Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Пайдалы өсімдіктер классификациясы



бет7/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
5.Лекциялық кешен

Пайдалы өсімдіктер классификациясы
Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып,пайдалы өсімдіктер бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы профессор А.Федеров осы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды.
Шикізаттық өсімдіктер дегеніміз не?
Профессор М.М. Ильин бойынша (1948),”Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз”.
Егер біз профессор М.К. Ильин анықтамасын қабылдайтын болсақ, онда өсімдіктер ресурстар туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор.
Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынадай 3 топқа бөлінеді:
1.Өндірістік өсімдіктер ресурсы
1.1. Тағамдық өсімдіктер тобы бес топ тармақтарымен.
1.2. Құрамында техникалық экстракт заттары бар өсімдіктер тобы 12 топ тармақтарымен.
1.3. Талшықты өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.
1.4. Қағаз-целлюзалы өсімдіктер тобы.
1.5. Құрылыс және бұйымдық өсімдіктер тобы 3 топ тпрмағымен.
1.6. Отындық және орман-химиялық өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.
2.Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
2.1. Тағамдық өсімдіктер тобы 3 топ тармақтарымен.
2.2. Малазықтық өсімдіктер тобы 5 топ тармақтарымен.
3.Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
3.1. Сәндік-көгалдандыратын өсімдіктер тобы.
3.2. Мелкоративтік өсімдіктер тобы.
Сонымен,1935 жылы Өзбекстанда,Ташкент қаласында болған конференцияда қабылданған шикізаттық өсімдіктер классификациясы жабайы өсетін және мәдени өсімдіктерді қамтиды. Бұл үшін топтар әртүрлі шикізаттық өсімдіктер тармақтарына бөлінеді. Топтар тармақтарының жалпы саны-37.
1942 жылы акад. Н.В. Павлов ”Дикие полезные и технические растения СССР” деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды.Н.В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.
І Дәрілік өсімдіктер
ІІ Көксағызды (каучук) өсімдіктер
ІІІ Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер
ІV Шипалы майлы өсімдіктер
V Эфир майлы өсімдіктер
VІ Тоқымалық өсімдіктер
VІІ Щеткалық өсімдіктер
VІІІ Ірі-талшықты өсімдіктер
ІХ Қағаз-целлюзалы өсімдіктер
Х Тағамдық өсімдіктер
ХІ Крахмалды өсімдіктер
ХІІ Қант-инулинді өсімдіктер
ХІІІ Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер
ХІV Витаминді өсімдіктер
ХV Балды өсімдіктер
ХVІ Илік затты өсімдіктер
ХVІІ Сабынды немесе сапонинді өсімдіктер
ХVІІІ Қарамайлы өсімдіктер
ХІХ Бояуы бар өсімдіктер
ХХ Мал азықтық өсімдіктер
ХХІ Уландырғыш заты бар өсімдіктер
ХХІІ Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер
А.А. Приступа (1973) дүние жүзі флорасындағы пайдалы өсімдіктер туралы мәлімет берді.Бұл мәліметте 118 тұқымдасқа жататын 1000 өсімдік түрлерінің сипаттамасы берілген. А.А. Приступа классификациясында барлық пайдалы өсімдіктер 19 топқа біріктірілген.
Жоғарыда келтірілген барлық классификациялардың кемшіліктері- классификация жасауда белгілі бір принциптің жоқтығы. Кейбір классификацияда өсімдіктердің топтары олардың химиялық құрамына, ал басқа топтары олардың практика жүзінде пайдалануға негізделген.
Сонымен, өсімдіктер әлемі биоресурстарының зерттеу обьектілері щикізаттық өсімдіктердің жеке түрлнрі және өсімдіктер қауымы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет