технология арқылы іске асырудың амал-тәсілдерін іздестіру. Мамандыққа байланысты мәтіндерді оқытқан кезде тілдік қатынастың барлық түрлері қолданылады. Студенттердің мәтінді талдау әрекетімен бірге әңгімелесу арқылы сөйлеу әрекетіне, сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мазмұндама жазғызу арқылы жазу әрекетіне үйрету көзделеді.

Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады. Мысал, «Фармацевтика» факультетінің студенттеріне төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1-тапсырма. «Дәрі және оның түрлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді есте сақтаңыздар.

Сақтандыру, шипалы, жөтелді басатын, қызуды төмендететін, ауруды басатын, жансыздандыратын, терлететін, химиялық өнім



2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып,  түсінгеніңзді айтыңыздар.

Дәрі және оның түрлері

Дәрілер – ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылатын шипалы заттар. Дәрі адам баласына өте ертеден белгілі. Біздің жаңа жыл санауымыздан IV-V ғ. бұрын грек дәрігері Гиппократ, Рим дәрігері Галеннің еңбектерінде дәрілер туралы жазылған. Галеннің пікірінше табиғата дайын тұрған дәрі жоқ, бірақ өсімдік пен жануар ағзасында сол дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Атақты азиялық ғалым дәрігер – Ибн Синаның ғылым еңбектерінде де дәрі мәселесіне зор мән берілген.

Фармакология ғылымы ХІХ ғасырдың ортасында дамыды. Осыған байланысты кокаин, ұйықтататын, жансыздандыратын тағы басқа дәрілер шығарыла бастады. Дәрілер жасалуына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.

а) химиялық синтез өнімінен;

ә) тірі ағзадан (анбиотиктер, кейбір витаминдер, гормоналдық ферментті препараттар);

б) дәрілік өсімдіктерден;

в) мұнай, минералды тұздар, тас, көмір, тағы басқалардан жасалатын дәрілер.

Дәрілер қолданылуына және науқас адамдарға әсеретуіне қарай: антибиотиктер, антисептикалық дәрілер, ауруды басатын, жөтелді басатын т.б. болып бөлінеді.

Дәрілер фармацевтика зауыттарына жасалады, дәріханаларда дайындалып, сонда сақталады. Дәрілер ұнтақ, таблетка, микстура, тұндырма, ерітінді, паста тәрізді т.б. түрде болады. Дәрінің науқас адамға әсерету күші оның құрамына және науқастың жасына, жалпы жағдайына байланысты. Дәріні дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында не тамақтан кейін пайдалану керек. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек.

 

3-тапсырма. Мәтінге байланысты білетін дәрілердің түрлерін жазыңыздар.

 

4-тапсырма. Оңбағандағы етістіктерді пайдаланып, сол жақтағы сөздермен (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.

фармокология                                  сақтандыру (неден?)

дәрілер                                              жазылған (қайда?)

дәріханаларда                                  шығарылу (нелер?)

аурудан                                             жасау (неден?)

тірі ағзадан                                       дамыды (не?)

Гален еңбектерінде                         сақтау (қайда?)

 

Мәтін бойынша тапсырмалар берілді. Ол тапсырмалар студенттердің қазақша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Олар:



  • мәтіндегі сөздердің түсінікті, түсініксіз екендігін сұрау;

  • мәтіндегі сөздерді лексикалық жақтан түсіндіру;

  • мәтіндегі сөздердің түбір тұлғасын анықтау;

  • мәтіндегі сөздерді сөз таптарына сай талдау;

  • мәтіндегі сөз тіркестерінің түрлерін ажырату;

  • мәтіндегі жай сөйлемнің түрлері мен тыныс белгілерін ажырату;

  • мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің жолдары мен компоненттерін талдау;

  • мәтіндегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу жолдарын ажырату;

  • мәтіндегі қиындау сөздер мен сөйлемдерді қайталатып оқыту;

  • мәтіндегі қате оқылған объектілерді тыңдап отырған студенттерге түзеттіру;

  • мәтіннің қысқаша мазмұнын айтқызу;

  • мәтінді дұрыс оқуға пайдасы тиетін жаңалық хабарларды оқыту және т.б.

Сонымен, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау арқылы еліміздің ертеңіне жауапты мамандарды тәрбиелеу жолдарының бірі ретінде «… дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру» міндеті қойылған [3]. Бұл үштұғырлы тіл саясатын ұстанып отырған егемен елдің болашақ мамандарының мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оны өзі қызмет ететін салада қолдана алуы олардың кәсіби әлеуетін арттырумен қатар  елжандылық қасиеттерін де қалыптастырудың басты шарты болып табылатынын  танытады.

Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші. Сондықтан медицина саласы бойынша білікті маман тәрбиелеу ісінде мемлекеттік тілдің, қазақ әдеби тілінің атқарар рөлі ерекше. Қазақ әдеби тілінің танымдық әрі коммуникативтік қызметінің сан-қырлылығын көрсететін де осы сала.

Медицина саласында қазақ тілінде атаулық және әрекеттік мәндегі терминдер де, сөз тіркестері де, фразеологизмдер де, мақал-мәтелдер де қалыптасып орныққаны белгілі. Бүгінде барлық жоғары оқу орындарында оқытылып отырған пәндердің жаңа заман талабына лайық меңгертілуі Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болуымен байланысты оның әлеуметтік экономикасының қайта құрылуы, мәдени байлығының күннен-күнге алға басуы нәтижесінде мемлекеттік тілдің кең өркендеуіне жаңа мүмкіндіктердің  кеңеюімен тығыз ұштасып жатыр. Сол себепті жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тілді әрбір мамандықтың ерекшеліктері мен тілдік жүйесін ескере отырып үйрету күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Бұл өзекті мәселе «Қазақстан  Республикасының  Конституциясында», ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасында»  және Елбасының  «Қазақстан  халқына Жолдауларында» және т.б. мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжаттарда қазақ тілінің өрісін кеңейту елдік тұрғыда көтеріліп отырған жаңа кезеңде мемлекеттік тілді әлеуметтік тұрғыда қоғамның барлық саласында қолдану мақсатына сай меңгертудің басым бағыттарын айқындаумен байланысты шешілері даусыз.

 

Әдебиеттер



  1. Н.Оралбаева, Ә.Аблақов. Қазақ тілі. –Алматы, 1989.

  2. Ф.Ш. Оразбаева. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік, 2005.

  3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағдарламасы.



Практикалық сабақ № 5

Тақырыбы Терминдік сөздер. Кәсіби мәтін №5

Сабақтың мазмұны. Терминдік сөздер туралы ұғым. Мамандық саласындағы терминдер мен ұғымдар. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Практикалық сабақ № 6

Тақырыбы Кәсіби сала мамандары тілдерінің қатынасымдық қызметі. Кәсіби мәтін №6

Сабақтың мазмұны. Дұрыс сөйлеу қағидасы: нормаландыру (сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз әсерлігі, сөз байлығы, сөз талғамы, сөз әдебі және кодка жіктелуі). Сөз дәлдігі және оның қағидалары. Сөз талғамы. Тілдің басқа салалармен байланыстарындағы ауытқушылықтары мен сәйкестіктері. Сөзді дұрыс айту нормалары. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Практикалық сабақ № 7

Тақырыбы Мамандықтың кәсіби қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикеті. Кәсіби мәтін № 7

Сабақтың мазмұны. Сөйлеу әдебі: толеранттылық, айқын сөйлеу ұстанымы, әдептілік ұстанымы, алдын-алушылық. Тілдесу мен әдептіліктің алмасуы. Қоғамдық орындарында тіл әдебін сақтаудың жолдары, тәртібі, этикеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
МИКРОМОДУЛЬ 2 «Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы, ролі»
Практикалық сабақ № 8

Тақырыбы Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі. Кәсіби мәтін № 8

Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары. Қарым-қатынас жасаудың түрлері. Қатынасымдағы тілдің құзыреті мен коммуникативтік қызметі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Практикалық сабақ № 9

Тақырыбы Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы. Кәсіби мәтін № 9

Сабақтың мазмұны. Ғылыми тілдің сипаты. Іскери кәсіби тілдің әдебі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Практикалық сабақ № 10

Тақырыбы Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін №10

Сабақтың мазмұны. Этномәдени айшықтары.Кәсіби мамандардың тілі мен сөйлеу мәдениеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби мәтін № 11

Сабақтың мазмұны. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктері, фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктері. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану. Кәсіби мәтінмен жұмыс.


Практикалық сабақ № 12

Тақырыбы Кәсіби мәтін – тілдік бірлік. Кәсіби мәтін № 12

Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Практикалық сабақ № 13

Тақырыбы Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселелері. Кәсіби мәтін № 13

Сабақтың мазмұны. Аударуға жатпайтын сөздер, мағыналары контекстік ұғымда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Практикалық сабақ № 14

Тақырыбы Жаттығулар орындау. Кәсіби мәтін № 14

Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс,семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Практикалық сабақ № 15

Тақырыбы Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау

Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтіндермен жұмыс.
3 ПЕРЕЧЕНЬ ТЕМ ДЛЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТОВ

3.1 Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы. Кәсіби мәтіндер.

3.2 Аудармада мәтін атауының ерекшелігі. Оқу техникасының аударма жасауда маңызы. Мәтінді толық және дұрыс түсіну. Аудармашының сөздікпен жұмыс істей білуі. Аударма жасауда қазақ тілі ерекшеліктерін білу. Технологиялық мамандық студентінің аударма негіздері туралы білімінің маңызы. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.

3.3 Тілдік практикаға арналған жаттығулар, тренингтер.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет