Дәріс Тақырыбы: Ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері. Пәнге кіріспе. Жоспары



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі215.32 Kb.
#477607
  1   2   3

Дәріс_1.
Тақырыбы: Ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері. Пәнге кіріспе.
Жоспары:
  • Ақпараттық технологиялар пәні, объектілері және құрама бөліктері.
  • Ақпараттық технологияның дамуының тенденциясы. Ғылым жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың орны.
  • Ақпараттық технологияның түрлері.

Ақпараттық технологиялар (АТ) пәнін оқытудың мақсаты - бұл ғылымның тек компьютсрлерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп кана коймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Пәннің объектілері:
  • Ақпарат
  • Ақпаратты басқаруда, өңдеуде пайдаланатын құралдар мен жабдықтар.
  • Ақпаратты басқару және өңдеу әдістері, тәсілдері.

Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді
«Ақпараттық технология» түсінігі информатика ғылымының қалыптасу процесі барысында ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болды. Ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшелігі – онда еңбектің құралы да, өнімі де ақпарат болып табылады, ал еңбектің құралына есептеуіш техника байланыстары мен құралдар жатады.
Ақпараттық технологиялар – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі.
Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Ақпараттық технологиялар (АТ) – есептеуіш техниканың жабдықтарын қолданудың арқасында ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығының жүйесі.
Ақпарат (лат. Infоrmation-таныстыру, көрсету, түсіндіру, түсінік) – бұл адамдар арқылы таралатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме; хабарлама алу арқылы азаятын, төмендейтін белгісіздік;
Технологиялық процесс туралы айтатын болсақ – ақпараттардың пайда бола бастағаннан соңғы нәтижесін алғанға дейінгі орындалатын бір-бірімен байланысқан, реттелген тізбектердің іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет