Бірүйлі өсімдіктерге, мысалы, асқабақ (Cucurbita - тыква), емен (Querсus - дуб), қияр (Cucumis - огурец) сияқты өсімдіктер жатады.
Ал екі үйлі өсімдіктерге тал (Salix - ива), терек (Populus -тополь), кенешөп (Cannabis - конопля), құлмақ (Humulus -хмель) жатады.
Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар бір-жынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типі де әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің гүл тобына үйеңкінің (Acer - клен) түрлері, шаған (Ғraxinus - ясень), қарамық (Fagоpyrum - гречиха), қауын (Мelо - дынь), күнбағыс (Нelianthus - подсолнечник) және т.б. жатады.
Жеміс тек гүлдерде пайда болады, гүлдерде жемістік болады. Жемістің пайда болуы үшін аталықта тозаңдар пісіп-жетіліп әртүрлі жолдармен аналықтың аузына барып түсуі керек.
Бұл процесс тозаңдану деп аталады. Содан кейін сперма барып жұмыртқа клеткасымен қосылады. Бұл процесті ұрықтану деп атайды. Табиғатта тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп бөлінеді. Екеуін салыстыратын болсақ, әрине айқас тозаңданудың биологиялық маңызы жоғары, айқас тозаңдану табиғатта желдің, судың, насекомдардың, аралардың қатысуымен іске асады.
Тозаңдану желдің көмегімен болса анемофильдік өсімдіктер, ал насекомдармен тозаңданғандар энтомофильдік өсімдіктер деп аталады.
Тозаңдану және ұрықтану туралы айтқанда табиғат айқас тозаңданудың маңыздырақ екендігін көрсетті. Өйткені өздігінен тозаңдануға жол бермей тозаңданудың айқас болуына біраз бейімделушілік бар екендігін көруге болады. Мысалы, 1) дихогамия - аталық пен аналықтың әртүрлі уақытта пісіп-жетілуі.
Егерде аталық ерте пісіп-жетілсе, ал аналық әлі дайын болмаса, оны протерандрия деп атайды, ал егер керісінше болса протерогиния деп атайды.
Мысалы, күнбағыс (Heliantһus - подсолнечник) және сылдыршөпте (Sielene - смолевка) аталықтары ерте пісіп-жетіледі, ал бақажапырақта (Plantago - подорожник), шалғындық байменеде (Cardamine - pratensis - сердечник луговой) аналықтары бұрын жетіледі. Табиғатта протерандрия жиірек кездеседі;
2) гетеростилия - аталықтың және аналықтың биіктіктері әртүрлі. Сондықтан өсімдіктің аталықтары және аналықтары бірдей уақытта пісіп-жетілгенімен бір гүлдің өзінде аталықтың тозаңы аналықтың аузына барып түсе алмайды. Мысалы, қарамық (Fagopyrum - гречиха).
Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды пергаға (бал арасының қорегі) айналдырады. Бал және перга - ересек аралардың қорегі, олармен аралардың личинкалары да қоректенеді. Бал және перганы пайдаланған аралар воск - балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 кг-нан қалған бал және балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып саналады.
Ара шаруашылығының маңызы тек өнім, яғни бал алуда ғана емес. Бал өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың, егістіктердің, баулардың өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда өнімнің мөлшері ғана емес сапасы да артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми - зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста толық пісіп - жетілген тұқымдар - 85,3%, ал термин қоршап жауып қойған күнбағыста толық пісіп - жетілген тұқымдар мөлшері 40%болған, ал торды қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14,2% ғана болған.
Мәскеу жанындағы бірінші көкөніс фабрикасында қолмен тозаңдандыруды арамен тозаңдандырумен салыстырғанда арамен тозаңданғанда 1 гектардан қияр 110кг артық алынған.
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары:
Достарыңызбен бөлісу: |