Iii бөлім гүлді өсімдіктердің МҮшелері,жемістер және тұҚымдар



Дата24.02.2024
өлшемі2.19 Mb.
#493077
түріОқулық
мұнайдың алыну жолдары


Гүлді өсімдіктердің мүшелері,
жемістері және тұқымдары.
I тарау.
Тұқым. Қос және дара
жарнақты өсімдіктер.
Тұқым қабығы қалың,тығыз, сырты тегіс жылтыр,түрлі түсті.Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден,зақымданудан,шіруден сақтайды.
Тұқымында екі тұқым жарнағы бар өсімдік қосжарнақты деп аталады.
Ұрық-алғашқы тамырша,алғашқысабақша және бүршікшеден дамиды.
Қос жарнақты тұқымның құрылысы:Тұқымның қабығы,жарнағы және ұрығы болады.Үрмебұршақ пішіні бүйрекке ұқсайды.Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді.Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа,су кіреді.
Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады.Эндосперм жасушаларында
крахмал, нәруыз,май заттары жиналады.
Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасыпбекінген ұрық бар.Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ
орналасады.
Дара жарнақтыларға жататын өсімдіктер:
Биологиялық диктант: Қос жарнақтылар. 1.Ұрық................. тұрады.
2.Үрмебұршақ тұқымының жарнағы ............ ............. болып саналады.
3.Асқабақ ,қауын,қарбыз тұқымында ........................ болмайды.
4. Қо жарнақты тұқымда ......... ........... болады.
5. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында .................... бар.
7 Жарнақта ............ ............ қорға жиналады.
8. Ұрық ......... .............. .................... түзіледі.
9. Тұқым қабығы ........ ............ , ............ сақтайды.
10. Қоректік заты ..................... жиналады.
1. Екі жарнақ 2. Жарнағында 3. Алғашқы тамырша,сабақша,бүршікшеден 4. Кіндігі 5. Крахмал,май,белок 6. Эндосперм 7. Қос жарнақты 8. Кеуіп кетуден. Мезгілсіз өнуден 9. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан
Оқулық пен жұмыс
  • Тізімдегі сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыр. Үрмебұршақ тұқымының құрылысында ................. болады. Тұқым қауызы; кіндігі; ұрық; эндосперм; екі жарнақ; тұқым қабығы; қоректік заты.
  • Сұрақтарға дұрыс жауаптың астың сыз. Тұқым өнген кезде өскіннің қай мүшесі бірінші болып шығады? А) Сабақ; Ә) Тамыр; Б) Жапырақ; В) Барлығы бір мезгілде шығады.
  • Өніп келе жатқан ұрық алғашқы кезде немен қоректенеді? А) Эндоспермдегі су мен минералды тұздар; Ә) Су, ауа , органикалық заттармен; Б) Эндосперм мен тұқым жарнағындағы органикалық заттар қорымен

Үй тапсырмасы .
1.Қос жарнақтылар мен дара жарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын (түрлерін) кесте сызып толтырыңдар.
2. Жүгері, бидай, бұршақ, күнбағыс тұқымдарын суға бөрттіріп, қайсысының қабығы оңай сылынатынын салыстырып қорытынды жасаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет