орындаған: Сарсенова Диана 20-08 тобы
Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады.
өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады.
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде,медицинада қолданылады.
күшті бактериоциттік қасиеті бар және оны дезинфекцияға, ауаны тазартуға қолданады.
аз мөлшерде лакқа,краскаға, препарат жасауға да пайдаланады.
Эфир майы өсімдіктердің мынадай мүшелерінде болады:
1
тұқымында (анис, зире, кориандр)
жапырағында
(қайың, терек, қарақат);
тамыр мен тамыр сабағы(айр, ирис, имбирь)
ағаш тектес өсімдіктердің сүрегі (қандал ағашы, корица)
жемістерінің қабықтары(лимон, апельсин, бергамот)
2
3
4
5
6
гүлдері немесе күлтежапырақшасында (раушангүл,түймедақ,жасмин)
БҰРЫШТЫ ЖАЛБЫЗ- МЯТА (ЛАТ. MENTHA PIPERITA)
Бұрышты жалбыз- көпжылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты.2 жағынан майлы безшелермен көмкерілген, осы безшелер эфир майын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты- «бұрышты жалбыз» деп аталған.
Құрған жапырақтарында татымды- хош иіс және шайнаған кезде ауызды мұздататын ащы- татымды дәм болады. Оларды халық медицинасына асқазан ауруларына, жүрек айнығанда, ас сіңіруді жақсарту,газ шығару, іштің түйілгенін басу дәруі ретінде пайдаланылады. Өт айдайтын, тыныштандыратын дәрулердің (шайлардың) құрамына енеді.
ЛАВАНДА (ЛАТ. LAVANDULA)
Лаванда эфир майының денсаулыққа пайдасы оның жүйке кернеуін жоюға, ауырсынуды жеңілдетуге, теріні зарарсыздандыруға, қан айналымын жақсартуға және тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге қабілетті. Лаванда эфир майы парфюмерия мен көптеген хош иісті препараттар мен олардың комбинацияларын өндіруде де қолданылады.
Ол безеу, әжімдер, псориаз және басқа қабыну процестері сияқты әртүрлі тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Май әдетте жараларды, кесектерді, күйіктерді және күннің күйіктерін емдеу процесін тездету үшін қолданылады.
АҚЖЕЛКЕН-ПЕТРУШКА (ЛАТ.PETROSELINUM HOFFM)
Ақжелкен тәбет ашады, шаншуды құсуды басады. Халық медицинасында тер шығаратын, жүрек ісінуі, бүйрекке тас біткенде пайдаланады, олар қабыну процестерін басады.Ақжелкеннің жас жапырақтарын шыбын- шіркей шаққан жерлерге басса, ол қабынбайды және ауруы да бәсеңдейді. Шашты нығайту үшін ақжелкен дәндерінен дайындалған тұнбалармен бастың терісін сылайды.Бетті ағарту үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |