Дәріс Жалпы электротехникаға кіріспе



Дата03.01.2022
өлшемі18.51 Kb.
#450169
Жалпы электротехника


Дәріс 1. Жалпы электротехникаға кіріспе
Қазіргі заманда электр энергиясының барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында және үй тұрмысында кеңінен қолда- нылуы оның басқа энергиямен салыстырғанда ерекше артықшылықтары болуымен түсіндіріледі. Электр энергиясын басқа энергия түріне немесе басқа энергияны электр энергиясына түрлендіру айтарлықтай жеңіл іске асады, оны алыс жерлерге тасымалдау ыңғайлы және арзан, тұтынушылар арасында оны бөлшектеп, ұсақтап таратуға болады.

Электр энергиясын өндіру, тарату және өндіріс пен тұрмыста қолдану үрдістері электротехникалық қондырғылар арқылы жүзеге асады. Олардың жұмыс істеу принциптері электрлік және магниттік құбылыстарға негіздел- ген. Бұл құбылыстар туралы ағылшын ғалымы У. Гильберт жазған, 1600 жылы жарық көрген алғашқы ғылыми еңбекті электр және магнит жайлы ілімдердің қалыптасуының басталуы деп санайды.

1729 жылы ағылшын ғалымы С.Грей электрді өткізетін және өткізбейтін заттар болатындығын, ал 1730 жылы француз ғалымы Ш. Дюфе электр заряды екі түрлі екендігін ашты.

1749 жылы Лейден университетінің профессоры П. Мушенбрек ойлап тапқан конденсатордың көмегімен электрді жинап, оның қорын жасау мүмкіндігі туды.

Орыс ғалымдары М.В. Ломоносов пен Г.В. Рихманның, ағылшын ғалымы В. Франклиннің, итальяндық ғалымдар Л. Гальвани мен А. Воль- таның еңбектері нәтижесінде жайтартқыш (1753 ж.) пен электр энергиясы- ның көздері - гальваникалық элементтер (1791ж.) мен Вольта бағанасы (1800 ж.) - жасалып, электрлік құбылыстар туралы ілім дами түсті.

1785 жылы француз ғалымы Ш.О.Кулонның электрлік зарядталған заттардың өзара механикалық әрекеттесуін, сонымен қатар магнит полюста- рының магниттік массаларының өзара механикалық әрекеттесуін сипаттай- тын заңдылықтар туралы еңбегі жарық көрді.

Магниттік құбылыстардың нақты табиғатын ашу 19 ғасырдың басында ғана мүмкін болды. Бұл кезде электрлік құбылыстар мен магниттік құбы- лыстардың арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдейтін ғылыми жаңалықтар ашылды.

1820 жылы дат ғалымы Г.Х.Эрстед электр тогының магнит тіліне әсер ететіндігін тәжірибелік жолмен анықтады. Сол жылдың соңына таман француз ғалымдары Ж.Био және Ф.Савар ұзын түзу өткізгіш арқылы жүріп тұрған электр тогының магнит тіліне әсер ететін күшінің аналитикалық өрнегін қорытып шығарды. Француз ғалымы А.М. Ампер өткізгіштердің бойымен жүріп тұрған токтардың өзара әрекеттесу күшіне қатысты заңды- лықты ашты. Бұл жаңалықтар электр тогының өткізгішпен жүруі магниттік құбылыстар тудыратындығын дәлелдеді.

1827 жылы неміс физигі Г.С.Ом өзінің есімімен аталатын заңын ашты.

Магнит құбылыстарын пайдаланып, электр тогын алу мақсатында ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нетижесінде 1831 жылы М.Фарадей электромагниттік индукцияны ашты.

1833 жылы орыс ғалымы Э.Х.Ленц индукциялық токтың бағытын анықтайтын ережені тұжырымдады және электр машиналарының қайтымды- лық қасиеттерін анықтады. Сонымен қатар, ол 1842 жылы, Д.М.Джоульдан тәуелсіз, электр тогының жылулық әсерін сипаттайтын электротехниканың маңызды заңы - Джоуль-Ленц заңын ашты.

1873 жылы ағылшын ғалымы Д.К.Максвелл өзінің классикалық еңбегі

«Электр мен магнетизм туралы трактатында» электромагниттік өрістің теориялық негізін математика тілінде түсіндіріп, М. Фарадейдің электр және магнит құбылыстары жайындағы ілімін одан әрі дамытты.

Максвеллдің электромагниттік өріс туралы теориясын тәжірибе жүзін- де неміс ғалымы Г.Герц (1886-1889) дәлелдесе, орыс ғалымы Г.Н.Лебедов өзінің еңбегінде жарықтың (электромагниттік толқынның) қысымы болатын- дығын тәжірибелік жолмен анықтады. Электромагниттік толқындар арқылы алысқа сымсыз хабар беру мәселесін орыс ғалымы А.С. Попов 1895 жылы жүзеге асырды.



Электромагниттік құбылыстарға қатысты теориялық мәселелер жиынтығы ішінде, әсіресе электрлік және магниттік тізбектер теориясы қарқынды дамыды. 1904 жылы профессор В.Ф. Миткевич Петербург политехникалық институтында «Электр және магниттық құбылыстар теориясы», ал кейіннен «Айнымалы токтар теориясы» курсы бойынша дәрістер оқи бастады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет