Заголовок слайда



бет1/6
Дата08.09.2024
өлшемі1.39 Mb.
#503462
  1   2   3   4   5   6
Гистология срс


СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
Тақырыбы: Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Орындағандар: Өмір А. Ғ
Қабылдаған: Жумашев С. Н
Тобы:В-ЖМҚА-02-22
“Морфофизиология кафедрасы”

Жоспар

Жоспар

-Эмбриологиға кіріспе

-Эмбриогенездің даму сатылары

-Прогенез

-Аталық жыныс жасушалары

Аналық жыныс жасушалары

-Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кіріспе

Эмбриология (грекше embryon -ұрық, logos - ілім) ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Яғни ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін, ал жұмыртқадағы ұрықтың дамып,жарып шығуына дейінгі мезгілді зерттейтін ғылым.

Ұрықтың дамуын -эмбриогенез дейді. Ол онтогенездің алғашқы кезеңі. Жеке эмбриологияның негізігі бөлігінің бірі-адам эмбриологиясы.

Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылығын зерттесе, гистологиялық эмбриология бөлімінде тіндердің дамуы мен шығу тегіне, ана- плацента- ұрық жүйесінің метоболистік және функциональдық ерекшеліктеріне баса назар аударған.

Эмбриогенездің сатылары:

І- ұрықтанудың нәтижесінде зиготаның пайда болуы

ІІ- пайда болған зиготаның бөлшектенуі, соның нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы.

ІІІ- гаструляция ұрық жапырақшаларының түзіліп, одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы.

ІV- гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы

V- жүйелердің дамуы -cистемогенез

Прогенез:

  • Адам ұрығының эмбриогнезі мен прогенезі тығыз байланысты. Прогенез -жыныстық жасушалардың дамуы мен пісіп жетілуі постэмбриональдық кезеңде де жүреді. Сондықтан эмбриогенездік даму эмбриональдық және постэмбриональдық болып жіктеледі. Прогенез- аналық жыныс пен аталық жыныс жасушаларының дамуы мен пісіп жетілуі болып табылады. Осының нәтижесінде құрамында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар ұрықтануға қабілетті, жыныстық жасушалар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет