Дәріс №1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет6/46
Дата21.07.2023
өлшемі0.94 Mb.
#475772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
дене шынықтыру әдістемелік

Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясы. Таңдап алған спорт түрінің техника классификациясы

Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясын меңгерту.


Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.


Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл-қозғалысты тиімді түрде орындауға байланысты.
Әр бір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кинотүсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды орындауы керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық, психткалық ж.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптар орындауы керек:

      1. Техника нәтижелілігі- жарыс жаттығу техникасының нәтижелі орындалуы. Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына түсуі.

      2. Тиімділігі-биомеханика заңдылықтарына сай тиімді қозғалыс құрылысын орындау.

      3. Тұрақтылығы- тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағытталған қозғалыс техникасын құрастыру

      4. Бейімділігі- спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы.

      5. Үнемділігі- энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрылысы.

Әдебиетер:

1.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989


2. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.
3. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет