Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
В.Н. Вдовин, А.Т.Қайназарова
ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ
050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану
мамандығының студенттері үшін СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалар
Өскемен
2011
ӘОЖ 656. 025. 06
В.Н. Вдовин «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»: СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалар. / В.Н. Вдовин, А.Т.Қайназарова/ ШҚМТУ баспасы. - Өскемен, 2011.- 37 бет.
Тапсырмалар 050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығының күндізгі түрінде оқитын студенттеріне арналған.
-
МАЗМҰНЫ
|
|
|
1
|
Модуль №1: Темiр жол көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру
және қозғалысты басқару
|
2
|
1.1
|
№1-тапсырма. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу
|
2
|
1.2
|
№2-тапсырма. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу
|
5
|
1.3
|
№3-тапсырма. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті
|
11
|
1.4
|
№4. Темiр жол телiмдерiнiң тасымалдау қабiлетi
|
13
|
2
|
Модуль №2: Жол қозғалысын ұйымдастыру
|
14
|
2.1
|
№5-тапсырма. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
|
14
|
2.2
|
№6-тапсырма. Жолдың тасымалдау қабiлетiн анықтау
|
16
|
2.3
|
№7-тапсырма. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау
|
19
|
3
|
Модуль № 3: Автомобиль көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
20
|
3.1
|
№8-тапсырма. Автоколонналардың тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау
|
20
|
3.2
|
№9-тапсырма. Жүрістің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау
|
23
|
3.3
|
№10-тапсырма. Автомобильдің өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау
|
26
|
4
|
Модуль № 4: Әуе көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
29
|
4.1
|
№11-тапсырма. Терминдер мен анықтамалар
|
29
|
4.2
|
№12-тапсырма. Авиарейстердегі қосалқы құжаттарды рәсімдеу
|
31
|
5
|
Модуль № 5 Су көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
33
|
5.1
|
№13-тапсырма. Коносамент түрлері
|
33
|
5.2
|
№14-тапсырма. Ішкі су жолдарының классификациясы
|
34
|
|
Қолданылған әдебиет тізімі
|
37
|
Жеке тапсырмаларды орындау үшін студент оқу шифрын пайдаланады, яғни сынақ кітапшасының нөмірінің үш соңғы саны алынады. Мысалы үш соңғы саны «379» болса, онда «9» саны – бірінші разряд, «7» саны – екінші разряд, «3» саны - үшінші разряд.
Модуль №1: Темiр жол көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру
және қозғалысты басқару
№1-тапсырма. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу
Жұп бағытынан келетін құрама поездбен атқарылатын маневр жұмысының жоспарын құрастырып, оның аралық станцияда тұруының технологиялық уақытын анықтау керек (1.1-сурет).
Берілген шарттар: поездың басында орналасқан 5 вагонды ағытып, 6-шы тиеп-түсіру жолына беру керек. Бұл жолда поездың басына тіркелетін 7 вагон бар. Маневрлерді поезд локомотиві орындайды.
Уақыт, мин.: маневрден кейін тежеуіштерді тексеру – 10; бас кондуктордың 100 м. аралықты жүріп өтуі – 1; бір вагонды тексеру – 0,16; шеткі крандарды жабу – 0,12; тежегіш жеңдерін ажыратып, ілу – 0,12; вагондарды ағыту – 0,06.
Вагонның орташа ұзындығы – 15 м., локомотивтің орташа ұзындығы – 35 м. 17-ші және 19-шы бағыттама бұрмаларының орталықтарының арақашықтығы 50 м. деп қабылдаймыз; шектік қададан бұрма орталығына дейін – 40 м., бұрма орталығынан рамалық рельстің түйіспесіне дейін – 15м.
Жұп бағыты
1.1- сурет. Аралық станцияның схемасы
Шешуі: Жұп бағытынан келетін құрама поезд 4-ші жолға қабылданады. Поезд локомотиві ағытылған вагон тобымен, (құрамның басында орналасқан) 7-ші тартым жолын қолдана отырып, маневр жұмыстарын орындайды. Маневрлерді орындаудың жалпы уақыты, жеке жарты рейстерді орындау уақыттарының қосындысынан құралады.
Вагонды жолдан жолға орын ауыстырудың бір жарты рейісінің уақыты:
tжр = а+bmқұр, мин (1.1)
мұндағы а және b – уақыт мөлшерлері, мин (а – локомотив қозғалысына кететін уақыт, b – маневр құрамыныдағы бір вагонның қозғалысына кететін уақыт), 1.1-кесте келтірілген;
mқұр – маневр құрамындағы вагондар саны.
Әрбір жарты рейстің ұзындығы берілген қашықтықтардың және маневр құрамындағы вагондар санының негізінде анықталады.
1-ші жарты рейстің ұзындығы. Құрама поезд станцияға келген кезде, шектік бағаншаға (кем дегенде) 30 м. жетпей тоқтауы керек, себебі 5 вагон ағытылып, 7 вагон тіркеледі. Локомотив пен 5 вагонның ұзындығы . Шектік бағаншадан 17-ші бағыттаманың рамалық рельсіне дейінгі қашықтық .
2-ші жарты рейстің ұзындығы. 17-ші бағыттаманың рамалық рельсінің түйіспесінен 6-шы жолда шектік қададан 15 м. алшақ тұрған вагондарға дейінгі қашықтық пен маневрлық құрамның ұзындығы .
3-ші жарты рейстің ұзындығы, 2-ші жарты рейстің ұзындығына қарағанда, 7 вагонның ұзындығына артық болады:
1.1-кесте
а және b уақыт мөлшерлері
Локомотив жүрісінің қашықтығы, м
|
Тепловоз және электровоз
|
Паровоздар
|
а
|
b
|
а
|
b
|
50 м-ге дейін
51-70
71-100
101-140
141-200
201-260
261-320
321-380
381-460
461-540
541-620
621-700
701-800
801-900
901-1000
1001-1100
1101-1200
1201-1300
1301-1400
1401-1500
1501-1600
1601-1700
1701-1800
1801-1900
1901-2000
2001-2200
2201-2400
2401-2600
2601-2800
2801-3000**
|
0,56
0,64
0,72
0,81
0,90
1,00
1,10
1,21
1,32
1,44
1,56
1,69
1,82
1,96
2,10
2,25
2,40
2,56
2,72
2,89
3,06
3,24
3,43
3,63
3,84
4,06
4,29
4,53
4,78
5,04
|
0,010/0,014*
0,012/0,018
0,014/0,022
0,016/0,024
0,018/0,030
0,020/0,034
0,022/0,038
0,024/0,042
0,026/0,046
0,028/0,050
0,030/0,054
0,032/0,058
0,034/0,062
0,036/0,066
0,038/0,070
0,040/0,074
0,042/0,078
0,044/0,082
0,046/0,086
0,048/0,090
0,050/0,094
0,052/0,098
0,054/0,102
0,056/0,106
0,058/0,110
0,060/0,114
0,062/0,118
0,064/0,122
0,066/0,126
0,068/0,130
|
0,66
0,76
0,87
0,99
1,12
1,26
1,41
1,57
1,74
1,92
2,11
2,31
2,52
2,74
2,97
3,21
3,46
3,72
3,99
4,27
4,56
4,86
5,17
5,49
5,82
6,16
6,51
6,87
7,24
7,61
|
0,012/0,018
0,014/0,022
0,016/0,026
0,018/0,030
0,020/0,034
0,022/0,038
0,024/0,042
0,026/0,046
0,028/0,050
0,030/0,054
0,032/0,058
0,034/0,062
0,036/0,066
0,038/0,070
0,040/0,074
0,042/0,076
0,044/0,078
0,046/0,080
0,048/0,082
0,050/0,084
0,052/0,086
0,054/0,088
0,056/0,090
0,058/0,092
0,060/0,094
0,062/0,098
0,064/0,098
0,066/0,100
0,068/0,102
0,070/0,104
|
*Алымы – құрамдағы тежеуіштер қосылған кезедегі b мәні; бөлімі – тежеуіштер қосылмаған кезде.
**Егер қашықтық 3000 м-ден көп болса, онда жүріс уақыты рұқсат етілетін жылдамдық бойынша, ал шектеулер болса, белгіленген жылдамдық бойынша анықталады.
1.2-кесте
Жұмыс жоспары мен маневр уақытын есептеу
(жұп құрама поездына вагондарды тіркеу және ағыту)
№
|
Жарты рейс
|
Жарты рейс қашықтығы, м
|
Вагондар
саны
|
а
|
b
|
Жарты рейс уақыты, мин
|
1
|
4-ші жолдан ағытылған вагондармен 17 бағыттамасынан әрі өту
|
85+110
|
5
|
0,9
|
0,027
|
1,04
|
2
|
6-шы жолға беру
|
120+110
|
5
|
1,00
|
0,028
|
1,14
|
3
|
6-шы жолдан 7-ші жолға қарай 17-ші бағыттамасынан әрі өту
|
120+12*15+35
|
12
|
1,21
|
0,03
|
1,57
|
4
|
Құрамға жеті вагонды тіркеу үшін 4-ші жолға өту
|
85+12*15+35
|
12
|
1,1
|
0,035
|
1,52
|
5
|
4-ші жолдан 17-ші бағыттамасынан әрі өту
|
85+110
|
5
|
0,9
|
0,027
|
1,04
|
6
|
вагондарды ағыту үшін 6-шы жолға өту
|
120+110
|
5
|
1,00
|
0,028
|
1,14
|
7
|
локомотивтің 6-шы жолдан 17-ші бағыттамасынан әрі өту
|
120+35
|
-
|
0,9
|
-
|
0,9
|
8
|
локомотивтің 4-ші жолға өтуі
|
30+55+35
|
-
|
0,81
|
-
|
0,81
|
Барлығы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
9,16
|
Құрама поездбен орындалатын жұмыс жоспары және маневр уақытын есептеу 1.2-кестеде келтірілген. Маневрлердің жалпы уақыты 9,16 мин.
Маневр кезінде қозғалысқа кететін уақыттан басқа, келесі қосымша уақыттарды ескеру керек:
-
бас кондуктордың вагон ағытқан жерге (1-ші жарты рейстің орындалуына дейін) келу уақыты. Егер кондуктор локомотивте болса және 5 вагон ағытылса, онда оның жүрген жолының қашықтығы (локомотив ұзындығын ескерсек) . Жүру уақыты ;
-
шеткі крандарды жабуға – 0,12 мин, тежегіш жеңдерін ағытып, ілуге – 0,12 мин және вагондарды ажыратуға – 0,06 мин. Барлығы 0,3 мин;
-
тіркелетін вагон тобын тексеруге (3-ші жарты рейстің алдында) .
-
4-шы жолда қалатын вагондарды ажыратуға (5-ші жарты рейстің алдында) – 0,06 мин;
-
шеткі крандарды жабуға, 6-шы жолда қалатын вагондардан локомотивті ажыратып, тежегіш жеңдерін ажыратуға (7-ші жарты рейстің алдында) – 0,3 мин.
Маневр кезіндегі қосымша уақыт , жалпы маневр ұзақтығы .
Құрама поездың аралық станцияда тұруының технологиялық уақыты – 25 мин.
Есеп 1 (1-ші разряды жұп саны үшін): Тақ бағытынан келетін құрама поездбен (40 вагон) орындалатын маневр жұмысының жоспарын құрастыру керек. Құрамның басында орналасқан 5 вагонды ағытып, 6-шы тиеп-түсіру жолына беру керек. Осы жолда орналасқан 7 вагонды құрамның басына тіркеледі. Есепке қажетті шарттар жоғарғы мысалдан алынады.
Есеп 2 (1-ші разряды тақ саны үшін): Жоғарыда келтірілген мысалдың мағлұматтарын қолдана отырып, тақ бағытынан келетін құрама поездбен орындалатын маневр жұмысының жоспарын құрып, маневрлерді орындаудың уақытын анықтау керек. Бірақ ағытылатын вагон тобы поездың соңында орналасқан және тіркелетін вагондар да поездың соңына тіркеледі.
Есепке қажетті қосымша мағлұматтар – 2-ші мен 8-ші бағыттамалар арақашықтығы – 100 м., 4-ші мен 5-ші бағыттамаларының арақашықтығы 860 м., 11-ші мен 5-ші бағыттамаларының арақашықтығы 90 м.
№2-тапсырма. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу
Дара жолды телім үшін әр мезетте келу станция интервалын есептеу керек.
Берілген шарттар:
-
станция жартылай автоблокировкамен жабдықталған телімде орналасқан;
-
бағыттамалар қолмен іске қосылады;
-
поездың станцияға кіру орташа жылдамдығы Vкір= 50 км/сағ.
-
сигналдың өзгеруін машинистің қабылдап үлгенген уақытында поездың жүріп өтетін жолы lқ = 100 м,
-
тежеу жолының ұзындығы lт = 600 м,
-
кіру сигналынан айырым бекетінің осіне дейінгі ұзындық lкір = 600 м,
-
қабылдап-жөнелту жолдарының ұзындығы 1050 м.,
-
поездың ұзындығы 720 м.
Шешуі: Бір мезетте станцияға әр бағыттан поездарды қабылдауға тыйым салынған.
2.1-сурет. Поездардың орналасу схемасы
2.2- сурет. Әр мезетте келу интервалы
Достарыңызбен бөлісу: |