Дəріс. Кіріспе. ГАЖ-дың шығу тарихы. ГАЖ-дың алдына қойылатын мақсаты және мүмкіншілігі.
Кіріспе. ГАЖ-дың шығу тарихы.
ГАЖ туралы деректер 50 жылдың аяғы 60 басында пайда болды.
ГАЖ-дың шығуы және жылдам таралуы бірнеше себеп болды: топографиялыққ жұмыстардың мол тәжірибесі, әсіресе тематикалық картографияның; картографиялық процесстерді автоматтандыру; компьютерлі технологиялық мол жетістіктері мен информатика және компьютерлік графиканың дамуы.
Әртүрлі сипаттамасы бар тематикалық карталарды немесе деректерді жүйелі және кешенді түрде қолдана отырып географиялық объектілердің жаңа мәліметтер алу. ГАЖ технологиясын қолданушыларға өте қолайлы болды.
ГАЖ технологиясының даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 50 жылдарда компьютерлік технологияның жетістіктерімен 60 жылдары пайда болған графикалық дисплейлер және де ЭЕМ басқа сыртқы құжаттарының дамуына байланысты болды. Бұл кезеңнің тағыда бір ерекшелігі грамматикалық алгоритмдер және де графикалық мәліметтреді дисплейде бейнелеу мүмкіншілігімен кеңістік сараптама әдістері және деректер қорын басқару жүйесіне байланысты программалардың шығуы.
Бұл кезеңде, география пайда болған теориялық жұмыстар және кеңістіктегі қарым қатынас, әсіресе географиядағы сандық әдістерінің дамуы өз ықпалын тигізді.
Геоинформатикамен ГАЖ шартты дамуы және жетістігіне ықпал жасаған, әрине бұл Канаданың географияның ақпараттық жүйесінің шығу мен оның жасалуы. 60 жылдың басында жасалып, бұл ГАЖ осы уақытқа дейін қызмет жасап келе жатыр.
Канаданың ГАЖ-дің “атасы ” болып Роджер Томлинсон болып табылады, және де осы кісінің жетекшілігімен көптеген концепциялық жетістіктерге технологиялық шешімдер жасалды және іске асырылды.
ГАЖ технологиясының дамуына және өркендеуіне Гарвардтың компьютерлік графика және Масачусец технологиялық университетінің кеңістікті сараптау лабораториялары өз үлестерін қосты.
Гарвард лабораториясының программалары кең түрде таралып көптеген ГАЖ қосымшаларына деерктер қорын жасауға мүмкіншілік берді.
Қазіргі кездегі Гарвард лабораториясының белгілі программалары SYMAP (көпбағытты картографиялық жүйе)
CALFORM (картографиялық бейнелерді плоттерге шығару программасы. SYMVU (үшөлшемді бейнелерді көрсету)
ODYSSEY (белгілі ARK/INFO-ның негізін салушы)
Ірі геоақпараттық жүйелерді мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсету кезеңі деп айтсақта болады. Себебі осы кезде жеке дара ізденушілердің және де шағын токтардың ГАЖ-ға қосқан үлесі саябырсыды. Соның салдарынан ГАЖ саласында мемлекет тарапынан ірі институттар құрылды.
Бұған себеп болған жәйт, АҚШ 60 жылдың басында ГАЖ-технологиясын халық санағын жүргізуге пайдалану еді. Оныжасау үшін халық санағын деректерін географиялық
«бекіту» әдістемесін ойлап шығу керек болды. Осы мәселені жүйеге асыру үшін АҚШтың Ұлттық санау бюросы құрылды (ҰСБ), жәнеде «санақ географиясы» атты кешенді жоба жасалды. Картографиялық деректерді көрсету үшін арнайы формат DIME жасалды. Мұнда бүкіл АҚШтың тұрған мекен жайлары тік бұрышты координаттар мен жекеленген сегменттермен анықталды. Картографиялық деректерді көрсету және өңдей алгоритмдерін программа ретінде POLYVRT (керекті координаттарда тұратын мекен жайларды және көшелердің сегменттін сипаттайтын) Канада ГАЖынсы және Гарвард лабораториясынан алынды.
Сонымен, бұл кезеңде бірінші рет кең түрде географиялық ақпараттарды басқаруда топологиялық тәсілде пайдаланылды және де бұл тәсілде объектілердің кеңістікте бірімен бірінің байланысын математикалық амалмен көрсетілді.
Осындай ГАЖ-ды мемлекеттік қолдау ГАЖ-дың ары қарай дамуына мүмкіншілік берді де, DIME – файылын қолданып экспериментальдық (тәжірибелік) жұмыстар ГАЖ аумағында, әсіресе көшелердің торабынан дерекетер қорын жасауда үлкен әсерін тигізді.
Коммерциялық өркендеу кезеңі, 1980 басымен осы уақытқа дейін.
Осы кезеңде көптеген программа құжаттары столға қоятын ГАЖ технологиясы. Осы технологияны кеңістікте жатпайтын деректер қорымен интеграциялап, оны кеңейту, кәсіби емес көптеген қолданушылардың пайда болуы , деректер қорын қолдау жүйелері пайда болды.
ГАЖ-дың алдына қойылатын мақсаты және мүмкіншілігі.
XX ғасырдың негізгі ғылыми-техникалық жетістігі болып компьютерлендіруді адам əрекетіне, сонымен қатар Геологиялық барлау өндірісіне енгізу болып табылады.
Күнделікті бір шешім қабылдау үшін біз электронды түрде берілген көлемі үлкен мəліметтер қорын, кестелерді өңдеп шығарамыз. Адам əрекетінің көптеген аймақтарында біраз мəліметтер картография түрінде. Картографиялық мəліметтер қорын өңдеп шығару үшін 70 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейін компьютерлік программамен қамтамасыз ету дамып келеді, біз оны геоақпараттық жүйе деп атаймыз (ГАЖ). «Геоақпараттық жүйелер» (ГАЖ) атына ие болған, кеңістіктік деректерді ұйымдастыру жəне сақтау үшін жүйклерді құрастыру бойынша технология қарқынды дами бастады. Геоақпараттық жүйелердің толық анықтамасы – бұл геокеңістік ақпараттарды жинау, енгізу, сақтау, математикалық- картографиялық үлгілеу жəне бейнелік көрсету үшін арналған аппараттық-бағдарламалық құралдардың жəне алгоритимдік процедуралардың жиынтығы. ГАЖдың қолдану аймақтары өте кең: жер қойнауында, табиғатты қолдануда, экологияда, регионалдық жоспарлауда, муниципальдық меңгеруде, коммуникацияда, транспортта, маркетингті жəне статистикалық зерттеулерде жəне т.б. адам əрекет жасау сфераларында.
«Россия Федерацисының негізгі регионалдық геологиялық жер қойнауын зерттеу концепциясы» қарастырған 29.03.1994 ж. соңғы жылдары Мемлекеттік геологиялық карта жасау жедел өндіруде, оның масштабы 1:200 000. Қазіргі кезде масштабы 1:1 000 000 Россияның мемлекеттік геологиялық картасын дайындау үшін ғылыми-методикалық жəне нормативті база құрастырылған.
Россияда компьютермен карта жасау жайлы үш методикалық нұсқау құрастырып шығырылған. Біріншісі: «Компьютер технологиясын қолдана отырып Мемгеолкарта-200 құрастыру» 1999 жылы жарық көрді, үшіншісі - 2001 жылы.
Қазақстанда Мемкарта-200 (екінші шығару) шығаруда жасалатын жұмыстың масштабтылығы жəне көп пландылығы барлық геологиялық картография өндірісі жаңа геоақпараттық жүйеге көшуді талап етеді (мəлімет жинаудан бастап, өңдеп шығаруға дейін).
Жер қойнауын қорғау энергетика министрлігі жəне ҚР шикізат қорын сақтау Геология комитетінің тапсырмасы бойынша 2000-2002 жж. 1.200 000 масштабты ҚР минералды қорларының Мемлекеттік геологиялық картасының беттерін дайындау үшін нұсқау құрастырылған. Ол карта жер қойнауы жəне табиғатты қолданудағы негізгі мəлімет болып табылады.
Регионалды геологиялық зерттеу аудандарының приоритеті болып ақпараттық аналитикалық жүйені жəне оның орталық компьютерлі ғылыми-техникалық блогі, яғни Қазақстан аудандарының геологиялық құрылысының біртекті таратылу моделін құрастыру болып табылады. Негізгі мақсат – Берілген масштабта еліміздің аудандарының біркелкі моделін құрастырып картаға түсіру.
Мемлекеттік геологиялық картаның жаңа ұрпағы деп – сапалы кемеліне жетілген геология фундаментін құру саласында пайдаланылатын арнайы дайындалған геологиялық карталардың барлық түрі. Біз оны халқымыздың əулеметтік-экономикалық жəне минералды- шикізат қорын дамыту үшін пайдаланымыз.
Компьютер технологиясын пайдалана отырып Мемлекеттік геологиялық карта құрастырудың негізгі мақсаты:
құрастыру, қолдау және бастапқы, туынды геолого-геофизикалық мәліметтерді, геологиялық білім базасын, сөздіктерді, классификаторларды, геологиялық объект моделдерін, ақпараттық жүйелік принциптерін және т.б. базада жаңалап отыру;
Геологиялық карта түсіру және минералогиялық-болжау әдістерін шешу жағдайларында кеңістік және атрибутты мәліметтермен (алғашқы және туынды) қамтамасыз етудегі ДҚБЖ-бен (СУБД) ГаЖдың байланысы;
Геологиялық мазмұны бірдей бір-бірімен тығыз байланысты объектілерді аудандарға бөле отырып мәліметтерін жүйелеу;
База мәліметтеріне және білімге сүйене отырып геологиялық мазмұны бірдей карталар салу, яғни карталардың санды моделдерін, арнайы әдістерін пайдалана отырып, технологиялық өңдеп және ақпарат қорытындысын жасау. Жұмыстың соңында әрбір ауданның геологиялық карталарын, қималарын және т.б. салу;
Минерагениялық объектілердің болжау-іздеу моделдерін салу, соның негізінде минералдық шикізат болжауы бойынша карта салу;
Карта жинағын баспаға дайындау: карталардың сандық моделдерінің импорты және олардың макеттерін ГАЖ-бен өркендеу, баспа орталығына карталар макеттерін экспорттау.
Қазіргі кезде Мемлекеттік геологиялық карта және Қазақстанның мәліметтер базасын санды өңдеу үшін нұсқау-әдістемелік, нормативтік база құрастырылуда.
ГАЖ-дың негізгі құрамы санды векторлы карта. Санды карта құрастыру үшін қазіргі кезде электронды картография технологиясы кеңінен таралды (ГАЖ), оны шетел мамандары дайындап шығарды: Arclnfo, Arc View, ArcGIS (на базе Arc View и Arclnfo), в меньшей степени Maplnfo, Micromine, автоматтандырылған векторизаторлар, мысалы, MapEdit, Easy Trace. Соңғы жылдары өз еліміздің компьютерлік технологиясы өңделіп өндіріске енгізілуде — ГАЖ ИНТЕГРО, оны Мемлекеттік Ғылыми Орталық: «Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық жүйелердің Бүкіл Россиялық Ғылыми-Зерттеу институты» енгізген. Бұл программа карта салатын және болжап зерттейтін мекемелер үшін Госгеолкарта-1000/3, 200- ға және жоғарғы оқу орындарына арналған.
Геологтардың алдына қойылған геологиялық мəселелерді шешу үшін қазіргі заманға сəкес келетін компьютерлік технологиялар керек.
Microsoft Office пакетінің құрамы:
Достарыңызбен бөлісу: |