Дәріс №8 Тақырыбы: Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттердің патронажын өткізу Мақсаты



бет1/7
Дата30.01.2024
өлшемі51.36 Kb.
#490194
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
№8 Дәрігерге дейінгі асбулаториялық қабылдау


ДӘРІС №8
Тақырыбы: Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттердің патронажын өткізу


Мақсаты: Пациенттерді алғашқы қабылдауды жүзеге асыру. Пациентті қарау. Пациенттің бойы мен салмағын айқындау. Пациент отырған күйде оң қолындағы қан қысымын өлшеу. Антропометрияны жүргізу, артериялық қысымы мен көзінің қысымын, денесінің температурасын және т.б. өлшеу. Глюкоза мен холестериннің құрамын шұғыл талдау үшін қан алуды жүзеге асыру. Шұғыл талдағышта глюкоза мен холестериннің құрамын айқындау. Пациенттерге құралдық, аппараттық, зертханалық зерттеулерге дайындалу тәртібін түсіндіру. Орталық ауруларды анықтау. Денсаулық жағдайының сәйкестігін айқындау


Дәріс тезистері:
Коммуникация дегеніміз- тұлғаның қатынас жасай білу қабілеті.Медбике тәжірибесінде алатын орны ерекше.Мейірбикелік диагноз қою немесе денсаулыққа байланысты пациент проблемасын анықтау үшін субьективтік және обьективті тексеру тәсілдері қолданылады.
Субьективті тексеру- тілдесу арқылы пациент шағымы жинақталады, талдау нәтижесінде бұзылған тіршілік мұқтаждығы анықталады. Медбике мен пациент арасындағы қатынас дұрыс болмаған жағдайда денсаулық туралы мәлімет толық алынбайды, мейірбикелік диагноз дұрыс алынбайды, сапалы білім үшін бар мүмкіндіктер қолданылмайды.
Коммуникацияның 2 түрі бар- вербальды және вербальды емес. Жеке тоқталатын болсақ вербальды коммуникация негізінен 2 тұлға арасындағы диалогты құрайды, тілдесу немесе сөйлесу арқылы болғаны 7 пйыз мәлімет берілетіні зерттелген. Мәлімет жинау барысында- белсенді (мұқият) тыңдау, қолдау жасау, жалпы және негізгі сұрақтарды қоя білудің маңызы зор.
Вербальды емес коммуникация деп әр түрлі таңбалар (белгілер) арқылы емделушімен қатынас жасауды айтады. Зерттеу нәтижесінде таңба арқылы (қимыл- әрекет)- 55 пайыз, дауыс ырғағы арқылы (интонация) – 38 пайыз мәлімет берілгені анықталған. Көз қимылы, мимика, қандай көңіл- күйде айтылғаны, отырып немесе тұрып, жатып айтылған сөз емделушіге әсер тигізеді. Қатынас барысында үнсіздік пен үзілістің алаиын орны ерекше. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ вербальды емес коммуникация вербальды коммуникациядан 4 есе күшті әсер етеді.
Коммуникация 5 элементтен тұрады:

  1. Мәліметті қабылдаушы (мейірбике),

  2. Мәлімет айтушы (пациент);

  3. Мәлімет (информация)

  4. Қоршаған орта;

  5. Айтылу тәсілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет