7Дәріс.Нәтижелі қарым – қатынастың барьерлері.
Оқытушы-дәріскер Мамекова А.Т
Жоспар:
1.Вербальды емес қарым-қатынастың ұлттық-мәдени ерекшеліктері.
2.Вербальды емес қарым-қатынастағы – әдеп.
Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 пайызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.
Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)
Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т.б.).
Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.
Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.
Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзараәрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.).
Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.
Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара, қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.
Такесика – адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.
Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты. Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар. Мысалы, Л.Н. Толстой күлкінің 97 түрлі реңін айырып жазған.
Ым-ишара.
Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж. Ниренберг және Г. Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын береді.
1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» және «сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен ерекшеленеді, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді.
2. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар» жоғарыда суреттелген. Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді шешкелі тұрғандығын көрсетеді.
3. «Бағаладу қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің бойымен созу, тұрып ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.
4. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу) серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы, жайлы сезініп тұрғанын және өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын көрсетеді.
5. «Өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық (неврозность) қимыл-қозғалыстары» (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен үстелдің бетін ұру және т.б.).
6. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды матаға сүрту, т.б.
7. «Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа еңкейту, қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.
Назарларыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |