Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Кіріспе Стиль



бет1/5
Дата23.02.2024
өлшемі26.92 Kb.
#492987
  1   2   3   4   5
Ғылыми стиль


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды

Кіріспе
Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. А.Байтұрсынов ―Әдебиет танытқыш‖ еңбегінде стиль туралы ―Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет‖ дейді.
Ғылыми стиль – табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін функционалдық стильдердің бірі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормалары қатаң сақталады. Стильдің бұл түрінде көп мағыналы сөздер қолданылмай, сөз бір ғана өзінің лексикалық мағынасында қолданылады. Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды.
Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады.
Бірақатар тұжырымдар ғылыми стиль мәтіндерін әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Олар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі баяндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты). Қазіргі зерттеулерде мәтін көлеміне орай бірнеше түрлері ажыратылады:
- ірі топ (монография, оқулық, лекциялар курсы т.б.)
- орта топ (баяндама, мақала, дәріс т.б.)
- кіші топ (баяндама тезистері, аннотация, резюме, рецензия т.б.).
Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала.
Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу, коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты тандаудан көрінеді.
Ғалымдар мақаланың мынандай түрін көрсетеді: деректерді ықшам баяндау, ғылыми нәтижелерді кең баяндау, ғылыми-әдістемелік мақала, тарихи-ғылыми мақала, теориялық мақала, пікірталастық мақала, жарнамалық мақалалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет