Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-4: Өсімдіктер әлемінің биоресурстары



бет6/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-4: Өсімдіктер әлемінің биоресурстары


Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы


Пайдалы өсімдікткр классификациясы
Ботаникалық ресурстану ғылымының зерттелулерінің деңгейлері

Қазақстан флорасында 6 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері бар. Олардың ішінде пайдалы өсімдіктер өте мол


Адамзаттың даму тарихы қоршаған әлемді танып-білумен және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға ендірумен тығыз байланысты.
Адамдар өзінің күнделікті шаруашылығында өсімдіктер әлемі байлығын ерте заманнан бері пайдаланады. Адамдар өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінің бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап,олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп,практикалық тұрғыдан ерекшеліктеріне байланысты топтпстырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар,өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жинала басталды. Кейіннен пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикплық ботаника деп аталды. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федеров және Н.В Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәлелдеме берді. Осы жылдары,яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында алғашқы іргелі еңбектер,мысалы ”Методика полевого исследоания растении” деген өте құнды еңбек жарияланды.
Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника инстутының құрамында арнайы ”Өсімдіктер ресурстары” бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н.В. Павлов,Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың еңбектерінің нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды.ХХ ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М.Қ. Кукенов болды.
Профессор М.Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған ”Ботаническое росурсоводение Казахстана” деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады.Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі ХХ ғасырдың басында ”Шаруашылық ботаника” деп атала бастады.
Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет