Тақырбы: Асқазанға зонт енгізу және оларды жуып шаю
Танау-жұтқыншақ зонды. Бұл зондты көбінесе жылқының,қойдың,бұзаудың және шошқаның ас қорыту ағзаларын тазарту үшін және асқазанның кілегей қабығының қабынуы,асқазанның кеңеюі,іш өту сияқты ауруларды емдеуге қолданады.
Орындау әдістері.Алдымен малдың ерні мен асқазанның ара қашықтығын анықтайды.Ол үшін жылқыларға малдың ернінен 14-15-ші қабырғаға дейінгі ұзындығын тауып,зондтқа сол ұзындықта белгі жасайды.Күні бұрын дайындалған зондты тұмсық қуысы арқылы өңешке,одан асқазанға дейін енгізеді.Зондтың кеңірдек арқылы емес асқазанға дұрыс бұрғанын білу үшін шелектегі суға батыру керек.
Егер зонд кеңірдекте болса,онда суда көпіршік пайда болады. Ондай жағдайда зондты шығарып алып қайта енгізу керек.Дұрыс енген зондтқа воронка арқылы 8-10 литрдей ерітіндіні 38 С жылулықта біртіндеп құямыз.Егер асқазанның жиырылуы жақсы болса,онда жуу процесі жақсы жүреді.Мұндай процедураны 2-3 рет қайталайды.
Шошқада зондтың ұзындығын тұмсықтан бастап 7-8 қабырғаның арасына дейін өлшейді.Ерітіндінің мөлшері 5-6 литр.
Қойда,бұзауда зондтың ішке жіберетін бөлігін ауыздан месқарынның тұсына дейін өлшейді.
Черкасовтың зонды.Зондтың ұзындығы 2-2,5 метр,диаметрі 35-50мм.Зондты ауыз қуысы арқылы месқарынға дейін енгізеді.Ол үшін зондтың ішке кіретін ұзындығын малдың ернінен аш шұңқырға дейін өлшейді.
Зооветснаб зонды. Бұл зондты шұошқаға,қойға және бұзауға пайдаланады.Пайдалану техникасы жоғарыда келтірілгендей.
Меликсетянның зонды. Бұл зондты ірі қара малдарында жиі кездесетін тақия қарнышақтың бөгде заттардың әсерінен қабыну процесінде қолданады.Зондтың құрамында:зонд ,магнит,ілгекше таяқ.
Орындау әдісі: Зондты тазалап бір жақ жартысын вазелинмен майлаймыз да,сол жағын тұмсық арқылы белгіленген жерге дейін өңешке енгіземіз.Малдың тілін сартқа шығарып,ілгекше таяқшаны пайдаланып зондтың өңештегі ауыз арқылы сыртқа шығарамыз.
Магнитті қайтадан тшығару үшін зондты біраз сыртқа шығару үшін зондты біраз сыртқа шығарып,малдың тілінен ұстайды да,ілгекше таяқты көмекейге дейін енгізеді.Моогниттің көтеру күші 500г-ға дейін.
Коробовтың зонды. Бұл зондта ірі қара малдардың алдыңғы қарыншақтары мен асқазаны бөгде-темір заттарымен жарақаттанғанда қолданылады.Зондтың құрамында:зондтың өзі,магнит және етмір түтіктен тұратын екі жақтауы бар тзонд қорабы.
Орындау әдісі.Магнитті зондтың тиісті жеріне жақсылап бекітеді.Ал екінші үшін темір түтігінінің ішкі жағымен өткізіп сыртқа шығарады.Сол шығарылған жағын қолға орп қысқартқанда магниттің басы түтікке келіп тіреледі.Келесі кезекте магниттің басы мен темір түтіктк ауыз қуысы арқылы зондтың екі жақтауы екі езуге келіп тірелетіндей етіп,енгізеді де,малдың бас сүйектеріне таңғышатр арқылы бекітеді.Зондтың бос ұшын босатқанда магнит өз салмағымен өңеш арқылы ммесқарынға барып түседі.Магниттің көтеру күші 12кг.Зондты аурудан сақтандыру шарасы ретінде 7-8 сағатқа,емдеу ретінде 1сағатқа қалдырады.Зондты магнитпен бірге шығару үшін зондты қайтадан орап,магнитті темір түтікке дейін жеткізеді.Содан кейін таңғыштарды босатып,системаны алып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |