Нұсқаулар Нысан пму ұсн 18. 3/23



Дата17.07.2016
өлшемі142 Kb.
#205442

Тәжірибені өту бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар





Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/23


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да оқу тәжірибесін өту бойынша

050602 – Информатика мамандығының студенттеріне арналған

бағдарлама ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР










Павлодар




Тәжірибе бағдарламасына

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/22




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

«__»______________200__ ж.



бағдарлама ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


С.Торайғыров атындағы ПМУ-да оқу тәжірибесін өту бойынша 050602 – Информатика мамандықтарының студенттеріне арналған
Бағдарлама мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес 3.08.317-2006 ҚР МЖМБС және «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Кәсіби тәжірибе. Жалпы жағдайлар». 5.03.005 – 2009 ҚР МЖМБС негізінде әзірленген.

Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Нурбекова Ж.К.

аға оқытушы Оспанова Н.Н.

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы


Кафедраның отырысында құпталды «___»______200__ж. №______ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________________________Ж.К.Нұрбекова


ФМжАТ факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған

ӘК төрайымы _________ А.Т.Кишубаева «___»_____200__ж. №___хаттама




келісілген


Факультет деканы _____________ С.К.Тлеукенов «___»________ 200__ж.


келісілген


КПжТЕОБ бастығы _______________Т.В.Долганова «___»________ 200__ж.
ОӘҚжЖБ бастығы ______________ А.А.Варакута «____»_______ 200__ж.
Университеттің оқу- әдістемелік кеңесінде құпталды

«___»___________200__ж. №______ хаттама



1 Практика мақсаттары және міндеттрері, оның оқу үрдісіндегі орны
1.1 Практиканың мақсаты

ЖОО-да алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту, нақты мамандық бойынша нарық еңбегінде даярлау мақсатын көздейді.


1.2 Практика міндеттері

- арнайы пәндерді оқыту барысында студенттердің алған теориялық білімдерін бекіту;

- негізгі техникалық және экономикалық мінездемелерін, сондай-ақ автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерінің қарапайым базасын және бағдарламалық қамтамасыздандырылуын оқып-үйрену;

- басқару жүйелерінің құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерін оқып-үйрену;

- автоматика, өнеркәсіптік приборларымен және автоматтандыру құралдарымен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын игеру және оқып-үйрену;

- автоматика құрылғылары, автоматтындыру құралдары және өнеркәсіп приборларын баптауда практикалық дағдылары мен әдістерін меңгеру;

- жекелеме тапсырмаларды орындау;

- кафедраның қоғамдық жұмыстарына қатысу.


2 Практиканы ұйымдастыру және жинақтау
Практиканың өтілу мерзімі – 2, 4 семестр. Апталық ұзақтылығы кредиттер санын 15-ке (тәжірибенің жұмыс көлемділігіне) көбейтілген және 30 (тәжірибенің апталық жұмыс ұзақтылығына) бөлінген санмен анықталады. Тәжірибе С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің компьютерлік сыныптарында сонымен қатар кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда өтіледі.

Егер тәжірибе кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда өткізілсе оған сәйкес жеке шарт болу қажет.



Оқу практикасы барысында студент төмендегілерді оқып-үйренуі қажет:

  • ДЭЕМ-де қарапайым есептерді жүзеге асыруды және технологиялық үрдісті;

  • Ақпаратты өңдеу және басқаруда әртүрлі компьютерлік жүйелерді әзірлеу және қолдануда есептеуіш жұмыстарын ұйымдастыру.

Төмендегілерді меңгеруі қажет:

  • алгоритмдік тілдің жоғарғы деңгейінде қарапайым бағдарламаларды дайындауды;

  • қазіргі операциялық жүйелер ортасында жұмыс жасауды.



3 Студенттің міндеттері
Практиканы өту барысында студент міндетті:

  • Практика бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды орындауы керек;

  • Күн сайын практика күнделігін жүргізуі қажет;

  • Мекемедегі ішкі еңбек тәртіптеріне бағынуы тиіс;

  • Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы кажет;

  • Практика жетекшісіне практика барысында нақты орындалған жұмыстары туралы мәліметтерді, мекемеге қысқаша сипаттаманы, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік сұрақтарын және өзінің ұсыныстары мен нәтижелерін қамтитын жазбаша есепті тапсыру қажет;

  • Практика жетекшісіне қолы қойылған практика күнделігін тапсыру керек.

Студенттің құқығы бар:

  • Практика бағдарламасында көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға;

  • Мамандығы бойынша ақылы қызметке қабылдануына.


4 Практика жетекшісінің міндеттері
Практика жетекшісі міндетті:

  • Практика басталғанға дейін студенттерді сәйкес құжаттармен, практика бағдарламасымен, күнделіктермен қамтамасыз етуге;

  • Практика басталғанға дейін студенттермен ұйымдастыру шараларын өткізуге;

  • Оқу жоспарлары мен практика бағдарламасына сәйкес студенттердің практиканы өтуін қамтамасыз етуге;

  • Мекеменің қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз етуіне бақылау жүргізуге;

  • Практика бойынша студенттердің есебі мен күнделіктерін тексеруге және олардың жұмысы туралы пікір беруге;

  • Кафедра меңгерушісін, факультет деканын және университеттін практика жетекшіліріне практиканың өтілуі туралы үнемі ақпарат беріп отыруға.


5 Оқу тәжірибе мазмұны
Тақырып 1 Алгоритм ұғымы

Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі алгоритмнің қасиеті. Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталған, циклдік, көмекші (рпоцедура және функция). Алгоритмдерге мысалдар.



Тақырып 2 Бағдарламалау тілі

Тілдің алфавиті. Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі. Программа түсінігі және оның құрылымы. Командалар және операторлар.



Тақырып 3 Мәліметтер типінің ұғымы

Мәліметтер типінің ұғымы. Мәндердің стандартты типтері. Айнымалылар және тұрақтылар ұғымы. Атау, тип, мәндер олардың негізгі сипаттамалары. Программада айнымалылар мен тұрақтылардың сипатталуы.



Тақырып 4 Сызықтық алгоритмді бағдарламалау

Программа құрылымы, мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру программа бөліктерінің мазмұны. Программа жасаудың технологиясы және оның реализациясы. Сызықтық алгоритмді программалау. Программаны толықтыру (түзету) және тестілеу.



Тақырып 5 Шартты және таңдау операторлары

Шартты оператор. Логикалық өрнекті қолдану. Кірістірілген шартты оператор. Құрама және бос оператор. Таңдау операторы. Шартты және таңдау операторларының қысқа және толық формалары.



Тақырып 6 Параметрлік цикл операторы

Параметрлі цикл операторы. Көпмүшені есептеудегі арифметикалық алгоритмдер. Саналатын типтер. Оларды параметрлі циклдерді ұйымдастыруда қолдану.



Тақырып 7 Циклді процестерді ұйымдастыру.

Шарты алдын-ала берілген және шартты соңынан берілген цикл операторлары. Кірістірілген циклдер.



Тақырып 8 Ішкі бғдарламалар: процедуралар және функциялар

Құрылымдық программалауға қысқа сипаттама. Процедура құрылымы. Айнымалыларды әрекет ету аймағы. Ауқымды және жергілікті айнымалылар. Параметрлі процедура. Формальді және нақты параметрлер. Процедураны шақыру. Параметрлердің берілуі. Айнымалылар параметрі және мәндер параметрі. Функциялар құрылымы. Функцияны шақыру. Процедура мен функцияның айырмашылығы.



Тақырып 9 Рекурсивті ішкі бағдарламалар

Рекурсивті ішкі программаларды ұйымдастыру. Рекурсивті шешілетін типтік есептер



Тақырып 10 Символдық және жолдық мәндер

Символдық және жолдық мәндер. Символдық мәндермен орындалатын амалдар. Жолды өңдеу алгоритмі. Жолдан ішкі жолды іздеу алгоритмі. Жолдармен жұмыс істеугн арналған программалау тіліндегі құрамдас функциялар мен процедуралар.



Тақырып 11 Массивтер

Массив ұғымы және мәні. Элементтердің типі, өлшемі, индексі. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтер. Массив элементіне қарай кіруді ұйымдастыру. Жедел жадында массивтің орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.



Тақырып 12 Массивті сұрыптау

Ең үлкенің (ең кішісін)іздеу алгоритмі. Ішкі және сыртқы массивті сұрыптау алгоритмі:таңдау арқылы сұрыптау,орын ауыстыру арқылы т.б.



Тақыры 13 Мәндердің күрделі типі

Мәндердің күрделі типі. Регулярлы тип. Жиындар типі. Жиындардың типіне және жиындардың мәніне тапсырма. Жиындарды қолданғанда, жиындармен орындалатын амалдар. Мәндердің аралас типі-жазулар. Біріктіру операторы.



Тақырып 14 Файлдармен жұмыс

Файлдар классификациясы:файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі. Мәтіндік файлдар. Нақты және логикалық файлдар түсінігі. Мәтіндік файлдарды өндеуге арналғңан процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару.



Тақырып 15 Графикалық операторлармен жұмыс

ДК-де графиктік режимде жұмыс жасауға дайындау. Геометриялық объектілермен жұмыс жасау процедуралары. Графиктік бейнелерді салу бағдарламаларына мысалдар.


6 Бақылау әдістері
Практика кафедрадан практика жетекшілігімен басқарылады. Өндірістегі жетекшілік кафедрадағы жетекшімен жасалады.
6.1 Есепке қойылатын талаптар

Практика соңында студент практика бағдарламасында көрсетілген негізгі сұрақтардың және жекелеме тапсырмалардың қысқаша мазмұндалуынан тұратын есепті тапсырады. Сонымен бірге студент практика барысында жүргізілген бақылауларды талдап, қорытындылауы керек. Есеп студенттің теориялық білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдану іскерліктерін көрсетуі қажет.

Есеп төмендегі бөлімдерден тұрады:


  1. Титулдық парақ;

  2. Аннотация;

  3. Мазмұны;

  4. практиканың негізгі сұрақтарын мазмұндау;

  5. Жекелеме тапсырмалаларды мазмұндау;

  6. Қорытынды;

  7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Есептің жалпы көлемі 5-10 баспаланған беттерден тұруы керек, оның ішінде негізгі бөлімі жекелеме тапсырмалардың сұрақтарын мазмұндауға арналады. Мәтіндік бөлігі жеке парақтарда безендіріледі, схемалар, сызбалар көрсетіледі. Есеп» мәтіндік құжаттарды безендіру стандартына» сәйкес безендіріледі.

Практика жетекшісінің практика туралы пікірді құрастыруы үшін студент өз есебін практика аяқталысымен 4 күн ішінде тапсыруы керек. Практиканың есебінің титулдық парағында практика жетекшісінің аты- жөні, лауазымы және қолы болуы керек. Қарсы жағдайда есеп қабылданбайды.




    1. 6.2 Есептеу тәжірибесін бағалау

Есептеу тәжірибесінің бағасы студенттің көрсеткен біліміне сәйкес есепті қорғау нәтижесі бойынша қойылады. Баға 100 баллдық жүйе бойынша қойылады.


7 Ұсынылатын әдебиеттер
7.1 Негізгі әдебиет

  1. Деревнина А.Ю., Кошелев М.Б., Семикин В.А. Принципы создания электронных учебников // Открытое образование, проектирование учебников. 2001. №2.

  2. Программирование для Web: учеб. Пособие 1 В. Вейтман – М.: Вильямс, 2000 – 368 с.

  3. Visual Fox Pro, сегодня / Пер. с. англ. – Мн.: ООО «Попурри», 1997. 2001 – 480 с.: ил.

  4. Delhpi 50: разработка корпоративных предложений / А.Д. Александровский – М.: ДМК, 2000 – 508 с.: ил – (Для программиста)

  5. Объектно-проектированное программирование на С++ / Пер. с анг. Д. Ковальчука – 2-е изд. – М.: спб.: 5 шоле – невский диалект, 2001 – 461 с.

  6. Программирование Access 2002 в примерах: Пер. с англ. – Москва: КУДИЦ – ОБРАЗ. 2003 – 496 с.

  7. Программирование для Internet: СД. – м.: Delta – мм сопр., 2002

  8. Учимся программировать на Ассемблере, Бейсике, С++ и Паскале[электронный ресурс]: рус. и англ. версия – м.: Delta – мм сопр., 2002 – 1 СД; 648 мб.

  9. С/С ++ в задачах и примерах – спб.: БВХ – Петербург, 2003-281.00

  10. Программирование на языке Паскаль: учеб. Пособие для вузов / Под. ред. О.Ф. Усковой. – спб.: Питер, 2003- 333 с.

7.2 Қосымша әдебиет

  1. Программирование математические основы, средства, теория. – спб. БХВ – Петербург, 2003 – 317 с.

  2. Delhpi: Быстрый старт. – спб.: БХВ – Петербург, 2003 – 281 с.: ил

  3. Программирование на языке Turbo Paskal. Сборник лабораторных работ – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003 - 73

  4. Информатика: учеб.-метод. пособие для подготовки для студ. К ПГК/К. М. Байгушева, Т.В. Вихменова, Е.В. Крюкова – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 286 с.

  5. Информатика: базовый курс 1 под. Ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2000-638 с.

  6. Специальная информатика: учебное пособие 1С.В. Симонович, Г.А. Евсеев, А.Г. Алексеев. – М.: Аст – пресс, 2000 – 480 с.

  7. Информатика: базовый курс: учеб. Пособие для втузов / под ред. С.В.Симоновича – спб: Питер, 2001- 638 с.

  8. Основы информатики: учеб. Пособие для сред. спец. учеб. заведений / В.Ф. Мехович. – Ростов – Н/Д: Феникс, 2000 – 606 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет