М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Дәріс № 14
Тақырыбы: Жоғары мектептегі оқу –тәрбие процесі
Орындаған: Узакова Н.А М Физ -11
Тексерген: Ергалиева Г. А
Тәрбие теориясы ғылыми қауымдастық арасында бүгінгі күнде үлкен қызығушылық танытып отыр, десек те, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеу сыналып, ақырында ұғымды сол коммунистік биліктің мұрасы ретінде қарастырғандар кездесті. Өйткені, бүгінгі таңдағы қарама-қайшылығы мол заманның қоғамдық санасына қажетті тәрбие мұратын табу қиынға соғады. Сондықтан, тәрбие - тұлғаны қоғамдық және мәдени өмірдің социомәдени нормативтер модельдеріне сәйкес дайындау мен қалыптастыру жүйесі. Көптеген ғалымдар пікірлері мен анықтамалары бойынша тәрбие популяцияның тарихын сақтауды қамтамасыз ететін механизм болып саналады. Ал, адам тәрбиесі педагогиканың ғылым ретіндегі пәнін құрайды.
Ғылыми еңбектерді саралай отырып, тәрбие мақсаты – арнайы дайындалған, жоспарлы жүргізілетін тәрбие акциялары мен қимылдарының ықпалымен жүзеге асырылатын және адамдағы күтілетін нәтижелі өзгеріс болып табылады.
Тәрбие көмегі арқылы қоғамға қажетті адами құндылықтар қалыптасады. Біріншіден, адамның сөйлеу мүмкіндігі; екіншіден, қоршаған ортаның өзгерісіне бағытталған мінез-құлық белсенділігі; үшіншіден, өндіріс құралдары арқылы қоршаған орта элементтері өзгерістерінің байланыс қызметі.
Студенттер тәрбиесі – бүкіл педагогикалық ұжымның ісі екені белгілі. «Болашақ» университеті [1, 2] әрдайым студент-жастар тәрбиесі, олардың келешек кәсіби қызметінің моральды-психологиялық дайындығына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда жаңа тарихи шарттарда және қазақстандық қоғамның күрделі тарихи кезеңдерінде өскен жастар білім алуда. Сондықтан тәрбие қатынастарының жаңа парадигмалары негізінде студенттерді тәрбиелеудің жаңа моделі қалыптасу үстінде. Оның дамуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Өкімі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының маңыздылығы жоғары. Әсіресе, тәрбие тұжырымдамасында айқындалған барлық мәселелер мен әдіснамалық негіздері талданып, тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша шаралар кешені ұйымдастырылған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы кәсіби ақпаратты жеткізудің көзі ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби мәдениетін қалыптасуына оң ықпал жасайтын тұлға. Университет оқытушысының кәсіби, азаматтық және патриоттық міндеті – тәрбие беру және тәлімгер ұстаз құндылықтарын сақтау болып табылады. Сондықтан оқытушылардың педагогика және психология саласындағы кәсіби деңгейін жоғарылатуды жүзеге асыру университет, факультет басшылары мен кафедра меңгерушілерінің маңызды міндеті саналады.
Тәрбие қызметін басқарудағы негізгі рөлді тәрбие жұмысының мазмұндық құрылымын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін университеттің Ғылыми кеңесі атқарады.
«Болашақ» университетіндегі тәрбие жұмысын тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор басшылығымен жүзеге асырылады және факультет декандары мен Студенттік Парламентке тапсырмалар беру арқылы үйлестіріледі. Аталмыш құрылымдық бөлімдер өз жұмыстарын тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге асырады. «Болашақ» университеті бірлескен мәдениетінің ажырамас бөлігі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқарудың басты ұйымы Студенттік Парламент және студенттік деканат болып табылады. Жастарға Студенттік Парламент пен факультет студенттер кеңесі өкілдік етеді. Студенттік кеңестің негізгі мақсаттары қатарына жоғары оқу орны басшылығымен қатынас жасауда студенттер мүдделеріне өкілдік ету, оқу мен Студенттер үйінде тұру жағдайлары оңтайлануына белсенді қатысу, студенттердің идеялары мен жобаларының жүзеге асырылуына ықпал ету, студенттердің шығармашылық-ұйымдастырушылық және ғылыми потенциалының жүзеге асырылуына көмектесу, жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатын студенттердің моральды және материалды қызығушылығының жүзеге асырылу жүйесін жасау жатады. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттік ортада іскерлік жағдай, плюрализм, азаматтық белсенділік, толеранттылық, қоғам өміріне белсенді қатысу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқу жылы бойында Студенттік Парламент университет ректорымен проблемалық-тақырыптық кездесулерін ұйымдастырады.
Университет оқытушылары мен студенттері ұйымдастыратын көптеген іс-шаралар дәстүрге айналып, олар ПОҚ және студенттер үшін етене жақын болып кеткен. Тұлға ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбие дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл, әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан, оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |