Ф КГМУ 4/3-03/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет
Психология негіздері және коммуникативтық дағдылар курсымен клиникаға кіріспе кафедрасы
Дәрістік кешен
5В110400 ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ, ПЕДАГОГИКА НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша
5В110400 Медициналық-профилактикалық іс мамандығы үшін
Курс 2
Семестр 3,4
Қарағанды 2013 ж
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілген
« » « » 2013 ж. Хаттама №
Психология негіздері және коммуникативтық дағдылар курсымен клиникаға кіріспе кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д ., профессор Кабиева С.М.
Дәріс №1
Тақырыбы: Психология пәні және оның міндеттері
Мақсаты: « Психологиядағы зерттеу әдістері» ұғымымен студенттерді таныстыру,қабылдау,түйсік,ес,зейін,ойлау,елестету ұғымдарына негіз беру.
Дәріс тезистері: Психология – бұл адам психикасы туралы ғылым, яғни оның ішкі жан дүниесі туралы ілім.
Психология атауы грек мифологиясынан шыққан, нақтылап айтсақ, Афродитаның баласы Эрот және Психея қарапайым әйелдің махабаты туралы аңыздан шыққан. Психея ызаланған Афродита ұйымдастырған барлық қиыншылықтарды басынан өткізіп, өлмейтіндей болып, құдайлармен тең болды. Грек халқы үшін бұл аңыз шынайы махаббат пен адамның жан дүниесінің ең жоғарғы дейгейінің мысалы ретінде болды. Сол себепті, Психея мәңгі өмірге ие болған адам - өз идеалын ізденуші, жан дүниенің бейнесі болды.
Алғаш рет “психея” термині Эфестен шыққан философ Гераклит (б.ғ.д. 530-470 жж) еңбектерінен табылған, оның айтуынша, психея – бұл ағзадағы “отты” жаратылыстан шыққанерекше ауыспалы жағдайлар.
1590 ж. неміс философы Гоклениус (1547-1678жж) Психеяны негіз ретінде қолданып “психология” терминін ұсынған. Бұл неміс философы Христиан Вольфтың “Эмпирическая психология” (1732) және “рационалды психология” (1734) еңбектерінен бастап, адам психикасын оқытатын ғылымды белгілеуде жалпы атау болып шықты.
Психология дүниетану ғылымдары мен философия айқасуында қалыптасқан, сол себепті бүгінгі күнге дейінгі анық емес жай – бұл психологияны табиғи немесе гуманитарлы ғылымға жатқызу. Психологияның салалары да биологиялық (зоопсихология, психофизиология, нейропсихология) немесе қоғамдық ғылымдарға жатқызылуына байланысты жіктеледі (этнопсихология, әлеуметтік психология, психолингвистика). Жалпы психология көп жағдайда жаратылыстану ғылымдарына жатады, мұнда оған ғылымдар жүйесінде ерекше орын беріледі.
Оған ерекше орын берілу себебі, психика бұл мидың, яғни жоғары ұйымдастырылған материяның қасиеті ретінде ең күрделісі. Бұдан басқа психологияда таным субъектісі мен обьектісі бірлеседі. Адам өзін-өзі зерттей келе, өзін танып және өзін өзгертеді.
Ғылыми психология іс-жүзіндегі қалыптасуын 1879 жылы алған, ол уақытта неміс психологы Вильгельм Вундт Лейпцигте тәжірибелік психологияның ең бірінші зертханасын ашып, арнайы психологиялық журналды шығара бастайды.
Психика атауына салтты түрде анықтама беріледі; өзінің жағдайлары мен қоршаған обьективті дүниенің байланыстары мен қатынастарын көрсететін қабілетімен сипатталған тірі жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті.
Психология адамның өзімен сезінетін немесе сезінбейтін субьективті (жан дүниелік) құбылыстардың, үрдістер мен жағдайлардың ішкі дүниесін, сонымен қатар оның жүріс-тұрысына, психиканың обьективті заңдылықтарын және көріністерін оқытады.
Адам психикасы – бұл жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) қасиеті болып табылатын обьективті дүниенің субьективті көрінісі.
Психика – бұл табиғаттың әр алуандылығы мен жағдайындағы түйісетін негіз, табиғаттың виртуалды тығыздалуы, обьективті дүниенің оның байланыстары мен қатынастарында белгіленеді.
Психикалық бейне дүниені айналық, механикалық, белсенсіз көшіру емес, ол ізденумен, таңдаумен қиылысқан. Психикалық бейнеге түсетін мәліметтер арнайы өңдеуге түседі. Психикалық бейне – бұл белгілі бір қажеттілікке байланысты дүниені белсенді бейнелеу, бұл обьективті дүниені субьективті таңдамалы бейнелеу, бірақ басты ми – бұл қызметінде психика шартталған мүше, бірақ бұл психиканың мазмұны мидың өзімен емес қалыптасады, оның көзі сыртқы дүние.
Бас мидың қызметімен байланысты үрдістер мен адам санасында болатын өзіндік психикалық құбылыстарды байланыстыруға ұмтылатын бірнеше теориялар бар;
-
психологиялық паралеллизм теориясы, оған байланысты психикалық және физикалық екі қатар құбылыстарды құрайды, олар бір-біріне сай келіп, бірақ сонымен бірге – екі параллель сызықтар тәрізді ешқашан қиылыспайды, бір – біріне әсер етпейді. Осылайша, денемен байланысқан бірақ өз заңдылықтары бойынша өмір сүретін “жанның” болатыны жобаланады.
-
механикалық ереже теориясы, керісінше, психикалық үрдістер – бұл негізінде физиологиялық үрдістер екендігін айтады, яғни ми психиканы, ой және бауыр тәрізді өт бөледі. Бұл теорияның кемшілігі, психиканы жүйкелік үрдістермен түсіндіреді, олардың арасындағы сапалық ерекшеліктерді көрмейді.
-
бірлік теориясы бойынша, психикалық және физиологиялық үрдістер бір уақытта түзіледі, бірақ сапасы жағынан әр-түрлі.
-
френологиялық концепция бойынша, мидың әр бөлігі мен белгілі-бір психикалық қызметінің арасында қатаң органикалық байланыс бар. Бірақ та психикалық функциялардың және мидың өзара байланысы френологияға қарағанда айтарлықтай күрделі.
Психикалық құбылыстарды бөлек нейрофизиологиялық үрдістермен, мидың жеке бөліктерімен байланыстырмайды, оларды осындай үрдістердің ұйымдасқан бірлеспеліктерімен байланыстырады, яғни психика – бұл көпдеңгейлі функционалды ми жүйесі арқылы іске асатын мидың жүйелі сапасы, жоғарыда аталған жүйелер адамның өмір сүру барысында және сәйкес белсенді іс-қимыл арқылы адам тәжірибесі мен тарихи қалыптасқан іс-қимыл формаларды игеру нәтижесінде түзілген.
Адам психикасы адамға туа салысымен дайын түрде берілмейді, өз-өзімен дамымайды, адамның жаны да бала адамзаттан жекеленген болса, өзімен-өзі пайда болмайды. Басқа адамдармен қарым-қатынас үрдісінде ғана психика қалыптасады. Адам психикасы ата-тегі жасаған мәдениетті игеру үрдісінде адамда түзіледі.
Психиканың негізгі функциялары;
-
ішкі және сыртқы дүниені бейнелеу
-
қызметі
-
тәлім-тәрбиені реттеу
Психикалық бейнелеудің негізгі қасиеттері;
-
психикалық бейнелеудің теңдесі жоқтығы – қабылдау, ойлау мүшелерінің шектелген кеңістігінде түзілетін физикалық өзгерістер психикалық үрдістерде біздің алдымызда бізден тыс шексіз уақыт пен кеңістікте ерекше (идеалды) түрде қалыптасады.
-
психикалық бейнеміздің субьективтілігі бұл сыртқы дүниенің бейнесі өте жеке және адамның субьект ретінде тәжирибесі, жасы, тәрбиесіне тәуелді екендігін көрсетеді. Бірақ та психикалық бейне субьективтілігі ешқалай да шындықты дұрыс бейнелеудің обьективті кемшілігін жоққа шығармайды.
-
психикалық бейнелеудің алдына шығатын сипаты – бұл психиканың адаптивті сипатын ерекшелейтін басқа бір маңызды қасиет. Психикалық бейнелеудің алдына шығатын сипаты тәжирибенің есте жиналып, бекітілу нәтижесі болып табылады.
Қазіргі уақытта психологияда меншікті психикалық құбылыстар мен факторлар арасында айырмашылықтар өткізіледі.
Психикалық құбылыстар ретінде тек қана субьективті күйзелістерді немесе біздің ішкі тәжірибеміздің элементтері түсіндіріледі.
Психологиялық факторлар психикамыздың кең көріністерін түсіндіреді. Оларға психикалық көріністердің обьективті түрлері кіреді (жүріс-тұрыс, адам іс-қимылының өнімдері және әлеуметтік-мәдени құбылыстар).
Психология сыртқы әсерлердің ішкі (психикалық) жоспарға түрлену процесстерінің механизмін зерттейді, мұнда әсер етуші обьектілер, сонымен бірге, жауап реакциясын, тәртіпті бағдарлауды реттейтін механизмдер келтірілген.
Субьективті- психикалық құбылыстар бүтін тұлға көршісі ретінде өзіндік және шектелген болып табылмайды. Алайда, психологияда оны әдістеме жағынан зерттеуге ыңғайлы болу үшін 3 топқа бөледі;
-
психикалық үрдістер – психикалық құбылыстардың әр-түрлі формаларында шындықтың динамикалық көрінісі (сезім, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елестету, эмоциялар т.б.). “Психикалық процесс” түсінігі зерттелетін құбылыстың басы мен соңын айқындап, процессуалды сипатын ерекшелейді.
-
психикалық жағдайлар – қазіргі кезде психикалық іс-әрекеттің салыстырмалы тұрақты дәрежесін анықтайтын түсінік (белсенділік, белсенсіздік, шаршағыштық, үрейлену, қорқу т.б.). Ол жеке тұлғаның жоғарғы және төмен белсенділігімен көрінеді. Осы психикалық жағдайда ойлау және физикалық жұмыс жеңіл, ал басқасында қиын өтеді.
Жағдай көрінуі мүмкін;
-
тұрақты қызығушылықпен
-
мәдениеттің жоғарылауымен
-
апатиямен
-
тежелумен т.б.
“Психикалық жағдай” түсінігі статикалық моментті, психикалық құбылыстың уақыт өлшеміндегі салыстырмалы тұрақтылығын сипаттайды.
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері (мінез-құлқы, темперамент, қабілеттілігі т.б.). “Психикалық қасиет” түсінігі зерттелетін құбылыстың тұрақтылығын, қайталануын және жеке тұлға құрылымында бекітілуін бейнелейді. Психикалық қасиеттер – нақты адамға тән тәртібі мен іс-әрекетінің белгілі сандық-сапалық дәрежесін қамтамасыз ететін тұрақты құбылыстар.
Алайда, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері, психикалық жағдайлары мен үрдістері арасында тығыз байланыстар мен өзара ауысулар болатынын айта кету керек. Осы нәтиже сезім динамикасы айқын көрінетіндіктен психикалық үрдіс ретінде, немесе осы кездегі психиканы сипаттайтындықтан психикалық жағдай ретінде, немесе жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің көрінісі – ызаланғыштық, ашуланғыштық ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Психикалық процесстер бөлінеді;
-
танымдық (зейін, қабылдау, сезім, есте сақтау, ойлау, елестету, интеллект, сөйлеу)
-
ерік-жігер (талаптану, тілек, шешім қабылдау)
-
эмоциялық (сезім, эмоция)
Психикалық жағдайлар танымдық психикалық процесстердің (күдіктену), ерік-жігер (беріктік) және эмоционалды (көңіл-күй, аффектілер) процесстердің көріністері ретінде болуы мүмкін.
Өз кезегінде, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері арасында қабілеттілікті (танымдық сфераның ойлау қасиеттері), мінез-құлықты (ерік-жігер сферасының тұрақты ерекшеліктері) және темпераментті (сезім сапасын бекіту) бөлуге болады.
Психикалық құбылыстарды есті және ессіз деп бөледі.
Ес – бұл шындығы тәжірибемен тексерілетін нақты білім. Ес әлеуметтік сипатта болады. Ес – адамға тән шындықты бейнелеудің ең жоғарғы түрі.
Ессіздік – көп психикалық құбылыстар психиканың ессіз немесе терең қабатын түзеді. Терең психикалық құбылыстар кезінде істелетін әрекеттерге есеп берілмейді, уақыт пен кеңістікті бағдарлау жойылады, тәртіптің сөздік реттелуі бұзылады.
Ессіз аймаққа кіреді; ұйқы кезінде пайда болатын психикалық жағдайлар, сезілмейтін бірақ бар тітіркендіргіштерге (сенсорлы реакциялар) жауап беру, автоматизмдер, мәдени іс-әрекет. Механизмдері, гипотеза, шешімнің құрылуы, эмоциялар реңі және олардың сыртқы көрінісі т.б.
Ессіздік жайында алғашқы тұжырымды Платон енгізген. Ю.Б.Гиппенрейтер (1988) ессіздіктің барлық феномендерін 3 классқа бөледі;
-
Есті іс-әрекеттердің ессіз механизмдері (автоматизмдер, дағдылар, идеомоторика).
-
Есті қимыл-әрекеттердің ессіз итермелеушілері (психоанализде зерттелетін құбылыстар).
-
“налесті” психикалық процесстер ессіздіктің ерекше түрі, себебі уақыт пен мазмұн өлшемі бойынша бұл үрдістер естіліктің сиымдылығынан әлдеқайда ірі болады. Олар ес арқылы бөлек аймақтармен өтіп, ал барлық “жұмыс” одан тыс өтеді, бұл ағымын өзгертетін белгілі бір интегралды өнімнің саналы өмірге аяқ астынан қайтуды аяқтаумен өтеді.
Психология ғылымының салалары
мен мақсаттары.
Ғылым жүйесінде психологияның алатын орны мен мақсаты;
-
психикалық құбылыстардың және олардың заңдылықтарының болмысын түсінуді үйрену,
-
осыларды басқаруды үйрену,
-
тәжірибенің түрлі салаларында, адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижелілігін жоғарылату мақсатында, алған білімдерін қолдану,
-
күнделікті іс-әрекет жағдайларында адамдардың психикалық денсаулығын, қанағаты мен бақытын жоғарылату,
-
психологиялық қызмет тәжірибесінің теориялық негізі болу
Психологияның маңызды міндеті – адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын ашу. Жалпы психология, психикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын бейнелеп зерттейді, сондай-ақ психологиялық ғылымның әдістерін, түсініктемелерін, категорияларын, жалпы принциптерін іздестіріп, толығырақ таныстырады. Психологияның бұл саласы, адамдардың іс-әрекетіне қызығушылығы бар барлық мамандарға қажетті бірдей білім береді. Жалпы психологиядан басқа да, психологияның әр-түрлі арнайы салалары белгілі;
-
психофизиология – түрлі психологиялық жағдайларда (эмоциялы күйзелу, түс көру, ойлау т.б.) жүйке жүйесінде болатын физиологиялық және биологиялық өзгерістерді оқытады
-
физиологиялық психология – түрлі психикалық жағдайларда, мида болатын физиологиялық процесстерді оқытады
-
психогенетика – психика мен іс-әрекеттің тұқымқуалаушылық механизмдерін оқытады
-
дифференциалды психология – адамдардың жеке бас айырмашылығын, осы айырмашылықтардың қалыптасу процесі мен себептерін бөліп көрсетіп, сипаттама береді
-
жас ерекшелік психология – адамның өмірінің әр этапындағы, психикасының ерекшеліктерін оқытады. Ол өз кезегінде бөлінеді; балалар, жасөспірімдер психологиясына, үлкен адамдар психологиясы мен геронтология
-
этнопсихология – адамдардың этикалық ерекшеліктері мен стереотиптерін оқытады
-
педагогикалық психология – оқу – тәрбиелеу жұмысы процесінде оқушылардың психикасын түсіну, білу, дағдылану заңдылықтарын оқытады
-
инженерлік психология – адамның психикалық процесінің қоршаған ортамен, көліктермен және басқада кәсіби бағыттағы мүліктермен арақатынасын оқытатын, әскери психология, космостық психология мен басқа да салалар жатады
-
әлеуметтік психология – түрлі топтар мен коллективтерде адамдардың араласу процесінде пайда болатын психикалық құбылыстарды оқытады
-
саяси психология – саяси істердің бүкіл деңгейде орындалуы бойынша саяси ұсыныстарды жарыққа шығару үшін саясат механизмдерін оқытады
-
клиникалық (медициналық) психология – медицинамен бірге қалыптасқан психологияның бір саласы, ол медициналық тәжірибеде; диагностикада, емдеу мен алдын-алуларда психологиялық заңдылықтар туралы білімді қолданады. Сондай-ақ, науқас адамдардың өмірінің және ауруының әр-түрлі кезеңдеріндегі психологиялық мәселелерді оқытады. Клиникалық психология құрамына кіреді;
-
жалпы клиникалық психология (қалыпты және өзгерген психика критерилері, дәрігер психологиясының мәселелері, психикалық және соматикалық қарым-қатынас аспектілері, жеке бас және басқалар туралы оқудың медициналық аспектілері)
-
жекеше клиникалық психология, ол арнайы ауруларда науқастар психологиясының маңызды аспектілерін, науқастармен кездесуде деонтология мен дәрігерлік этика ерекшеліктерін үйретеді
-
клиникалық психофармакология
-
патопсихология
-
клиникалық психотерапия
-
психогигиена, психопрофилактика
-
медициналық деонтология мен этика.
Психологиядағы негізгі әдістер
Басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты, психологияда психологиялық факторларды алудың екі негізгі әдістері бар; бақылау әдісі мен тәжірибелі әдіс.
Бейнелеу әдістері, зерттелушіге бақылаушы ролін береді. Бақылау – бұл адамдар психикасының көрінуін, арнайы жағдайларда жүйелі, мақсатты түрде қадағалау.
І. Тікелей бақылау әдісі;
А) Интроспективті (өзіндік психикалық өмірді бақылау)
Б) Экстраспективті (басқа тұлғалардың психикалық өмірін тікелей бақылау).
Сондай-ақ, уақытты есептей жүретін, бақылаудың келесі түрлерін ажыратады;
А) кесінді – қысқа уақытты бақылау
Б) ұзына бойлы – ұзақ уақыт, басқада есептер мен мақсаттар қойылуы мүмкін, осыған байланысты бөледі;
-
тұтас бақылау
-
таңдаулы бақылау
-
кірістірілген бақылау, мұнда бақылаушы зерттелушілер тобының мүшесі болады
ІІ. Басқарулы бақылау әдісі;
А) Табиғи эксперимент – табиғи жағдайларда мақсат – бағдарлы тәжірибелік бақылау
Б) Зертханалық эксперимент – арнайы жасалған жағдайларда жүргізіледі; эксперимент, зерттеушінің белсенді қатысуымен бақылаудан айырмашылығы бар.
ІІІ. Қосымша әдістер:
-
тесттер – сұрақтар мен есептер жиынтығы, психикалық құбылыстар мен олардың даму дәрежесін жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
Ортаға байланысты, диагностикада бөлінеді; интеллектуалды тесттер, мнестикалық, ойлау, тұлғаны және кәсіби тесттер т.б.
-
модельдеу, бұл қарастырылатын құбылысты зерттеу басқа әдістермен қиын болғанда қолданатын әдіс. Зерттелетін феноменнің жасанды моделі құрылады. Математикалық, техникалық, кибернетикалық модельдер болуы мүмкін
-
іс-әрекет өнімдерін анализдеу әдістері, оларға жатады:
-
балалар суреті
-
аурудың жан дүниесінің мәдениеті
-
қалыпты адамдар мәдениеті
-
эксплорация - әңгімелеу әдісі (басқармалы сөйлеу), сараптау. Интервью – бұл арнайы және алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алуға бағытталған әңгімелеу түрі. Әңгімелесу түріне байланысты тікелей, қосымша, ауызша, жазбаша болуы мүмкін
-
анкеттеу
-
проекциялы әдістер (ТАТ, Роршах тесті және т.б.) – бұл әдістер жеке тұлғаны тұтас қарастыруға мүмкіндік береді
-
социометриялық әдістер
-
биографиялық әдіс.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев.Т .А Жалпы психология. «Қазақ университеті» 1999.
2. Сыздықов А.Қ « Жеке адамның іс -әркеті.Әлеуметтік психологиялық қарым –қатынас негіздері» 2005.
3. Немов. Р.С. Психология. М,: ВЛАДОС, 2000-2001
4. Рогов И.Е. Общая психология ( КУрс лекций). М.:ВЛАДОС, 2001.
5. Рубиншейн С.Л. Основы общей психологии, «Питер», Спб, 2007.
6. Столяренко Л.Д. Психология. Уч.д/ вузов, 2007.
7. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Феникс, Ростов-на- Дону, 2003
8. Клинческая психология. Под ред. Б.Д. Карвасарского. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2004.
Қосымша:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
2. Сидоров П.И Клиническая психология. М.:ГЭОТАР-МЕД, 2002.
3. Соколова Е.Е. Введение в психологию. Москва, Academ’a, 2005.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Психология ғылымының түрлі салаларының мінездемесі.
-
Медициналық іс-әрекетте психологиялық білімнің қажеттілігі.
-
Психикалық денсаулық нормасы мен тұлғаның дамуы қалай анықталады?
Достарыңызбен бөлісу: |