ЖаңА Қазақстандық патриотизм мен азаматтықҚа тәрбиелеу, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘрбиелеу



бет1/3
Дата09.01.2023
өлшемі23.83 Kb.
#468242
  1   2   3
тәрбие жарты жылдык есеп 2022


VIІ. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
2022-2023 оқу жылының 1-қыркүйек - Білім күні алға кураторлық сағат өткізіліп, топ белсенділері тағайындалды. Университет қабырғасына алғаш келгендіктен студенттерге университет құрылымы, ғимараты, дәрісханалар, зертханалар және арнайы кабинеттер, оқу жүйесі барлығы таныстырылды, алғашқы күнінен бастап студенттермен жұмыс нақты түрде қолға алынды.
2022 жылы университетке ауысып келуге ынта білдірген, оқуға келемін деген студенттермен жұмыс жүргізілді. Оларды мүмкіндігінше жатақханамен қамтамасыз ету шапшаң түрде қолға алынды. Университет жанындағы студенттер үйімен тығыз байланыс орнатылды.

  1. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ тәрбие бағыты «Педагогика, дефектология» кафедрасының оқытушылары қыркүйек айында әр куратор өз группасымен тәрбие жұмыстарын жоспарлап жүргізді. Топ тәлімгерлері қазіргі таңда ең маңызды болып табылатын, интернет желісі бойынша таралатын ақпараттармен танысу және ақ-қарасын ажырату, сараптамалық жұмыстарын жүргізуді үйренуді қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қойды. Интернет желісінде жұмыс жасап, әр блогер ақпарат таратушы ретінде қоғамға дұрыс бағытты үндеп жатқанын немесе теріс ағымға шақырып отырғанын әрбір жас түсініп қабылдау керек. ПП-19 оқу тобы қыркүйек айында «Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы» аттты тәрбие сағатын жүргізі. Топ студенттері белсенді түрде қатысып тақырып құндылығын көрсете алды. ПП-22 топтары «Достық біздің тірегіміз» атты іс-шаралар өткізіп, Болашақ студенттер атты дөңгелек үстел өткізді. Қазақстандық жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік беріп отырған «Болашақ» бағдарламасына деген қызығушылық жыл санап артып келе жатыр. «Қарттарым – асыл қазынам» - аттты тәрбие сағатын Деф-20 оқк тобы қазан айында жүргізіп қоғамдағы қарттардың қымбат жандар екені туралы көріністер қойылды.

  2. РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕ бағыты бойынша оқу топтарында әр аптада өткізілген тәрбие сағаттарында «Қазақстан-бейбітшілік аумағы» атты әңгімелесу сағаты өтті. Деф-21 оқу тобы желтоқсан айына «Рухани жаңғыру – еліміздің болашағы» атты эссе жазып тақырып талқыланды. «Діни экстремизм» тақырыбындағы тәрбие сағаты жүргізілді. Дін дегеніміз не? Дінге деген жастардың көзқарасы қандай? Көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы адамның сана-сезімін улайтын жемтік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремальды түрде қаптауы туралы мәселелер талқыланды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет