Дәріс №1 тақырыбы: Mathcad терезесі



Дата03.10.2024
өлшемі316.17 Kb.
#504287
Дәріс1




Дәріс №1

ТАҚЫРЫБЫ: MathCAD ТЕРЕЗЕСІ


MathCAD – математикалық есептеулерді орындауға бағытталған әмбебап жүйе. Есептеулермен қатар ол танымал мәтіндік редакторлар немесе электрондық таблицалармен қиындықпен шешілетін күрделі есептерді тез шешуге мүмкіндік береді. Программаның көмегімен мақалалар, кітаптар, дипломдық жұмыстар және жобаларды сапалы дайындап қана қоймай, күрделі есептердің нәтижесін алып, графигін салуға болады.


MathCAD программасын іске қосу: Іске қосу- Программалар-Mathsoft Apps-Mathcad қатарында тышқанды шерту арқылы.

1-сурет. Mathcad программасының терезесі .


MathCAD программасының терезесінде windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар:


1.тақырып қатары 2.меню жолы 3.саймандар тақтасы



  1. форматтау саймандар тақтасы

  2. қалып –күй қатары 6.жұмыс аймағы

7.айналдыру жолақтарынан тұрады.

Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.


Тақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.

Меню қатары MathCAD–ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек , осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді (2-сурет).


2-сурет. Меню қатары




MathCAD - жүйесінің математикалық белгісінің 9 түрлі палитрасы бар (3-сурет):




1.Калькулятор 2.Матрица 3.Бульдік 4.Символика 5.Греческий 6.Калькулус 7.Графики 8.Подсчет
9.Программирование

3-сурет. MathCAD палитрасы


Саймандар тақтасын қою үшін: көру – саймандар – керекті тақтаны таңдау керек (4-сурет).



4-сурет. Саймандар тақтасын қою




Қарапайым есептерді шешу үшін MathCAD программасында
калькулятор палитрасының көмегімен орындаймыз (5-сурет) .


5-сурет. Калькулятор палитрасы




MathCAD программасында матрицаны есептеу үшін алдымен калькулятор қатарындағы матрица батырмасын басамыз. Төмендегі терезе пайда болады (6-сурет) .

6-сурет.
Матрица терезесінде бағана және қатар санын көрсеткенен кейін, матрицаның өлшеміне қарай матрица шығарылады. INCERT батырмасын шерткенде матрица өзі қалады, DELETE батырмасын шерту арқылы баған немесе қатардың санын азайтуға болады (7- сурет).

7-сурет. Баған немесе қатар санын азайту


Mathcad программасында график тұрғызу. График тұрғызу үшін алдымен саймандар тақтасындағы график батырмасын басқанда төмендегідей график панелі шығады (8-сурет).







  1. сурет. Mathcad программасындағы график тұрғызу





    1. сурет. График тұрғызу мысалы

MathCAD программасында үш өлшемді графикті тұрғызу үшін график батырмасын басамыз.
Осы графиктің үстіне апарып , тышқаның оң жағын басқанда Формат менюінен өзімізге қажетін таңдап түрлі есептерді шығарамыз.
MathCAD программасында жұмысты аяқтау үшін мына командаларды орындаймыз:

  1. Файл – жабу немесе шығу (закрыт или выход) меню командасын таңдау керек.

  2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы жабу батырмасын (Х) басу арқылы;

  3. Тікелей Аlt +F4 пернесін басу арқылы т.б. (10-сурет)






  1. сурет. График тұрғызу жолы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет