I. технико-технологиялық БӨлім скважина өнімділігін көбейту әдістері



Дата20.01.2020
өлшемі57.5 Kb.
#447840
Отчет

КІРІСПЕ
Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кездеден–ақ жоғары бағалаған. Оны “Жер май”, “Асыл май”, “Тау май” деп құрметпен атаған.

Қазіргі дәуірде мұнайды және одан алынатын әр түрлі құнды өнімдерді қолданбайтын өндіріс немесе ауыл шаруашылық салалары кемде- кем.

Бензин, керосин, тағы сол сияқты сан түрлі жанар және жағар майлардан мұнай айыру заводтарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда дер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы не болмаса космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді.

Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлде қайда артық.

Мұнай және алынатын өнімдер техникада ғана емес, сонымен бірге басқа өнеркәсібі салаларында да бөлек кеңінен қолданылады. Мысалы, бензин еріткіш ретінде сүйектен тағамға керекті майларды айырып алуға да жұмсалады. Сонымен қатар мұнайдан түрлі машина – механизм, аппарат майлары, лигроин, газойл, парафин, вазилин, битум тағы басқалар алынады. Ликроин жеңіл, ал газойл ауыр дизельдерге отын есебінде, парафин сызықша майлы қышқылдар мен спирттерді айыруда және электротехникада оқшаулатқыш материалдар, құрылыста су өткізбейтін жабдықтар және жанармай шам есебінде пайдаланылады. Парафиннің өзінен техникалық құнды түрлі майлар шығады. Олар жан-жануарлардан алынатын тағамға қолданылатын майлардың орнына жүреді.


I.ТЕХНИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. СКВАЖИНА ӨНІМДІЛІГІН КӨБЕЙТУ ӘДІСТЕРІ
Көп жағдайларда скважинаға келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз. Мұндай скважиналарда ағынды немесе сұйық не газ жұтылуын арттыру үшін түп маңы аймағының жыныстарына олардың өткізгіштігін көтеру мақсатында жасанды әсер ету қолданылады. Түп маңы аймағының өткізгіштігін өнімді қабатта карбонаттар мен глинозем еритін жасанды арналарды тұзқышқылды, жылулық қышқылды және саз қышқылды өңдеумен жасау, кеуекті кеңістіктерді тұнба және шайырлы материалдардан тазарту жолымен; жыныстарда жасанды жырықтар жасау немесе табиғи жырықтарды қабатты қабатты гидравликалық жарғанда немесе түпте торпеда жарғанда ұлғайту; кеуек арналары қабырғаларында немесе скважина оқпанында тұрған парафиндер, тұздар мен шайырларды жою, сондай-ақ мұнай тұтқырлығын скважиналарды жылулық химиялық өңдеу және түп маңы аймағына жылулық әсер ету жолымен төмендету арқылы көтеруге болады.

Скважина шығымын көтеру үшін түпке әртүрлі әсер ету әдістері мен олардың қосындыларын қолданады.



1.2 ҚАБАТТЫ СҰЙЫҚПЕН ЖАРУ
Қабатты сұйықпен жарудың негізі - шыңырауға жоғарыдан үлкен қысыммен айдалған сұйық әсерінен қабатта жырық пайда болып және бұрынғы жырықтарды кеңейтуге арналған. Қабатта пайда болған және кеңейген жас жырықтар бірімен бірі жалғасып мұнай және газдың өткізгіштік қасиетін жақсартады. Жырықтардың ұзындығы бірнеше ондаған метрге дейін барады. Қабатты сұйықпен жару операциясы мынадай этаптардан тұрады:

  1. қабатқа жасанды жырық жасау үшін сұйықтық айдау;

  2. құмтасығыш сұйықтықты айдау;

  3. шыңырауды басу үшін бастыру сұйығын айдау.

Бұл операцияны жасау үшін алдымен бастыру сұйығының сапасы мен көлемі, құмның мөлшері мен оның сұйықтағы концентрациясы анықталады.

Негізінен жару сұйығымен басу сұйығына бірдей сұйық пайдаланылады. Оның 2 түрі болады:



  1. Көмірсутекті сұйық;

  2. Су ерітінділері.

Көмірсутекті сұйық мұнай шыңырауларында пайдаланылады. Оған тұтқырлығы жоғары амбар мұнайы мазут жағдайлар жатады.Су ерітінділері айдау шыңырауларында пайдаланылады. Оларға су, тұз қышқылы ерітінділері қоюланған су және қоюланған тұз қышқылы жатады. Айдалған құм мынадай талаптарға сай болуы керек:

  1. Үлкен қысымда ыдырамайтын және сенімді жырықты тесетін механикалық берік құмдар;

  2. Үлкен өткізгіштігі болуы қажет.

Бұл талаптарға кварц құмы тура келеді. Кварц құмының диаметрі 0,5-1 мм-дей болып табылады.

Қабатты гидравликалық жару-шыңыраулардың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді құралы. Скважиналарды меңгергенде бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру үшін, айдау скважиналарының жұту қабілетін көбейтуге, қабат суларын бөлектеуге және т.с.с. қолданады.

Қабатты гидрожару үрдісінің мәні түп маңы аймағының жыныстарында скважинаға айдалатын сұйық қысымы әсерімен жасанды жырықтар жасау мен бұрынғы жырықтарды кеңейтуде. Қабат жыныстарында қысым көтерілгенде жаңа жырықтар қалыптасады және бұрыннан барлары ашылады немесе кеңейеді.Бұл жырықтар жүйесі скважинаны түптен қашықтықта жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қысым төмендегенде жырықтар бітеліп қалмауы үшін олпрға скважинаға айдалатын сұйыққа қосып құм айдайды, жарықтар радиусы ондаған метрлерге жетеді.

Гидрожарудан кейін скважина шығымдарын бірнеше ондаған есеге арттыратын кәсіпшілік тәжірибесі көрсетті. Бұл қалыптасқан жарықтардың бұрынғыларымен жалғасатын және скважинаға сұйық жаруға дейін скважинадан бөлектенген жоғары өнімді аймақтардан келіп құйылатынының куәсі.

Қабатты сүзілетін сұйықпен жарғанда, жарықтардың қалыптасу механизмі былай болады. Скважинада сорап агрегаттарымен тудырылатын қысымдағы жару сұйығы алдымен жоғары өткізгішті аймақтардасүзіледі. Бұл кезде тік бағыттағы қабатшаларда қысым айырмасы пайда болады, өйткені өткізгіштігі жоғары қабатшалардағы қысымға қарағанда жоғары. Нәтижесінде өткізгіш қабаттың жабыны мен табанына жарушы күштер әсері басталады да, жоғары тұрған жыныстар деформацияға ұшырайды және қабатшалар шектерінде көлбеу жарықтар пайда болады.

Сүзілмейтін сұйықпен жарғанда, қабатты жару механизмі қалың қабырғалы ыдыстарды жару механизміне ұқсас болады және бұл үшін жоғары қысым керек. Бұл кезде қалыптасатын жарықтардың бағыты әдетте тік немесе қиғаш болады. Сүзілетін сұйықпен жарғанда жару қысымы әдетте сүзілмейтін сұйыққа қарағанда біршама төмен, өйткені соңғы жағдайда жару механимі қалың қабырғалы ыдысты жару механизміне ұқсас келеді. Қабатқа өткен сүзілетін сұйық сұйықпен жанасу ауданының үлкендігі арқасында сүзілмейтін сұйықпен қабатты жаруда қажетті қысымнан біршама төмен қысымдада жаруға жеткілікті күш түсіре алады. Бірақ бұл кезде жару сұйығының көп шығыны және сорап агрегаттарының үлкен саны талап етіледі.

Қабат жағдайларында жару сұйығының тұтқырлығы өткізгіштікке байланысты 0,05-0,5 Па*с деп есептеледі. Іс жүзінде жару қысымы тау қысымынан көбіне төмен екені анықталды.
1.3. ҚАБАТТЫ СҰЙЫҚПЕН ЖАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қабатты сұйықпен жару үшін бірінші ретте төмен өнімділік жыныстардың табиғи аз өткізгіштілігінен болатын скважиналарда немесе түп маңы аймағының сүзгіштігі қабатты ашқанда нашарлаған скважиналарды таңдайды. Сондай-ақ, қабат қысымы скважинада мұнай ағынын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жаруға дейін скважинадағы ағынды зерттейді және оның жұту қабілеті мен жұту қысымын анықтайды. Жаруға дейінгі және кейінгі ағынды зерттеулер нәтижелері мен скважинаның жұту қабілеті туралы мәліметтер жүргізілген іс нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді, жару қысымын шамамен бағалауға, жару жасау үшін қолданылатын сұйықтың қолайлы қасиеттері мен мөлшерін дұрыс таңдауға, жарудан кейін түп маңы аймағының жыныстарының өткізгіштігінің өзгеруін талдауға көмектеседі. Скважинаны жұмысты бастау алдында құрғату арқылы тазалайды және жуады.

Жуылған, тазаланған скважинаға диаметрі 76 немесе 102 мм сорап құбырлары түсіріледі, олармен жару сұйығы түпке түседі (ІІІ-99 сурет). Диаметрі кіші құбыр түсірілсе біршама қысым жоғалтулары нәтижесінде жару процесі қиындайды. Шегендеу тізбегін жоғары қысым әсерінен қорғау үшін қабаттың үстіне пакер қойылады. Қысым көтерілгенде ол тізбекпен жылжымауы үшін құбырларда гидравликалық зәкір орнатқан жөн (ІІІ-100 сурет). Құбырлар мен зәкір ішіндегі қысым үлкен болған сайын зәкірдің поршендері соғұрлым үлкен күшпен жылжиды және шегендеу тізбегінде қысылады. Поршендер бүйіріндегі сақиналы қырлар тізбекке сұғынып, қысым өскен сайын, сондай күшті тежеу қарсылығын көрсетеді. Зәкірлердің басқа да түрлері бар.

Скважина сағасы сұйық айдалатын агрегаттар қосылатындай етіп арнайы жабдықталады. Қабаты гидрожаруда жабдықтардың орналасуы ІІІ-101 суретте көрсетілген.

Қабатты жару құбырларға жару сұйығын айдау арқылы қабат бөлінген сәтке дейін жүреді, ол скважина сыйымдылық коэффициентінің өсуінен байқалады. Егер жару үшін нашар сүзілетін сұйық қолданылса, сондай-ақ түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігі саз ерітіндісімен ластануы нәтижесінде төмендеген болса, кейде жарылған сәтте айдау қысымының төмендегені байқалады. Жарудан кейін қабатқа құмтасығыш-сұйық айдайды.



Құмтасығыш-сұйықты үлкен жылдамдықпен және жоғары қысыммен айдаудың тиімділігі зор, себебі, бұл жағдайда қалыптасқан жарықтар жақсы ашылады. Құбырларда қалып қойған құмтасығыш-сұйық қабатқа скважинамен сығу сұйығын айдау арқылы сығылады, ол ретінде мұнай скважиналары үшін мұнай және айдау скважиналары үшін су қолданылады. Содан кейін скважина сағасын бекітеді және оған қысым төмендегенше тимейді. Сосын скважинаны жуады, құмнан тазалайды және оны меңгеруге кіріседі. Өңдеуге керекті құмтасығыш-сұйық көлемін жарыққа енгізу қажет құм мөлшерімен, сондай-ақ сұйықтағы шекті құрамы бойынша анықтауға болады. Бірінші жару жарыққа 5-6 т құм кіргізген дұрыс, ал кейінгілерінде құм мөлшері 10-20 г-ға жеткізеді. Шетелдерде жарыққа 90 т құм енгізген де болған. Отандық және шетелдік құмтасығыш-сұйықтарда келесі құм құрамы ұсынылады тұтқырлығы 50-150 қабат жағдайларындағы мұнай және су-мұнай эмульсиялар үшін – 120-360 г/дм; қоюлатылған мұнай мен мұнай өнімдері үшін 600-ге дейін; керосин-қышқылдық эмульсиялары үшін – 1200-ге дейін және қоюлатылған су үшін – 360-600 г/дм.

Терең емес скважиналарда қабатты жаруды сорапты компрессорлық құбырларды түсірмей-ақ немесе құбырлармен бірақ пакерсіз жүргізуге болады. Бірінші жағдайда сұйық тікелей шеген құбырлармен айдалады, ал екіншісінде – құбырлармен сақиналы кеңістікпен де айдайды. Мұндай технологияларды қолданғанда тұтқырлығы жоғары сұйық айдаған кезде скважинада қысым жоғалтуын азайтуға болады. Ағын шарттарын жақсарту үшін қабатты бірнеше рет жаруға да болады. Оның мәні қабатта әртүрлі тереңдікте бірнеше жарықтар пайда болады, осылайша скважиналарда түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігі біршама артады.

Қабатты бірнеше рет жаруды келесі тәсілдермен іске асыруға болады:


  1. Әдетте технологиямен гидравликалық жарылыс жасап, артынан скважинаға сұйықпен бірге жарықты уақытша тығындайтын немесе жару аралығына келетін перфорациялық тесіктерді жабатын арнайы заттар айдалады. Бұл қысымды қайта көтеруге және қабатты басқа жерде жаруға мүмкіндік береді. Тығындағыш материал ретінде түйіршікті нафталин, пластмасса, дәндер және т.б. қолданылады. Скважинаны меңгергенде нафталин мұнайда еріп кетеді, ал дәндер ағынмен айдалып шығарылмайды.

  2. Жарықтар жасауға арналған аймақты әрқашанда екі пакермен немесе гидравликалық қақпақпен бөліп тастауға болады және қабатты жаруды әдеттегі технологиямен жүргізуге болады.

  3. Бірнеше рет жаруды өнімді қабаттың төмеңгі қабатшаларын құм тығынмен бөліктеп тастау арқылы жасауға болады.

Саз қабатшалары көп, яғни тік бағытта өткізгіштігі төмен қималарда өнімді қабатшаларды қосатын тік жарықтар тудырған дұрыс. Мұндай жарықтарды қалыптастыру үшін жарудың сүзілмейтін сұйықтарын қолданады. Тік жарықтар жарудың сүзілетін сұйықтарын айдағанда да сұйық шығынын және түпке түсірілетін қысымды тез көтергенде қалыптасуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. А.М. Юрчук «Расчеты в добыче нефти» М. Недра, 1974ж.

  2. А.Н. Адонин «Мұнай өндіру әдісін таңдау» М. Недра. 1971

  3. А.Х. Шарипов «Мұнай өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау» М. Недра 1991.

  4. В.И. Куцын «Техника безопасности» М. Недра, 1974ж.

  5. В.М. Муравьев «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану». М. Недра, 1973ж.

  6. Ғ.М. Нұрсұлтан «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу». Алматы.

  7. И.Б. Дальян «Геология и нефтегазоносность восточной окраины Прикаспийской впадиной» М, Недра, 1989

  8. Ш.К. Гиматудинов, В.М. Муравьев и другие «Разработка и эксплуатация нефтянных и газовых месторождении» М. Недра, 1970ж.



МАЗМҰНЫ
Кіріспе

I. Технологиялық бөлім

1.1. Скважина өнімділігін көбейту әдістері

1.2 Қабатты сұйықпен жару

1.3 Қабатты сұйықпен жару технологиясы

1.4 Қабатты сұйықпен жару кезіндегі қолданылатын жабдықтар

II. Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімі

2.1 Қабатты сұйықпен жару кезіндегі техника қауіпсіздігі



2.2 Мұнайгаз өндіру кәсіпорындағы от қауіпсіздік шаралары және техника қауіпсіздігі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет