ДӘріс microsoft word мәтіндік редакторы туралы жалпы түсініктер жоспар



Дата09.07.2016
өлшемі140.85 Kb.
#186741


ДӘРІС

MICROSOFT WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР
Жоспар

  1. Microsoft WORD редакторын іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау.

  2. Microsoft WORD редакторының терезесімен танысу

  3. Жаңа құжат құру. Құжатты сақтау

  4. «Құжат ашу» сұқбат терезесінің мүмкіндіктері .


МАҚСАТЫ

  • Оқушыларды Word мәтіндік редакторымен оның мүмкіндіктерімен таныстыру.

  • Мәтіндерді теру оны редакторлеу жолдарын үйретіп, құжатты құру, сақтау, ашуды үйрете отырып ой-өрісін дамыту

  • Тақырып бойынша алған білімін жұмыс істей отырып, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу


1. MICROSOFT WORD РЕДАКТОРЫН ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ АЯҚТАУ.

Microsoft WORD - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны компакт – дискіден компьтерге жазып орнатып алу керек. Орнатылған Microsoft WORD редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:

Басты менюдің Іске қосу ( Пуск) – Программалар – Microcoft WORD (Microsoft Office немесе Стандартты тобының ішінде де болуы мүмкін) қатарында тышқанды шерту арқылы.

Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (Проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (Program Files – Microcoft Office – Office бумасы ішіндегі Winword. еxe файлы).

Редакторда бұрын дайындалған құжаттың шартбелгісінде тышқанды

екі рет шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктеліп, сонан соң көрсетілген құжат терезеде оқылады.

Жұмыс үстеліндегі WORD редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмоса, басқа тәсілді қолдану керек) және т.б.

WORD редакторымен жұмысты аяқтау (доғару) кез-келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:



  • Файл Þ Шығу (выход) меню командаларын тандау арқылы;

  • WORD редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышының жабу батырмасын x басу арқылы;

  • Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында бұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып өзгертілген құжатты дискіге жазу (иә-да ) керектігін, ал жазбасаңыз (жоқ-нет ) оны да растап беруінізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс істей беруіңізге де (болдырмау - отмена ) болады.
2. MICROSOFT WORD РЕДАКТОРЫНЫҢ ТЕРЕЗЕСІМЕН ТАНЫСУ

WORD редакторының негізгі терезесі ондағы орналасқан құжат терезесімен бірге 1.1-суретте көрсетілген. Солардың ішінде WORD мәтіндік редакторына тән қосымша элементтерді қарастырып өтейік.



Қалып – күй қатары. Қалып – күй немесе қалып қатары негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде бірсыпыра мәліметтер бар. Қалып қатары көрінбей тұрса, Сервис – Параметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетінде Терезе тобының Қалып қатары (строка состояния) атты жалаушасын көтеріп қою қажет. Енді оның элементтерін қарастырып өтейік.


Элемент

Нені көрсетеді

cтр.1

Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмірі (1-бет)

Разд.1

Терезедегі мәтін бөлігі нөмірін көрсетеді,бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (главный документ) үшін ғана қажет;

1/4

Мәтінің басынан есептегенде курсор тұрған орын 1-бетте, ал құжат барлығы 4 беттен тұрады;

На 17,1 см

Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейін гі қашықтық, курсор экранда көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі

Ст 21

Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарларсаны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі.

Кол 33

Осы қатардың басынан курсорға дейінгі символдар (орындар) саны, табуляция символдары мен бос орындар да еске алынады.

ЗАП


Бұл да курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі. Макрокомандаларды жазу(записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді, бұл режимді іске қосу тышқанмен ЗАП батырмасын көрсетіп тұрып екі шерту арқылы орындалады.

ИСПР

Түзетулерде (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасында қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышқанды екі рет шерту жолымен жүргізіледі

ВДЛ

Белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті белгілеп алып оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл белгілеулер көлемін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту Shft +F4 арқылы жүргізіледі.

ЗАМ



Символдарды ауыстыру (заменит) режимі екпінді күйде тұрғанын көрсетеді,символдарды сыналап еңгізу тәртібі (вставка) орын далса, ол солғын түске боялады. Бір тәртіппен екіншісіне ауысу ЗАМ батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы жүргізіледі.




Мәтіннің синтаксикалық қатесін тексеру кезінде оң жақтағы алапқа шығатын көрсеткіш белгі. Тексеру кезінде кітап бетімен жылжып келе жатқан қалам көрініп тұрады. Қате табылса, “Х ” белгісі шығады, оны түзету үшін тышқанды сол белгіде екі рет шерту керек.




Мәтінді фондық режимде дискіге жазу кезінде шығатын көрсеткіш. Оң жақ шеткі бос алапқа қозғалып тұрған осы белгі шықса, жазу ісінің орындалып жатқаны.




Мәтінді фондық режимде баспаға шығару кезінде шығатын көрсеткіш. Осы принтер белгісінің жанындағы бүтін сан басылып жатқан мәтіннің бет нөмірін көрсетеді. Баспаға шығаруды жедел тоқтату үшін принтер белгісінде тышқанды шерту жеткілікті.




Windows NT 3.51 жүйесінде үстіміздегі уақыт көрсеткіші, Windows 95 немесе Windows NT 4.0 жүйесіндегі уқыт бұдан төменірек тапсырмалар тақтасында көрініп тұрады.
Қалып қатарында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал солғын түсті болса, іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс тәртібі индикатолары бар, олар:

Мәтінді бейнелеу режимі. Мәтінді бейнелеу режимдерін іске қосу немесе қоспау тәртіптері белгілі бір пернелік командаларымен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып қатарына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту мен де орындалғанын білген дұрыс.

Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл жылжу белдеүлері WORD редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.



Көлденең орналасқан горизанталь белдеу (сызғыш) арқылы тышқан көмегімен:

  • Абзац алдындағы азат жол;

  • Беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поля) аумағын;

  • Көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәндерін бекітуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.

Ал енді тік орналасқан вертикаль белдеу (сызғыш) терезенің сол жақ жақтауы бойында орналаысқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төмегі жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын (поля) да кестелер қатарлары биіктігін өзгетуге болады. Тік, яғни вертикаль белдеуді көрсетпей алып та тастауға болады,онда экрандағы мәтіндге берілетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:


  • Кәдімгі режим (обычны режим) батырмасы – бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден орнатылады. Ол мәтінді фарматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын сызықшамен белгілеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам орындайды.

  • Электрондық құжат режимі парақты экранда құжат мәтінін оқуды

оңайлататын күйге келтіреді. Бұл режимде парақ белгіленбей, әріптер іріленіп қатар ұзындығы жол енінен шықпайтындай етіп бейнеленеді. Мәтіннің сыртқы түрі қағазға түсетін бейнесіне сәйкес келмейді. Бұл фарматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болады.

  • Беттерді белгілеу (разметка страницы) режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

  • Құрылым (структура) режимі, мәтінді түйіндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей жылжытуға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртіп болып саналады.


3. ЖАҢА ҚҰЖАТ ҚҰРУ. ҚҰЖАТТЫ САҚТАУ.

Word редакторы іске қосылған соң, экранда 1-құжат (Документ1) деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word бағдарламасы іске кіріскен кезден бастап бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда ( осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді.

Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:


    • мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);

    • кестелер (таблицалар), төртбұрышты жақтаулар (керегелер) ;

- графикалық бейнелер, кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек саймандар тақтасы) және т.б.



    1. -сурет. Бос құжат ашу.

Алдын-ала келісім бойынша, жаңадан ашылған құжат “Кәдімгі нұсқа (шаблон “обычный”) бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамында мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандартты өріс жолдары (Кімге,Кімнен,Уақыт) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқауларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі бейне береді.

Құжатты автоматты түрде сақтау.

Word редакторында құжаттарды белгілі бір уақыт өткен сайын автоматты түрде де дискіге жазып сақтай алады. Автоматты түрде сақтау кезінде құжат уақытша ТЕМР каталогында орналасқан басқа файлға жазылады. Егер ток кенеттен сөніп қалса, құжат мәтіні сол каталог арқылы өз орнына, өз атымен қайта қалпына келеді. Төтенше ешбір әрекет болмаса да, жұмыс соңында файлды кәдімгідей Файл-сақтау (Файл-Сохранить) деп сақтау командаларымен дискіге жазып қою керек. Сонымен автоматты түрде құжатты сақтау оны жұмыс барысында немесе соңында дискіге бәрі–бір жазып қоюды талап етеді, ол тек кенеттен болатын тосын жағжайларға байланысты терілген информацияны жоғалтпау мүмкіндігін береді.

Автоматты түрде сақтауды тағайындау үшін төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

1. Сервис-Параметрлер немесе Файл - Қалайша сақтау командасын таңдап сұқбат терезесіндегі Параметрлер батырмасын басу.

2. Параметрлер терезесінде Сақтау парағына өту.

3. Сақтау парағында Әрбір Автоматты сақтау жалаушасын тағайындау және автоматты сақтау уақыт аралығын таңдау.




  1. «ҚҰЖАТ АШУ» СҰҚБАТ ТЕРЕЗЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ.

Сонымен “Құжат ашу” терезесінің (немесе оның саймандар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері:

    • файл іздеуді жүзеге асыру;

    • мәтіндік құжат ашу;

    • файлды басқа орынға орналастыру;

    • файлды қиып алу (алмасу буфері арқылы); файлдың көшірмесін алу;

    • жарлықты дайындау;

    • файлды жою; файл атын өзгерту;

    • файл қасиеттерін қарап шығу;

    • файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;

    • файлдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;

    • файлды қағазға басып шығару;

    • бумадағы файлдарды реттеу.

Негізінен алғанда, “Құжат ашу” сұқбат терезесі кішігірім ақпараттық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс-әрекеттер “Құжат ашу” сұқбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. 1.2 –суретте “Құжат ашу” сұқбат терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген.

1.2-сурет. “Құжат ашу” терезесінің басқару тақтасы.

“Құжат ашу” терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай):


  • Бір деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады.

  • Өз бумаңды Ашу - өзіңнің пайдалануыңа арналған буманы ашады.

  • Өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады.

  • Майда белгілер - бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнелейді.

  • Кесте - бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзімімен бірге бейнеленіледі.

  • Қасиеттерін шығару – экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты,көлемі және т.б.

  • Ішкі мазмұнын шығару - құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады.

  • Командалар мен режимдер - оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады.

Егер файл туралы кесте көмегімен ақпарат берілген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет. Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файлыңыз осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аласыз. Алдыңғы сабақта файл туралы қосымша ақпарат енгізу керектігі айтылып еді, енді “Құжат ашу” сұқбат терезесі арқылы файл іздегенде сондай ақпараттың қажеттілігіне көзіңіз толық жетеді (1.3 сурет).

1.3-сурет. “Құжат ашу” сұқбат терезесі арқылы мәтін жолдарын көру.



Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай-ақ, оның бас жағын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады.Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтіннің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады.

Бос құжат даярлау.

Бірінші құжатты даярлау үшін “Кәдімгі” нұсқасын пайдаланайық. Бұл

нұсқа кейін ақпарат енгізілетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ.

Кәдімгі” нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:

1. Файл-Құру (Файл-Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде 1.4 суреттердегідей экранда “Құжат дайындау” сұқбат терезесі пайда болады.

2. Сол терезеден “Кәдімгі” нұсқасын таңдап ал, ОК батырмасын басу керек.



1.4-сурет. “Құжат жасау” сұқбат терезесі

Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl+N пернелерінің немесе стандартты аспаптар тақтасында “Құру” (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де “Кәдімгі” нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұқбат терезесі шығарылмайды.

Дискіде бұрын жазылған құжатты ашу.

Бұрын теріліп дискіге жазылып қойылған мәтіндік құжаттарды терезеге шығарып ашу үшін “Құжат ашу” (Открытие документа) сұқбат терезесі пайдаланылады (1.5-сурет). Бірақ бұл әрекеттің басқа тәсілдермен де Іске қосу менюінің Құжаттар командасы немесе Сілтеуіш терезесі арқылы да орындалатыны айтылған болатын. Бұл тәсілдер Word редакторын іске қосумен қатар бірден керекті құжатты да дискіден оқып терезеге шығарады. Ал егер Word редакторы алдын-ала іске қосылып тұрса, онда бұл әрекеттер оны екінші рет қайта іске қоспайды. Оның орнына тек керекті құжат дискіден оқылып жаңа терезе ашылады.

Енді “Құжат ашу” сұқбат терезесін экранға шығару үшін, мына тәсілдердің бірін (тек біреуін ғана) пайдалану керек:


  • Файл-Ашу (Файл-Открыть)

  • Ctrl+O пернелерін қатар басу.

  • Стандартты саймандар тақтасындағы Ашу (Открыть) батырмасын басу.

1.5-сурет. “Құжат ашу” сұқбат терезесі.

Келісім бойынша “Құжат ашу” терезесі экранға шыққанда, ол Word-та дискі нің ағымдағы бумасы ішіндегі бұрын даярланған құжаттар тізімін береді.

Терезе бірінші рет ашылғанда, экранға WINWORD (немесе МОИ ДОКУМЕНТЫ) бумасының құжаттарының(егер ол бар болса) тізімі шығады. Бірақ терезе ашыларда, экранға одан өзге бума құжаттарын да шығару мүмкіндігі бар. Ол үшін оларды алдын-ала Сервис-Параметрлер меню командаларының “Орналастыру” деген парағындағы бірден ашылуға тиіс буманың аты енгізілетін өріс жолына қажетті бума атын жазып қою керек.

Сонымен дискідегі құжатты ашу үшін келесі әрекеттердің орындалуы тиіс:

1. Файл-Ашу (Файл-Открыть) меню командасын орындау, сонда экранға “Құжат ашу” терезесі шығады.(1.5-сурет). Сол терезеде ағымдағы бумадағы барлық құжаттар тізімі тұрады. Буманың өз аты сол терезенің Бума (Папка) деген өріс жолында көрінуі тиіс. Керекті құжат аты тізім ішінде көрініп тұрса, оны таңдап алу керек.

2. Егер керекті құжат ағымдағы бумада жоқ болса, басқа бумалар мен дискілерді қарап шығу үшін “Бума” өріс жолындағы бағыттауыш тілсызық таңба тұрған батырманы басу қажет, сонда жаңа тізімдер пайда болады.

3.Тізімнен өзіңізге керекті файл орналасқан дискіні таңдап алыңыз. Мысалы, ол D: дискісі болсын. Сонда D: дискісінің барлық бумаларының тізімі төменгі үлкен терезеге шығады. Әрбір бума атының қасында жабық бума тәрізді шартбелгі көрініп тұрады.

4.Бумалар тізімінен керектісін таңдап алсақ, мысалы, BOOK бумасын, сонда BOOK сөзі жоғарғы өріс жолына шығып, ал төменгі негізгі терезеге сол BOOK бумасының ішіндегі мәліметтер тізімі шығады.

5. Негізгі терезедегі бір буманы, мысалы, “PROSPECT”, таңдап алу керек. Енді бұл сөз жоғарғы өріс жолына шығып, оның ішіндегі файлдар тізімі төменгі негізгі терезеге шығады. Қайтадан жоғарғы деңгейдегі бумаларды қарау үшін арнайы батырма бар. Мысалы, керекті мәлімет бұл бумадан да табылмаса, қайтадан жоғарғы деңгейге көтеріліп басқа бумаларды қарап шығамыз.

6.Егер керекті файл ашық терезеде тұрса, онда келесі қадамға өту керек. Әйтпесе келесі төменгі деңгейдегі ішкі бумаларға өтіп, солардың ішіндегі мәліметтерді қарап шығу қажет, т.с.с. керекті файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек.Ең төменгі файлдар деңгейінде, олардың атына сәйкес шартбелгісі мәтіні бар парақтарға ұқсап тұрады.

7. Ашылған терезедегі тізімнен керекті файлды тышқан арқылы таңдап алу керек. Бұған балама тәсіл ретінде төмендегі “Файл” атты өріс жолына бірден файл атын енгізуге болады.

8.Соңында ОК батырмасын басу қажет.

Егер файл тұрағы белгілі болса, оны тауып алып ашу қиын емес. Ал, егерде белгісіз болса, онда файлды ашу негізінен, оны іздеу процестеріне айналып кетеді.



Word редакторы соңғы өңделген бірнеше файл аттарын есте сақтайды. Әдетте олар Файл менюінің тізімдері соңында орналасады. Олардың кез-келгенін тышқанмен ерекшелеп, жылдам ашуға болады. Сонымен, жақында ғана жұмыс істеген құжаттарыңызды ашу үшін, Файл менюінің тізімінен, соған сәйкес файл атын таңдап, тышқанды шерту жеткілікті. Есте сақталатын файлдар санын Сервис-Параметрлер командаларының ішіндегі “Жалпы” (Общие) парағының көмегімен алдын-ала тағайындау мүмкіндігі бар.
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар

  • Micrifoft Word мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?

  • Терезе элементтері қандай?

  • Word мәтіндік редакторында жаңа құжат қалай құрылады?

  • Құжатты сақтау командалары қандай?

  • Алдын-ала сақталған құжатты басқа атпен қалай сақтайды?

  • Құжатты автоматты түрде қалай сақтайды?

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 249-257 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 168-185 беттер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет