Мінездеме
Оқушы туралы мәлімет: Сеит Амина 2006 жылы қантар айының 13 жұлдызында дүниеге келген. Амина 2012 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден барып - келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жоғары деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, биология пәндеріне қызығушылығы басым. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі ашық, көңіл – күйі күнде көтерінкі. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады,ұжым мен қоғам мен студенттермен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |