Дәріс №43 Сабақтың тақырыбы



Дата02.04.2024
өлшемі17.53 Kb.
#497388
түріСабақ
Дәріс


Дәріс №43
Сабақтың тақырыбы:Тәрбие психологиясының негіздері
1. Тәрбие ұғымы, тәрбие психологиясының басты міндеттері.
2. Тәрбие психологиясының қарастыратын мәселелері

Тәрбие беру (оқыту, оқытумен қатар немесе одан тыс процестер барысында) адамды (қоғамның адам дамуының әрбір берілген тарихи кезеңінде әлеуметтік маңызды, позитивті құндылықтар ретінде қарастырылатын) белгілі құндылықтарға бағыттау, өзін-өзі ұстау принциптерін, баға беру жүйесін, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоғамға, жалпы әлемге көзқарасын қалыптастыру мақсатында мақсатты бағытталған ықпал деп түсініледі (А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев)1. Тәрбие беру талдамалы және педагогикалық мақсаттарда ол адамгершіліктік, эстетикалық, еңбектік, физикалық және т.б. деп жеке тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, жалпы барлық білім беруші ортаның тұтас ықпалы ретінде қарастырылады.


Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын, оқытудан ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны, оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы екі процестің арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын қатынастар. «Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып, біз оқытамыз», - деп С.Л. Рубинштейн атап өткен. Осындай түрде тәрбие беру оқу процесіне кіреді, бұл жағдайда ол тәрбиелеуші оқыту ретінде анықталады. Осы тұрғыдан ол басымдырақ тартып, педагогикалық психологиямен қарастырылады.
1.Тәрбие беру белгілі бір жүйе мен мекеменің білім беру процесінде және оқытудан тыс, оған қатарласа (үйірмелер, қоғамдық жұмыс, еңбекке тәрбиелеу) жүзеге асырылады. Бұл жерде оқытудың барлық тиімділігі нығайтылуы тиіс, және оқыту өз кезегінде тәрбие беруге ықпал етуі тиіс.
2.Тәрбие беру білім беру процесінен тыс (бірақ оның ортақ мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес) отбасында, еңбек ұжымы, топта, қауымдастықта жүзеге асырылады, бұл жерлерде оқыту мен үйрету өз бетінше жүруі де мүмкін.
3.Тәрбие беру өз бетінше, ал кейбір кезде мақсатты бағытталған оқыту мен үйретумен ілесіп басқа да мекемелер мен (білім беруші емес), қауымдастықтарда жүзеге асырылады (клубтар, дискотека, компаниялар және т.б.). Үлкендер мен құрдастарының тәрбие берудің осындай өмірдің қатаң шындығынан туған әсері көбінесе шешуші болып шығады.
Әрине, тәрбие берудің оқыту процесіне қарасты соңғы үш түрі педагогикалық психологиямен ғана емес психология мен педагогиканың арнайы бөлімінде қарастырылуы қажет. Педагогикалық психология үшін тәрбие беру оқыту процесіне оның мазмұны, түрі мен әдістері арқылы үйлесімді өз орынын алуы қажет. Зерттеу пәнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған көзқарастар тұрғысынан педагогикалық психологияның құрылымына:
- білім беруші қызметтің психологиясы (оқу және педагогикалық қызметтің бірлестігі ретінде);
- оқу қызметінің және оның субъекті – оқушының психологиясы (оқушы, студент);
-педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиелеуші әсердің бірлестігі) және оның субъекті (мұғалім, оқытушы) психологиясы;
- оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас психологиясы кіреді.
Аталған құрылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның өзінде ол 3 тармақта дәстүрлі болып қалып отыр (оқыту, тәрбие беру, мұғалім). Қазіргі уақытта педагогикалық психология жоғары мектеп психологиясы (жоғары білімнің) (Н.В. Кузьмина, М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, А.В. Петровский, С.Д. Смирнов) және мектепте оқытудың педагогикалық психологиясы болып бөлінуі көп кездеседі, оған дәстүрлі осы саладағы жұмыстар кіреді.
Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, айталық, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірлерден басталынып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, “тәрбие” деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы “таза тақта”. Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.

Тәрбие психологиясының қарастыратын мәселелері. Тәрбие iсi—“ой шұңкыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлi тәсiл, әдiстердi қажет ететiн аса күрделi процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бiр жағына, яғни тәрбие әдiстерiнiң бiрi - тәрбиеленушiлерге талап қоя бiлу, оның нәтижесiн кадағалап отыру мәселесiне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған iс уақытында қадағаланбаса, бiртiндеп берекесiздiк пайда болады. Сондықтан балаға кiшкентай кезiнен бастап шамасы келетiн талаптар қойып, мiндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскiндi жауапкершiлiкке, өз борышын дүрыс түсiне бiлуге машықтандыру қиын. Талап қою, мiндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейiн ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзi мүмкiн емес. Мәселен, жетi жасар бала мұғалiмнiң үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға бiртiндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тiлектерiн орындау оқушы үшiн - заң. Оқушыға мiндет алу, тәрбиешiнiң талабын мүлтiксiз орында шығу үлкен жауапты әрi жанды жадырататын iс. Бұл жәйт шәкiрттiң психикасына зор салмақ салып, бала психологиясын күрт өзгертуге себепшi болады. Өйткенi, мектепке дейiнгi тәрбиеде шын мәнiндегi талап қоюшылық, мiндет алушылық болмайды, белгiлi мiндет жүктеу, белгiлi талап, ережелердi орындатқызу — мектеп режимiнiң бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлi жолдарын шәкiрттiң жеке-дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшелiктерiне қарап әр кез нақтылы жағдайға орай үнемi түрлендiрiп отыру қажет.


Мәселен, шәкiртке қойылатын талаптың қарапайым түрi, оған өз мiндетi туралы жайлап ескерту болса, ал мұның жоғары түрi кесiмдi түрде бұйыру. Адамға талап қою - оны бiр нәрседен сақтандыру, тиым салу түрiнде де қолданылады. Дұрыс талап қоя бiлудiң тиiмдiлiгi, тәрбиелiк мәнi ұстаздың байсалды, байып тылығына да байланысты. Адамға талап қоя бiлу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейiн қадағаламайтын, тiптi оған қалай болса солай қарайтын мұғалiмдер де кездеседi. Осындай мұғалiмнiң сынып ұжымын ынтымақтыққа, бiрауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын. Шәкiртке дүрыс талап қоя бiлумен қатар оның iс-әрекетiн оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргiзу оқушының iске жауапкершiлiгiн арттырады, өзiне деген сенiмiн күшейтедi, iс-әрекетiнiң қоғамдық маңызын аңғара бiлуге, сөз бен iстiң арасындағы алшақтықты бiртiндеп жойып отыруға мүмкiншiлiк бередi. Оқушыларға талап қоюмен олардың iс-әрекетiне бақылау жүргiзуде мына төмендегiлердi ескерiп отырған абзал. Бiрiншiден, әр уақытта орындалуы күмәнсiз нәрселерге ғана нақты талап қойылуы қажет. Кiсiге ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетiн-келмейтiнiн ескермеу жақсы нәтиже бермейдi.
Сондықтан, талап дәл, анық, нақтылы келiп, одан қайшы пiкiрлер орын алмауы тиiс. Екiншiден, ол өте қысқа, ықшам сөздермен тұжырымдалып, оның орындалу жолын шәкiрт жақсы түсiнсе ғана нәтижелi болып орындалады, үшiншiден, талап барынша байсалдылықпен, оқушының ар-ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негiзгiсi - оның орындалғаны жөнiнде адамнан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретiне қарай жүзеге асырып отыру тәлiмгерлiк шеберлiкпен, ұстаздық тактiнi қажет етедi. Шәкiрт тәрбиесiнде кiсiнiң қол жеткен табыстарын уақытында көре бiлiп, оны ретiмен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрi -мақұлдау. Егер шәкiрттiң iс-әрекетi әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседi. Мәселен, «бәрекелде», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынауыңнан нәтиже шығады», т.б. осы секiлдi сөздер оның жiгерiне жiгер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбiр iсiне әдiл баға берiп отыру үстаздың беделiн онан сайын арттыра түседi. Шәкiрттердi айқай-ұйқаймен басқарғысы келетiн мүғалiмдер көп сөйлейдi, кiсiнi ығыр қылатын сөздi шәкiрт жаратпайды, ол «ұстазының» қай сөзiн тыңдарын бiлмей, басы қатады. Ұстаз шәкiрттiң терiс iстерi мен қылықтарын дер кезiнде көре бiлiп, реттi жерiнде оған түрлi жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негiзгi максат - терiс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәнi де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептiлiк, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тiптi төменгi сынып оқушыларының да өздерiнiң тәртiпсiз iстерiнен ұялатын, жапа шегiп, қапаланатын кездерi болады. Адамның кiнәсi үшiн әдiл жазалау кiсiнi қатты ойландырып, бұл оның мiнез-құлқын түзете бастауға себепшi болады.


Негізгі ұғымдар: тәрбие, педагогикалық қызмет,тәрбие тәсілдері.
Бекіту сұрақтары,тапсырмалар:
1.Тәрбие психологиясы нені зерттейді?
2.Тәрбие тетіктері дегеніміз не?
3.Адамға дұрыс талап қоя білудің маңызы қандай?
Үй жұмысы:кестені толтыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет