Дәріс Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі Жоспары



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі22.33 Kb.
#479218
  1   2   3
№ 1 лекция тезистері


Дәріс 1. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі
Жоспары:
1. Білім берудің негізгі парадигмалары
2.Қазіргі білім берудегі мегаұстанымдары
3.Әлемдік білім беру кеңістігі. Болон үдерісінің негізгі тенденциялароы мен қағидалары

1. Білім берудің негізгі парадигмалары.


"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар: Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма). Феноменологиялық (гуманистік парадигма). Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық). Технократиялық. Эзотериялық парадигма. Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі. 1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі. 2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады. 3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады. Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады. Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады. Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады. Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.
Ғылыми пән ретінде қалыптасуда әлеуметтік педагогика көптеген қайшылықтарға кезікті және де бұл оның парадимасында (грек. paradeigma – мысал, үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктер жүйесінен (теориялар, әдістер) көрініс тапты. Осы үлгі негізінде белгілі тарихи кезеңде, нақты білім аймағында (пән) ғалымдардың зерттеу тәжірибесі ұйымдастырылатын. Олардың жіктелуіне негіз ретінде адам мен қоғам жөніндегі ғылымдар жиынтығында әлеуметтік педагогикалық тәжірибенің сан қырын қамтуы, ғылымдар мен ғылыми пәндер арасындағы әдіснамалық алғышарттардың айқындалуы негіз болып отыр.
Бірінші парадигмапедагогикалық – әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылымдармен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның тұлғаның әлеуметтік дамуы сынды ғылымның жеке бөлімін анықтаған, педагогиканың бір саласы ретінде танылуы.
Екінші парадигма әлеуметтік педагогика әдіснамасының әлеуметтік ғылымдармен байланысындағы артықшылығы, осының нәтижесінде туындаған: әлеуметтік педагогика, қоршаған орта педагогикасы.
Жоғарыда аталған парадигмалар жалаң түрде сирек кезігеді. Оларды көбінесе аралас түрде алады, себебі дәл осы парадигма аймағында зерттеумен айналысатын зерттеушілер оның кемшілігін дәл осы әлеуметтік педагогиканың пәнаралық қасиеттерінің бірлесуінде байқай алады.
Үшінші парадигмаәлеуметтанулық-педагогикалық әлеуметтік орта жағдайында тұлға ретінде тәрбиелеу әдісін байланыстырады
Төртінші парадигмаәлеуметтік-педагогикалық – оның бағасына сай әлеуметтік-педагогикалық білімді қамтиды және осыған қатысты жаңа әдіснамалық көзқарасты туындатады. Оның мәні арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік әр алуандылық; әлеуметтік тәрбие, яғни әлеуметтік әрекет әсерімен өтетін әлеуметтің әр түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттың әлеуметтік үдерісінің үшбірлігін мойындауда болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет