Дәріс: Балалардағы бұлшық ет жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері



бет1/4
Дата15.06.2023
өлшемі0.55 Mb.
#475112
  1   2   3   4
Бұлшық ет жүйесінің АФЕ


ДӘРІС:
Балалардағы бұлшық ет жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
Қарсыбаева Ұлбала Романовна
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Бұлшық ет жүйесінің анатомиялық,физиологиялық,гистологиялық ерекшеліктері
2.Бұлшық ет жүйесінің зерттеу әдістері.
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Балалардың бұлшық ет жүйесінің
ересектермен салытырғанда өзіне тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бар. Эмбрионда бұлшық еттер жүктіліктің 6-7 аптасында дами бастайды. 5 жасқа дейін толық дамымайды,нәзік,жіңішке болады және тері асты шел май қабатында қолға сезілмейді. Жыныстық жетілу кезінде өсе бастайды.Өмірінің алғашқы жылдары дене салмағының 20-25%, 8 жасында - 27%, 15 жаста –
15-44% құрайды. Бұлшық ет салмағының өсуі әр миофибрилдердің көлемі өзгеруінен болады.Бұлщық еттің дамуына маңызды рөлді жасына сәйкес қозғалыс режимі,ал сәл үлкейгенде спортпен айналысу алады.

Бұлшық ет жүйесі


Жаңа туған нәрестеде ет талшықтарының диаметрі 7 мкм, 16 жаста 28 мкм және оданда үлкен болады. Миофибрилдер өсуімен қатар ет талшығында ядро саны азаяды. Эндомизий мен тримизий 8—10 жаста толық дамиды.
Гистологиялық ерекшелігі.

Құрылысы


Әр түрлі бұлшық еттер біркелкі дамымайды. Өмірінің алғашқы жылдарында иықтың ірі бұлшық еттері, содан кейін қолдың бұлшық еті дамиды. (6 жасқа дейін балалар саусақтарымен аса жақсы жұмыс жасай алмайды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет