Білім берудегі цифрлық технологиялар пәні бойынша емтихан сұрақтары
Цифрлық технологияларға сипаттама берініз
Цифрлық технологиялар дегеніміз-бұл бұрынсонды болмаған адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей білім беру үрдісіне цифрландыру жүйесі өте қажет.Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап,осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бүгінгі күні бұл технологиялар әлі де күнде дамып, жасақталу үстінде.
Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Цифрлық технологиялар артықшылығын атап беріңіз
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру үдерісіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді.
Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, мекеменің әкімшілік және басқарушы қызметкерлері үшін қағаз процестерін жеделдету үшін де өте қажет.
Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады.
Сонымен қатар, өнеркәсіптің дамуында зор ықпалы бар. Медицина жоғарғы деңгейде дамыған, мұнда адамзаттың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіншіліктер ашылды.Жұмыстар да жеңіл оңтайландырды.Бизнестің тұрақты өсуіне, өмір сапасының дамуына зор ықпалын тигізді.
Цифрлық технологиялар кемшілігін атап беріңіз
Адамдардың ойлау қабілеті мен хбардылығы аз болады және осы цифрлық технологияларға тәуелді болып қалады.Математикалық процестер ойша емес, ұялы телефонға орнатылған қарапайым калькулятор арқылы жүзеге асырып, ойлау қабілетін одан сайын төмендетіп алады.Әлемде осының салдарынан жалқаулық көп, осының әсерінен жұмыссыздықта артып келеді. Балалардың тең жартысы көзілдірік тағады деп айта аламыз. Интернетке тәуелді болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |