Дәрілер технологиясы кафедрасы
044-43/19 - (2020-21)
28 беттің 3 беті
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені
ДӘРІС № 1
1. ТАҚЫРЫБЫ:Таблеткалар. Жіктелуі. Таблеттеудің теориялық негіздері.
2. МАҚСАТЫ: Таблеткалар және оларды дайындаудың
теориялық негіздері туралы
білімді қалыптастыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
1. Таблеткалар. Жіктелуі.
2. Таблеттеудің теориялық негіздері.
Таблеткалар – ұнтақтарды немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын
технологиялық өңдеу және престеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр.
Таблеткалар қолдану әдістері бойынша мына топтарға бөлінеді:
1. Oriblettae – бұл таблеткалардың негізгі тобы,
қабылданған дәрі асқазанның
шырышты қабығы арқылы сіңіріледі.
2. Resoriblettae – сублингвальды (тілдің астына қойылатын) қабылданатын
таблеткалар, дәрілік заттар ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы сіңіріледі.
3. Implantablettae – асептикалық дайындалған, имплантация үшін
қолданылатын
таблеткалар.
4. Solublettae – таблетка-навескалар, олар медициналық және фармацевтік тәжірибеде
сырт тәнге арналған ерітінділер дайындау үшін қолданылады.
5. Injeсtablettae – инъекциялық ерітінділер алу үшін қолданылатын асептикалық
дайындалған таблеткалар.
6. Dulciblettae – балаларға арналған тәтті дәмді таблеткалар.
7. Bacilli, boli, uteritoria, vagitoria – вагинальды,
уретральді және ректальды
таблеткалар.
Таблеткалар дайындалу әдістері бойынша екіге бөлінеді:
- престелген таблеткалар(tabulettae compressae);
- арнайы массаларды қалыптау әдісімен алынған таблеткалар(tabulettae friadiles).
Мемлекеттік Фармакопеяның ХІ – басылымына таблеткалардың 1 жалпы және 163
жеке мақалалары кірген. Таблеткалардың кең мәлімділігі оның төмендегі көрсетілген
артықшылықтарымен түсіндіріледі:
- дәрілік заттардың дәл дозалануы;
- дәрінің дозасын түрлендіріп отыру мүмкіндігі;
- ықшамдылығы, тасымалдау
мен сақтауға қолайлығы;
- таблетка дайындау процесін толық механикаландыру және автоматтандыру
мүмкіндігі, ал бұл дәрінің жоғары өнімділігін, гигиеналық тазалығын қамтамасыз
етеді;
- ұнтақтардың жағымсыз иісі мен дәмін таблеткаларды қабықшалар мен қаптау
арқылы бүркеу мүмкіншілігі;
- престелген қалыпта дәрілік заттардың сақталу мерзімінің ұзаруы;
- таблеткаларда басқа дәрілік түрлерде өзінің физикалық-химиялық
қасиеттері
бойынша сыйымсыз болатын дәрілік заттардың үйлесу мүмкіндігі;
- дәрілік заттардың әсерін бір шектен шығармау (бір жерге жинақтау) мүмкіншілігі,
бұл арнайы ішекте немесе асқазанда еритін таблеткалар дайындау арқылы
қамтамасыз етіледі;
- дәрілік заттардың әсерін ұзарту мүмкіншілігі;
Дәрілер технологиясы кафедрасы
044-43/19 - (2020-21)
28 беттің 4 беті
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені
- таблетка құрамындағы бірнеше дәрілік заттардың белгілі уақыт аралығында жүйелі
түрде сіңуін реттеу мүмкіндігі, бұл мүмкіндік көп қабатты таблеткалар алу арқылы
қамтамасыз етіледі;
- таблетканың бетіндегі жазу оны қабылдау кезінде қате жібермеуге мүмкіндік
туғызады.
Таблеткалар дәрілік түр ретінде келесі үш негізгі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) дәл дозалануы, мұны таблетканың өз салмағының
дұрыстығы және оның
құрамына кіретін дәрілік заттардың салмағының дұрыстығы деп түсіну керек.
2) механикалық беріктігі – таблеткалар үгітіліп кетпеуі және беріктігі
жеткілікті болуы керек;
3) ыдырағыштық – таблетканың белгілі мерзімдер аралығында ыдырау немесе
еру қабілеті.
Осы талаптарды қамтамасыз ету үшін таблеттелетін масса арнайы қасиеттерге еге
болуы қажет, бұлар:
1) ұнтақ тәріздес дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттері.
2) ұнтақ тәріздес дәрілік заттардың технологиялық қасиеттері.