Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі203 Kb.
#5739
  1   2   3
Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 10.06.2008 13:29:25
Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен

зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту

туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 ж. 21 сәуірдегі № 138 қаулысы

(2007.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 12.04.04 ж. № 113 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)



 

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Мыналар бекітілсін:

1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша);

2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (2-қосымша);

3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (3-қосымша).

2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және кастодиан банктерге жіберсін.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.



Ұлттық Банк

Төрағасы

 

 

 

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 21 сәуірдегі

138 қаулысына 1-қосымша

 

Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен



зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Үлгі шарты

_______________ қаласы            "____" ____________ 200___жыл

Жинақтаушы зейнетақы қоры ___________________________________________________

     (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы, нақты мекен-жайы)

бұдан әрі "Қор" деп  аталады,  Жарғы  (немесе  сенімхат)  және  зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыруға  және  _____  жылғы "____" ______ №___ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын

________________________________________________________________

________________________________________________________________

(лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда), туған күні,мекен-жайы)

арқылы бір жағынан және ________________________________________________________________

________________________________________________________________

        (лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда)

________________________________________________________________

    туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат

                        (сериясы, номері)

"_____"___________жылы__________________________________________берген, (кім және қашан)

әлеуметтік  жеке  код № ____________________, 



немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса,бұдан әрі"Салымшы/Алушы" деп аталады, екінші жағынан,  мына  төмендегілер  жөнінде

міндетті  зейнетақы жарналарының  есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:



1. Шарттың мәні

1. Осы Шартқа сәйкес Салымшы/Алушы міндетті зейнетақы жарнасын уақтылы енгізуге міндеттенеді, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жинақталған инвестициялық кірісті ескере отырып зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.



2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2. Қор:

1) міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Салымшыға/Алушыға жеке зейнетақы шот № ________________ ашуға;

3) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға;

4) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

5) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кіріс есептеуге;

6) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге;



7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатының жоғалуын өтеуге;

8) Салымшыға/Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен/Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

9) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

10) Шарт жасау кезінде Салымшыға/Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын көлемде мәліметтерді ұсынуға;

11) Салымшыға/Алушыға Салымшының/Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, соның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ауысуы және кастодиан банк туралы ақпаратты ұсынуға;

12) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап - он күнтізбелік күн ішінде Салымшыны/Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

13) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

14) Салымшының/Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға;

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға/Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

16) Салымшы/Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының/Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;



16-1) Салымшының/Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

17) Салымшы/Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Қордың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша оның жазбаша өтініші бойынша Салымшының/Алушының мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Салымшының/Алушының құқығын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.

4. Салымшы/Алушы:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес тек бір ғана Қорда жинақталған зейнетақы қаражаты болуына;

2) ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 70 қаулысымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

3) міндетті зейнетақы жарналарын Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде енгізуге;

4) Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қорға хабарлауға растайтын құжаттарды ұсына отырып.

5. Салымшының/Алушының:



1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;



3) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына бір күнтізбелік жылда екі рет аударуға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Қордан сақтандыру ұйымына аударуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен;

4) Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға төлемдерді жүзеге асыру сәтіне;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыруға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

7) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.



3. Зейнетақы жарналары мен төлемдерін енгізу

тәртібі мен шарттары

6. Салымшы/Алушы Шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын бір мезгілде кіріс төлей отырып оларды міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттің (бұдан әрі - агент) ұстап қалуы арқылы, сондай-ақ Қордың Шартта көрсетілген банктік шотына аудару арқылы дербес енгізеді.

7. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін Қазақстан Республикасының заңдары белгілейді.

8. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Қазақстан Республикасының төлеу сәтіне қолданылып жүрген заңдарымен белгіленеді.



4. Қордың Салымшыларды/Алушыларды хабардар ету тәртібі

9. Салымшыға/Алушыға оның жинақтаған зейнетақы қаражаты туралы Қор беретін жыл сайынғы ақпаратқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы кіреді, оның ішінде:

1) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналарының және (немесе) аударымдарының айлар бойынша және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып бөліп көрсетілген сомасы;

2) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы есептелген инвестициялық кірістің айлар бойынша және олардың нақты келіп түскен күнін көрсете отырып бөліп көрсетілген сомасы;

3) Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;

4) өткен жылы жүргізілген зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының ұсталған табыс салығының сомасы көрсетіліп, айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы.

10. Салымшыны/Алушыны жыл сайын хабардар ету күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін екі ай ішінде меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.

10-1. Салымшының/Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабардар ету төлем карточкасы арқылы, сондай-ақ байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және өзге байланыс құралдары) арқылы жүргізілуі мүмкін.



5. Тараптардың міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы

жауапкершіліктері

11. Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді.



12. Салымшымен/Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен агентке қайтарады.

13. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды Қор кінәсынан кешіктірген жағдайда, ол әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есесі мөлшерінде Алушының пайдасына өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл төлеу Қорды нақты зейнетақы төлеуді (жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

14. Форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, белгіленген тәртіппен жарияланған және тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс төтенше жағдайлар мен ахуалдар болған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

15. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі.



6. Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асыру тәртібі

16. Салымшының/Алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар басталған кезде кесте бойынша Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.



17. Қордан кесте бойынша зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

18. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 70 қаулысымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)



7. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары

19. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша түрде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей айқындалмаған және енгізілген толықтыру Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

20. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 70 қаулысымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

21. Шарт заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, сондай-ақ осы Шарт бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда Салымшының/Алушының бастамасы бойынша немесе Салымшының/Алушының корпоративтік Қордың акционері - ұйыммен жасаған еңбек келісімі бұзылған жағдайда корпоративтік Қордың бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

 

8. Шарттың қолданылу мерзімі

22. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

23. Шарт тараптар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

24. Шарттың күші Салымшыға/Алушыға, оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасы төленгеннен кейін немесе Қор Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударған кезде жойылады.

9. Дауларды шешу тәртібі

25. Тараптардың шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.

26. Шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде әрқайсысының заң күшi бiрдей екі дана етiп жасалады. Тараптардың әрқайсысында бір данадан болады.

10. Тараптардың деректемелері және қолдары

 

ҚОР                          САЛЫМШЫ/АЛУШЫ

______________________________       ____________________

Қордың атауы бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері, Алушының фамилиясы, аты

(бар болса - әкесінің аты)

______________________________         ____________________________

Қордың (оның филиалының, өкілдігінің)     тұрғылықты жері, телефоны

______________________________

нақты тұрған жері, телефоны

______________________________       ____________________________

(Қор өкілінің қолы)               (Салымшының/Алушының қолы)

 

Зейнетақы ережесімен таныстым _____________

 

 



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 21 сәуірдегі

138 қаулысына 2-қосымша

 

Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен

зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Үлгі шарты

(жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін)

_______________қаласы            "____" ____________ 200___жыл

Жинақтаушы зейнетақы қоры _____________________________________

     (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы, нақты мекен-жайы)

бұдан әрі "Қор" деп  аталады,  Жарғы  (немесе  сенімхат)  және  зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыруға  және  _____  жылғы "____" ______ №___ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын

________________________________________________________________

(лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда)

арқылы бір жағынан және жеке тұлға______________________________

                                   жеке тұлға үшін - фамилиясы, аты

________________________________________________________________

(әкесінің аты болғанда), туған күні, тұрғылықты жері,

________________________________________________________________

     жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, номері)

________________________________________________________________берген,(кім және қашан)

әлеуметтік жеке код  № ________________________ немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса,

_____________________,  бар, бұдан әрі"Салымшы/Алушы" деп аталады, екінші  жағынан,  мына  төмендегілер  жөнінде  ерікті  зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:



1. Шарттың мәні

1. Осы Шартқа сәйкес Салымшы/Алушы ерікті зейнетақы жарнасын енгізуге құқылы, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жинақталған инвестициялық кірісті ескере отырып зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.



2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2. Қор:

1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Салымшыға/Алушыға жеке зейнетақы шот №____________ ашуға;

3) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға;

4) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

5) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кіріс есептеуге;

6) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге;



7) Салымшыға/Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен/Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

8) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

9) Шарт жасау кезінде Салымшыға/Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көлемде мәліметтерді ұсынуға;

10) Салымшыға/Алушыға Салымшының/Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, соның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ауысуы және кастодиан банк туралы ақпаратты ұсынуға;

11) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап - он күнтізбелік күн ішінде Салымшыны/Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

12) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

13) Салымшының/Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға/Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

15) Салымшы/Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының/Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;



15-1) Салымшының/Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

16) Салымшы/Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға міндетті.

3. Қордың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша оның жазбаша өтініші бойынша Салымшының/Алушының мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Салымшының/Алушының құқығын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.

4. Салымшы/Алушы:

1) Шартқа қол қойған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Салымшы/Алушы өзінің зейнетақы жарнасын төлеу жөніндегі агентіне (бұдан әрі - агент) Шартқа қол қойылған күнді, әлеуметтік жеке кодының номерін, Қордың деректемелерін хабарлауға, сондай-ақ оған Шарттың көшірмесін беруге;



2) растайтын құжаттарды ұсына отырып, олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы Қорға хабарлауға міндетті.

5. Салымшының/Алушының:



1) ерікті зейнетақы жарналарын Салымшы/Алушы айқындайтын мөлшерде________________________________________________ енгізуге;

(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, бір жолғы және басқасы)

2) ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 70 қаулысымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

3) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 416 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына бір күнтізбелік жылда екі рет аударуға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Қордан сақтандыру ұйымына аударуға;

5) Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыруға төлемдерді жүзеге асыру сәтіне;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

8) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет