15 дәріс Тақырыбы: «Жобалар орындауда ақпараттық технологияларды пайдалану» Мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата11.03.2024
өлшемі236.2 Kb.
#494908
  1   2   3
15 лекция pdf



15 дәріс 
Тақырыбы: «Жобалар орындауда ақпараттық технологияларды 
пайдалану» 
Мақсаты – жобалар орындауда ақпараттық технологияларды пайдалану 
әдістемесін меңгеру. 
Жер туралы ғылымдарда ақпараттық технологиялар геоақпараттануды 
және географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қалыптастырды. Бұл 
атаулардағы «географиялық» дегеннің өзі кеңістіктік деген мағына берумен 
қатар, зерттеу ұстанымының кешенділігі мен жүйелілігіне де қатысты 
қолданылған. Әлемдегі ең алғашқы ГАЖ ХХ ғасырдың 60-жылдарында 
Канада мен АҚШ-та жасалған болатын. Қазіргі кезде алуан түрлі салаларда 
мыңдаған ГАЖ қолданылады. ГАЖ барлық кеңістіктік деңгейлерді 
(ғаламдық, аймақтық, ұлттық, жергілікті) қамтып, қоршаған орта мен қоғам 
туралы барлық дерлік ақпаратты (картографиялық, статистикалық, қашықтан 
зондылау, меторологиялық және т.б.) жүйелейді.
Географиялық ақпараттық жүйелер деректерді жинақтап, деректер 
базаларын жасау, оларды компьютерлік жүйелерге енгізу, сақтау, өңдеу, 
түрлендіру және қолданушының сұранысы бойынша әртүрлі нұсқада 
(картографиялық, кестелер, сызбалар, мәтіндер) беруге мүмкіндік береді:
 
Географиялық ақпараттық жүйелердің қызметі 
- ГАЖ технологияларын сан алуан салаларда кеңінен қолдану 
нәтижесінде осы ұғымның өзін әртүрлі ғылыми әдебиетте түрліше түсіндіру 
орын алды:
- ГАЖ – аумақтық таралуы бар кез келген ақпаратты қабылдау, өңдеу, 
сақтау, талдау және беретін адам-бағдарлама-машина кешені; 
- ГАЖ – белгілі бір аумақ бойынша қажетті картографиялық және 
тақырыптық ақпаратты алу арқылы ондағы кез келген жағдайға қатысты 
шұғыл шара қолдану мүмкіндігі;
- ГАЖ – алуан түрлі тақырыптық ақпаратты білгілі бір кеңістік 
сұлбасына салу арқылы аумақ туралы жаңа ақпарат алу;
Деректерді жинақтау 
Деректер базаларын жасау 
Деректерді компьютерлік жүйелерге енгізу 
Деректерді сақтау
Деректерді өңдеу
Деректерді түрлендіру
Қолданушыға әртүрлі нұсқада беру 


- ГАЖ – кез келген картаны, планды және сызбаны құрастырумен қатар 
жүргізілетін талдамалық және картометриялық зерттеу және талдау;
- ГАЖ – белгілі бір процестерді, құбылыстарды үлгілеу және олардың 
жай-күйінің уақыт кезеңіндегі өзгерістерін зерттеу; 
- ГАЖ – кеңістіктік ақпаратты көрсету әдісі және оны динамикалық 
түрде берудің мүмкіндіктері; 
- ГАЖ – жылдамдық, сапа және дәлдік; 
- ГАЖ – ғылым, технология және бизнес; 
- ГАЖ – картография, картометриядағы және кеңістіктік талдау 
құралдарындағы революция;
- ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа дүниетаным мен 
жаңа ойлау жүйесі
Осы келтірілген анықтамаларды жалпы түрде былайша жүйелеуге 
болады: «ГАЖ – қоршаған орта мен қоғамның аумақтық ұйымдасуын талдау, 
үлгілеу, болжам жасау және басқаруға қатысты ғылыми және қолданбалы 
міндеттерді тиімді шешу мақсатында кеңістіктік деректерді жинақтау, өңдеу, 
бейнелеу және тарату, деректерді және аумақ туралы білім қорын жүйелеуді 
қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен» Бұл анықтама ГАЖ 
қасиеттері мен функцияларын неғұрлым толық қамтиды.
ГАЖ ұғымы мен оның анықтамаларының мәнін әртүрлі қырынан 
қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет