Дәріс 8 Нарғызгүл. Әсем құртқашаш. Канна аула гүлдерін өсіру технологиясы Сәндік өсімдіктердің көбеюі


Жалпы сипаттамасы. Құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандығы



бет2/3
Дата04.02.2023
өлшемі56.33 Kb.
#469144
1   2   3
Дәріс 8

Жалпы сипаттамасы. Құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандығы. Құртқашаш тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер (80-сурет). Құртқашаш тұқымдастар дың ғаламшарымызда 1 800-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың Қазақстанда 35 түрі өседі. Құртқашаштар тропикте және субтропик те таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер (құртқашаш, баршынгүл, запран, т.б.). Олардың тамырсабағы, түйнектері, түйнекті пиязшықтары және пиязшықтары болады.
Жапырақтары қылыш тәрізді немесе таспа жапырақты болып келеді. Гүлдері – ірі, қосжынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді. Құртқашаштардың гүлсерігі күлте тәрізді болады. Гүлінің жеке өсуі де, гүлшоғырлы болуы да мүмкін. Гүлсерігі 6 жапырақшадан құралған, күлте тәрізденіп, айқын көрінеді. Аталығы – 3. Бір аналығы болады, аузы үштелімді. Көпшілігінің үш ұялы жатыны төмен орналасады. Жемісі – үш ұялы қауашақ. Құртқашаш тұқымдастар гүлінің формуласы: *Гс6А3Ж 1 (Гс – гүлсерік).
Дәрілік, тағамдық, басқа да мақсаттарға қолданылатын құртқашаш тұқымдастар бар. Халық құртқашашты кейде «жыланқияқ» деп те атайды. Құртқашаш – Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы – германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі – 1 м.
Германдық құртқашаштың топырақта шырынды, ақ түсті тамырсабағы болады. Тамырсабақтан таспа тәрізді жапырақтары, тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлсидамда иіссіз, күлгін көк, сары түсті гүлі жеке өседі. Гүлсерігі 6 күлтеден құралып, дұрыс орналасқан. Олардың үшеуі төмен салбырап, үшеуі тік тұрады. Аталығы – 3. Аналығы – 1. Аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдің формуласы: *Гс6А3Ж 1. Жемісі – үш ұялы үлкен қауашақ. Құртқашашты көктемде немесе жазда тамырсабағынан көбейтіп өсіруге болады. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Қазақстанда құртқашаштардың 21 түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет