- Дәріс
- Тақырыбы: Компьютерлік желілер
- Компьютерлік желі дегеніміз –
- бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
- Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
-
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады: - Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:
- Желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
- Олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
- Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама, интерфейс, желілік программалық және техникалық құрылымдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды. - Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
- Желілік технологиялық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
- Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
- Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |