Дәріс №7 Несеп мүшелері. Бүйрек, орыны, құрылысы. Нефрон. Несепағар-орыны, құрылысы. Несепқуық- орыны, құрылысы. Несеп шығаратын өзек, жыныс ерекшеліктері
Дәріс № 7 Несеп мүшелері. Бүйрек, орыны, құрылысы. Нефрон. Несепағар-орыны, құрылысы. Несепқуық- орыны, құрылысы. Несеп шығаратын өзек, жыныс ерекшеліктері. Несеп-зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық және несеп түтігі кіреді. Несеп-зәр шығару мүшелері жыныс мүшесімен тығыз байланыста болады. Еркекте несеп жолы мен жыныс жолы несеп жолына бірігеді, ал әйелде несеп түтігі қынап біреберісіне ашылады.
Бүйрек (почка, ren, negros)- жұп мүше. Іш қуысының артқы қабырғасында,бел аймағында, ХІІ кеде, І-ІІ бел омыртқаларының аралығында, омыртқа жотасының екі жағында, іш перденің сыртында. Қалыпты жағдайда оң бүйрек сол жақтағыдан төменірек болады.
Бүйректің атқаратын қызметі:
зәр пайдаболады, сыртқа шығарады.
Қан қысысмының тұорақтылығын сақтайтын ренин бөледі.
Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды. Ол қызыл күрең түсті, жоғарғы және төменгі полюсі, медиаль-латераль шеті, алдыңғы және артқы шеті бар. Латераль шеті дөңес, медиаль шеті ойық келеді- онда қақпасы орналасқан.
Қақпа арқылы бүйректің артерия, вена қан, лимфа тамырлары және несеп ағар өтеді. Бүйректің жоғкрысында бүйрекүсті бездері орналасқан. Оң бүйректің алдыңғы беті он екі елі ішектің төменге қараған бөлігімен, жуан ішектің оңжақтағы иірімімен, ал жоғарысында бауырдың төменгі бетімен жанасады.
Солбүйректің алдыңғыбеті асқазанның жоғарғы шетімен, асқазан асты безінің ұшымен, ал төменінде жіңішке ішекпен шектеседі. Бүйректің латераль шетіне көкбауыр мен жуан ішектің солжақтағы иірімі жанасады. Бүйректің тек алдыңғы беті іш пердемен (шарбымен) жабылған, сондықтан бүйрек экстроперитонеал жағдайда орналасқа. Бүйрекүсті бір орында қан тамырлары мен бүйрек шандыры іш қуысының қысымы ұстап тұрады. Бүйректің сырты фиброзды қапшықпен қапталған, қалыпты жағдайда тығыз және тегіс, жалтырақ. Оның сыртында майлы қапшық бар.
Егер бүйректі ұзынынан кесетін болсақ, медиаль шетіндегі бүйрек қуысын, үлкен, кіші тостағаншаларын және бүйрек түбірінің бір бөлігін көреміз. Қуыстың жан-жағын бүйректің заты қоршап тұрады. Бүйрекзаты сыртқы-қыртысты, ішкі- милы қабаттан тұрады. Пирамида –милы қабаттың үшбұрышты бөліктері. Милы қабатында бүйрек пирамидаларының орта есеппен 80 пайызы орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы қуысқа бағытталған. Екі-үш пирамиданыңұшы бірігіп бүртігі (почечные сосочки) пайда болады. Әрбір бүйректегі олардың саны 10-12. Әрбір бүртікте көптеген ұсақ тесіктер бар, олар арқылы зәр кіші тостағаншаларға құйылады. Ал бүйректің қыртыс қабаты пирамидалардың арасына өтіп, бүйрек бағаналары пайда болады. Пирамиданың негізінде бүйректің милы заттары қыртыс заттардың ішіне кіріп «милы» сәулелер пайдаболады.
Бүйректің құрылыс бірлігі нефрондар. Әрбір бүйректе 1 млн шанефрондар болады. Олар Шумлянский-Боумень денешелерін, бастапқы ирек Генми, шеткі және жинаушы түтікшелерден тұрады.
Нефрон Шумлянский- Боумень денешелерінен басталады. Денешенің екі қабат қабырғасы бар, бір қабатты куб тәріздес кілегеймен қапталған.
Шумлянский- Боумень денешесінің қабат аралық бастығы бастапқы түтікшемен жалғасады. Ол ирек Генли түтікшелерімен, шеткі, кейін жинаушы түтікшелермен жалғасады. Әрбір нефронның түтікшелерінің ұзындығы 20-50 мм, алекі бүйрек түтіктерінің ұзындығы 100 км жуық болар еді. Нефронның жинаушы түтікшелері пирамиданың ұшындағы тесік арқылы зәрді кішкене тостағаншаларға құяды, олардың саны 10-12, бірігіп үлкен тостағаншаларға айналады. Ал олардың бірігуінен бүйректің түбегі пайда болады. Бүйрек түбегі оның қақпасының тұсында тарылып несеп ағар түтігіне өтеді.
Бүйректегі қан айналымының ерекшелігі бар. Бүйрек қақпасына кіріп бүйрек артериясы майда артерияға тармақталады да Шумлянский- Боумень денешесінде «кіруші артериола» түрінде кіріп капиллярлар торына айналады. Денешеден «шығушы артериола» басталып, түтікшелерде екінші артерия торына айналады. Сонымен бүйректе екі рет артериолалардың торы пайда болады.
1. Шумлянский- Боумень денешесінің капиллярлар шумағы
2. Нефронның түтікшелердің капилляр шумағы
Бүйрек венасы төменгі қуыс венаға құяды. Денедегі барлық қан бүйректен 5 минут ішінде өтеді. Тәулігіне бүйректен 150-180 л. Қан ағып өтеді.