Дәріс №2 Тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу



Дата13.10.2022
өлшемі16.33 Kb.
#462614
түріБағдарламасы
Тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу


Дәріс №2
Тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталастар өткізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме - белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі.
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері:
• өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою
• өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау
• әдістерін анықтау
• аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі
өзін-өзі бақылау
К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау
• Турашылдық
• Ойлы әрекет
• Шешімділік
Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
• Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
• Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
• Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына белгілі бір биік мақсат қойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көзқарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет