Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі



Дата04.05.2023
өлшемі3.33 Mb.
#473196
Киял. Психология

Қиял


Қиял?
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, өзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс.
Адамдардың өмірінде қиялдың ерекше рөл атқаратындығын айта келіп, көптеген ғалымдар, жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған болатын. Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем – ұшақ туралы халық аңыздары мен ертегілерінде айтылған еді. Осылардың бәрі қиялдан туындаған.
Адамның жаңаны ойлап табуы – бұл белгілі білімнің, өзгертілген және жаңарған, жетілген түрі. Фантастикалық бейнелер үшін материал ар уақытта жер бетіндегі шындық кубылыстар болып табылады. Адам өзінің күнделікті іс-әрекетінде жаңа бейнелерді және заттарды жасап гана қоймайды. Адам санасында қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін қайта жаңғырту арқылы (басқа адамдардың айтқаны арқылы) жасай алады.
Қиял – адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.
Қиялдың іс-орекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі - елестетулердің жекелеген боліктері мен элементтерінің болшектелуі. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер - қиял елестулері жасалады.
Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе болімдерінің бір түтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтады.
Адам өмірінде қиял бірқатар нақты әрекеттерді орындайды
Функциялар. Олардың біріншісі-бейнелердегі шындықты бейнелеу және оларды пайдалану мүмкіндігі,шеше отырып, міндеттері. Қиялдың бұл функциясы ойлаумен байланысты .Қиялдың екінші функциясы-эмоционалды жағдайларды реттеу.
Қиялдың үшінші функциясы оның танымдық процестер мен адамның күйлерін, атап айтқанда қабылдауды еркін реттеуге қатысуымен байланысты,назар, есте сақтау, сөйлеу, эмоциялар.
Қиялдың төртінші функциясы — Ішкі іс-қимыл жоспарын қалыптастыру-суреттерді басқара отырып, оларды ақыл-ойда орындау мүмкіндігі.
Бесінші функция — жоспарлау және бағдарламалау
мұндай бағдарламаларды құру, олардың дұрыстығын бағалау, іске асыру процесі.
Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді:
1.қайта жасау қиялы
2.шығармашылық қиялы.
Қиялдың түрлері
1.Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен қубылыстарды создік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.
2.Шығармашылық қиялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдын бул турі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рол атқарады.
Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял.
Ырықты (актив) қиял
Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман.
Ырықсыз (пассив) қиял
Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.
Арман – қиялдың ерекше түрі
Арман - шындықты өзгертуге бағытталған адамның шығармашылық күштерін өмірге енгізудің қажетті шарты. Ол ғылыми көрегендіктің элементі болып табылады. Арман адамды талпындыратын, итермелейтін себеп немесе ісәрекеттің түрткісі болып табылады.
Место для
ответа

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет