Дәріс 8 Нарғызгүл. Әсем құртқашаш. Канна аула гүлдерін өсіру технологиясы Сәндік өсімдіктердің көбеюі
Кешенді күтіп-баптау жұмыстары
Нарғызгүл [1], георгин (лат. Dahlia) – астралылар тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Гүл шорығында будандастырылған (негізінен құбылмалы нарғызгүлден алынған) 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің түсі алуан түрлі, гүлшоғыры – себет (оның диам. 35 см-дей). Нарғызгүлдер – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді. Нарғызгүлдерді тұқымынан өсіру, бадана ұяларын бөліп алу жолымен қалемшелерінен көбейтеді. Өсімдіктің гүлшоғыры ірі болу үшін отырғызар алдында 2 – 3 мықты өркенді қалдырып, әлсіз өркендерді кесіп тастайды. Қыста жақсы сақтау үшін баданаларын суық түскенге дейін қазып алады. Кептірілген баданаларды құрғақ, қараңғы қоймаларда (температурасы 4 – 5С) сақтайды.
Өсімдік туралы
Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика және Колумбияның таулы аймақтары. Табиғатта нарғызгүлдің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Нарғызгүлдің гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады. Тамыртүйнекті нарғызгүлдердің гүлдеу уақыты шілде айының соңынан бастап, күздің ортасына дейін жалғасады. Мол гүл жаруы үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Гүлдерінің көлемі үлкен, бойы биік болғандықтан, көбіне оны гүлзардың ортасына егеді. Нарғызгүлді қырқып алып, суға салып қойса, оншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Осы ерекшелігіне орай оны гүлдестелер жасауға қолданады.
Күтімі
Кез-келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегі қысқы суыққа шыдамайтындықтан, қыркүйек айының соңына таман қазып алып, қағазға орап, жертөледе сақтайды. Сәуір айының екінші жартысында тұрақты орнына егіп, күтім жасау қажет. Биік түрлерінің сабағын байластырып қоймаса үлкен гүлінің салмағына шыдамай майысып немесе сынып кетуі мүмкін.
Көбейтілуі
Тамыртүйнегін бөлу арқылы көбейту ең оңай жолы болып табылады. Жас сабақтарын қалемшелеу және тұқымы арқылы да көбейтуге болады.
Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика, Колумбия.Табиғатта 24 түрі кездессе, гүлзарларда 15-ға жуық түрі қолданыста. Бойының биіктігі20-250см. Гүлдеу уақыты шілде айының соңынан күздің ортасына дейін жалғасады.Мол гүл жару үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Нарғызгүлдің гүлсидамын қырқып алып суға салып қойсаоншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Сондықтанда оны гүлкестелер жасауға қолданылады. Кез келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегіқысқы суыққа шыдамайтындықтан қыркүйекайының соңына таман қазып алады.Тамыртүйнегін бөлу, жас сабақтарын қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтеді.
Нарғызгүл туралы тақпақ
Маусымда жарғанмен гүлдерін,
Ол бірден керемет болмайды.
Жетіліп, көбейіп күнбе-күн,
Күз түсе құлпырып, жайнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |