Желілерді таралу ерекшелігіне байланысты 4 түрге бөлінеді



Дата06.10.2022
өлшемі23.44 Kb.
#462058
Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік негіздері


1 Дәріс
Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір–бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желілердің басты мақсаты–ортақ компьютерлік ресурстарды бірлесе қолдануды қамтамасыз ету.
Желілерді таралу ерекшелігіне байланысты 4 түрге бөлінеді.
Олар:
аумақтық таралуына;
тиістілігіне;
деректерді тасымалдау жылдамдығына;
деректерді тарату ортасына байланысты.
Аумақтық таралуына қарай бөлінуі

Жергілікті желі - шектеулі аймақта (бір бөлмеде, мекемеде, зауытта т.с.с.) орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты – өндірістік процестерді автоматтандыру, қажетті құжат-тарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер кабельдер арқылы желілік бейімдеуіш (адаптер) көмегімен байланысқа түседі.


Корпоративтік немесе аймақтық желі – бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі. Корпоративтік желі ірі компаниялар мен банктер сияқты құрылымдардың пайдалануы үшін өте ыңғайлы. Белгілі бір ұйым немесе мекеме де өзара электрондық құжат алмасулар үшін аймақтық желіні қолданады. Аталған желі арқылы олар өзара байланысқа түсе алады.


Дүниежүзілік желі – дүниежүзі бойынша компьютер-лерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасау желісі. Қазіргі кезде мұндай желінің қызметін интернет атқарады. Интернет желісі арқылы бір уақытта, бір мезетте миллиондаған пайдаланушы байланыса алады. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы программа басқарады. Олар бір-бірімен ақпарат алмасу кезінде бәріне ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Осы ортақ ережені «желілік хаттама» деп атайды.


Тиістілігіне қарай бөлінуі


Мемлекеттік желі


Ішкі істер органдары,
Ұлттық қауіп-сіздік комитеті,
Кеден қызметі сияқты мемлекеттік мекемелерге қарасты желілер.
СІМ; ҰҚК; Қаржы министрлігі т.б.

Ведомстволық желі


Бір ұйымға немесе мекемеге тиісті болады.


Банкоматтар, теміржол кассалары; Театр кассасы т.б.
Деректерді тарату жылдамдығына қарай бөлінуі:
Төмен жылдамдықта (10 Мбит/с дейін);
Орташа жылдамдықта (100 Мбит/с дейін);
Жоғары жылдамдықта (1 Гбит/с дейін);
Өте жоғары жылдамдықта (10 Гбит/с дейін);

Деректерді тарату ортасына байланысты бөлінуі


кабельдік арналар арқылы


сымсыз арналар арқылы таратылады.

Ақпаратты беру жылдамдығы бойынша компьютерлік желілер төмен, орташа және жоғарғы жылдамдықты болып бөлінеді. Беру ортасының типі бойынша – коаксиальды, айналмалы жұпта, радиоарналары бойынша ақпаратты берумен, оптоталшықты, инфрақызыл диапазондағы болып бөлінеді.


Аймақтық желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.


Аймақтық компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
• Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
• Мәліметтерді беру желілері.
Аймақтық компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, Аймақтық желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі.

Құрал-сайман бойынша желілер ведомстволық және мемлекеттік болып бөлінеді. Ведомстволық тек бір ғана мекемеге тиісті және оның аймағында орналасқан. Мемлекеттік желілер – мемлекеттік құрылымда пайдаланатын желілер


Компьютерлік желілер мына түрлерге бөлінеді:
1) жергілікті (локалды) желі (LAN – Lokal Area Network);
2) аймақтық (регионалды) желі (MAN – Meropolitan Arta Network);
3) корпоративті желі–бір корпорацияға жататын компьютерлерді біріктіретін желі. Мысалы: Intranet;
4) ауқымды (глобальды) желі (WAN – Wide Area Network).
Бір мекемедегі немесе кабинеттегі компьютерлерді өзара біріктіру барысында жергілікті желі пайда болады.

Жергілікті желілер (LAN)


Олар жабдықтың жақын орналасуына байланысты шектеулі ауқымы бар желілер. Желінің талғампаздығы мен күрделілігіне байланысты олардың ұзындығы 20 шақырымға жетуі мүмкін.
Олар әдетте тұрмыстық немесе корпоративті мақсаттарда қолданылады. Желілік желілер ғимараттарда немесе бүкіл кешендерде осы жерде орналасқан барлық жұмыс станцияларын өзара байланыстыру үшін қолданылады.
Бұл бүкіл инфрақұрылым бойынша стратегиялық түрде таралған байланыс нүктелерінің (түйіндерінің) арқасында мүмкін болады.
Деректер беру электронды түрде, талшықты оптика немесе мыс кабельдері арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті желілер әдетте секундына 100-ден 1000 мегабайтқа дейінгі жылдамдықта жұмыс істейді (Мбит / с).

Ауқымды желілер (WAN)


WAN желілері өзара байланысты LAN және MAN желілерінің кең жиынтығын ұсынады. Бұл бүкіл елдер мен аймақтарды қамтуы мүмкін одан да үлкен аймақтарды қамтуға мүмкіндік береді.
WAN желісінің түйіндерін бір-бірінен 100-ден 1000 шақырымға дейінгі қашықтықта ажыратуға болады.
Бұл жағдайда деректерді беру спутниктік немесе радиосигналдар арқылы жүзеге асырылады. Олардың жұмыс жылдамдығы 1 мегабайттан 1 гигабайтқа дейін жетеді және олар өте сенімді желілер

2 Дәріс


Дәріс 2. Компьютерлік тораптарды құру негіздері


Бақылау сұрақтары.
1. «Жұлдыз» түріндегі желі топологиясының концепциясын түсіндір.
«Жұлдызша» топологиясы (2.1сурет) – үлкен ЭЕМ аймағында желілер топологиясының концепциясы жұлдызша түінде келген, бас машина барлық мәліметтерді перифериялық құрылғылардан алады және өңдейді. Бұл принцип мәліметтерді беру жүйесінде қолданылады, мысалы RelCom желісіндегі электронды пошта. Екі перифериялық жұмыс орындарының арасындағы барлық ақпарат есептеу желлерінің орталық тораптары арқылы өтеді.

Файлдық сервер



2.1 Сурет – ЛВС топологиясының «жұлдызша» түріндегі құрылым.
2. Желінің сақиналық топологияны сипаттап бер.
Сақиналық топология (2.2 сурет). Желінің сақиналық топологиясында жұмыс стансасы дөңгелек бойынша бір бірімен байланысты, яғни 1 жұмыс стансасы 2 жұмыс стансасымен, 3 жұмыс стансасы 4 жұмыс стансасы және т.б. ең соңғы жұмыс стансасы біріншісімен байланысты. Коммуникативті байланыс сақинада тұйықталады.
2.2. Сурет –ЛВС топологиясының сақиналы құрылымы.

3. Желінің логикалық сақиналық топологияны түсіндір.


Сақиналық топологияның арнайы қалыбы логикалық сақиналық желі болып табылады (сурет 2.3). Ол физикалық жағынан қосылуы жұлдыздық топология сияқты құрастырылады. Жеке жұлдыздар арнайы коммутаторлар көмегімен қосылады (Hub – концентратор).
Жұмыс стансасының санына және жұмыс стансаларының арасындағы кабельдер ұзындығына тәуелді активті және пассивті концентраторлар қолданады. Активті концентраторларға қосымша 4 және 16 жұмыс стансаларын қосу үшін күшейткішті ұстап тұрады. Пассивті концентраторлар тек қана тармақталушы құрылғылар болып табылады. (максимум үш жұмыс стансасына).

Файловый сервер


2.3 Сурет. – ЛВС логикалық сақиналық тізбегінің құрылымы.
4. ЛВС шиналық топологияның жұмыс істеу принципінің қорытындысы неде?
Шина топологиясы бір жеткізетін арнаны, әдетте «шина» деп аталатын коаксиаль кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің мысалы 2.4суретте бейнеленген. Шина топологиясы бар желіде деректер екі бағытта қатар жүреді. Шина кабельдің екі ұшына арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылады. «Сақинадағыдай» желінің бір жеріндегі қосылу бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі – сақина желісіндегідей оның осал жері, өйткені барлық желінің деректері әрбір желілік компьютер арқылы өтеді.
2.4 Сурет –ЛВС шина топологиясының құрылымы.
5. Желілер топологиясының негізгі сипаттамаларын атап беріңдер.
Есептеу желілерінің топологиясының негізгі сипаттамалары.
Сипаттамалары
Есептеу желілерінің топологиясы

Жұлдыз
Сақина


Шина
Кеңейтілу құны
болмашы
орташа
орташа
Абоненттерді жалғау
Пассивті
Активті
Пассивті
Тоқтап қалудан қорғау
болмашы
болмашы
жоғары
Жүйенің мөлшері
кез келген
кез келген
шектеулі
Тыңдаудан қорғану
жақсы
жақсы
болмашы
Қосудың құны
болмашы
болмашы
жоғары
Жоғары жүктемедегі жүйенің тәртібі
жақсы
қанағаттанарлық
нашар
Шынайы уақыт режиміндегі
жұмыстың мүмкіндігі
өте жақсы
жақсы
нашар
Кабельді ажырату
жақсы
қанағаттанарлық
жақсы
Қызмет ету
өте жақсы
орташа
орташа

6. Иерархиялық желілердің жұмыс істеу принципінің қорытындысы неде?


Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау тәсілін арнайы адам – желі әкімі белгілейді. Бірлесіп пайдаланатын информацияның сақталуы үшін жауапкершілік те оның мойнында.
Жергілікті иерархиялық желілерде деректерді қңдеу екі объект: клиент пен сервер арасында бөлінген. Клиент, жоғарыда айтылғандай, жұмыс станциясы; бұл сөзбен жұмыс станциясын пайдаланушыны да есепке алуға боалды. Бірақ, сонымен бірге жұмыс станциясынан сервердің ресурстарына қатынас құруды жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Деректерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе мамандандырылған процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы файлды шығарып оқу жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайданудағы деректерді сақтауға, оларға қатынас құруды ұйымдастыруға және деректерді клиентке жолдауға жауап береді. Деректерді алған клиент оларды өңдеп,, өңдеу нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады.
Кейде деректерді өңдеуді сервер де орындайды.

3-4 Дәріс


1 «Ашық жүйе»дегеніміз не?
Қабылданатын және жөнелтілетін хаттамалардың мазмұны мен мағынасын, форматын айқындайтын стандартты ережелерді пайдалана отырып басқа да желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы болып табылады.
2. Спецификация дегеніміз не?
аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің пішіндік суреттемесі , оларды функциялау тәсілдері, басқа да компаненттермен өзара әрекеттесуі, пайдалану шарттары, шектеулер мен ерекше сипаттамалар ұғымдары тоғысқан. Бүкіл спецификацияның стандартқа сай еместігі мәлім. Өз кезегінде ашық спецификация стандартқа сәйкес басылған, жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан бүкіл тараптардың жан-жақты талқылап, келісімнің нәтижесінде қабылданған спецификацияларды қамтиды.
3. Жүйенің ашықтығы қағидаларын атаныз?
• желіні бірдей стандартқа сүйенетін, әралуан өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының құрастыру мүмкіндігі;
• желі кампоненттерін бөгде, айтарлықтай жаңа, аз шығынмен дамуға мүмкіндік беретін кампоненттермен ақаусыз алмастыру мүмкіндігі;
• бір желінің екіншісімен жеңіл қосылу мүмкіндігі;
• желіні игеру және қызмет көрсету қарапайымдылығы;
4. Көпдеңгейлі тәсілдеменің мағынасын түсіндір?
Декомпозиция кезеңінде әдетте көпдеңгейлі тәсілдемені пайдаланады. Оны былай түсіндіруге блады. Көптеген модульдерді деңгейге бөледі. Деңгейлер иерархияны түзеді, яғни жоғары жататын және төмен жататын деңгейлер бар. Әрбір деңгейде құрайтын көптеген модульдер былай құрылған, өздеріне тиесілі тапсырманы орындау үшін олар тек төмен жатқан деңгейге тікелей қатысы бар модульдерге сұраныс жасайды. Интерфейс төмен жатқан деңгей жоғары жатқан деңгейге бағыттайтын қызметтер
жиынтығын анықтыйды. Иерархиялық декомпозицияның нәтижесінде деңгейлердің салыстырмалы тәуелсіздіктеріне қол жеткізуге болады, яғни оларды жеңіл алмастыру мүкіндіктері пайда болады.
6. Хаттама дегеніміз не?
Хаттама әртүрлі тораптағы, бірдеңгейлі модульдердің өзара әрекеттесу ережесін анықтайды
7. Интерфейс дегеніміз не?
Интерфейс- бір тораптағы көршілес деңгейлер модулін.
8. Хаттамалар стегі дегеніміз не?
Желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамаларының иерархиялы ұйымдастырылған жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады.
9. OSI үлгісі қандай деңгейлерге бөлінеді?
Әрбір деңгей бір белгілі өзара әрекеттесу аспектісімен жұмыс жасайды, және кез-келген деңгей үшін желі тораптары арасындағы өзара әрекеттесу ережелері, яғни өзіне тиесілі хаттама болады.
Қолданбалы деңгейдің бағдарламалық қамсыздандырды хабарламаға өз тақырып енгізіп, нәтижелі хабарламаны танымдық деңгейге береді. Танымдық деңгей өз кезегінде тақырып қосып, нәтижесін төменгі сеансты деңгейге береді. Кейбір деңгейлер тек тақырыбтыұан ортаның қосып қана коймай, сонымен қатар қорытындысын да енгізді. Хабарлама ең төменгі деңгейге жеткен кезде физикалық деңгей шын мәнісінде хабарламаны жөнелтеді. Хабарлама 2-машинаға түскен кезде ол жоғары беріледі, ал әрбір деңгей өздерінің жеке тақырыптарын тексеріп жойып отырады.
10. Физикалық деңгей қызметтерін атаныз?
Бұл деңгей коаксиалды кабель, бит жұбы немесе көтерме жіпше кабель секілді физикалық арналар бойынша биттерді таратумен байланысты. Бұл денгейде өткізу жолағы, кедергіден қорғаныс, толқынды кедергі және басқа да мәліметтерді физикалық тарату орталарының сипаттамаларын айқындайды. Соған қоса, бұл жерде әрбір қатынастың ұяшықтар түрлері мен арнаулы стандартталады.
11. Каналды деңгей қызметтерін атаңыз?
Каналды деңгей хаттамасы желі ішінде топологияның тек берілген түрімен пакеттерді таратады.
12. Желілік деңгей қызметтерін атаңыз?
Желілік деңгейде хаттамалардың екі түрі анықталады. Дәл осы хаттамалар желілік деңгейдегі хаттамаларға тікелей қатысты. Алайда желілік деңгейге көп жаңдайда маршуртты ақпараттармен алмасу хаттамасы деп аталатын хаттамалар түрлерін жатқызады.
13. Тасымалдылық деңгей қызметтерін атаңыз?
Тасымалдау деңгейінің жұмысы кез-келген желі тораптары арасында мәліміттерді сенімді жолмен таралуын қамтамасыз етуден тұрады. Соған қоса, тапсырмалау деңгейі қолданбалы процестер мекенін орындайды, себебі тапсырмалау деңгейіне әралуан қосымшаларға бағытталған хаттамалар келіп түсуі мүмкін. Сенімді тасымалдылық қосылыстар желілік деңгейдегі хаттамалар базасында құрылуы мүмкін.
14. Сеаныстық деңгей қызметтерін атаңыз?
Сеанысты деңгей тасымалды деңгейдің жақсартатылған нұсқасы болып табылады. Ол диалогты басқаруды қамтамасыз етеді; сол арқылы қай торабы белсенді екендігін белгілейді, сонымен қатар синхронизация құралдарын жеткізеді. Тәжірибе жүзінде санаулы ғана қосымшалар сеаныстық деңгейді пайдаланады, және ол сирек жүзеге асырылады.
15. Қолданбалы деңгей қызметтерін атаңыз?
Қолданбалы деңгей-бұлшын мәнінде ортақ қызметке арналған әралуан хаттамалардың жиынтығы, мәселен электронды пошта, файлдарды тарату, желі бойынша жойылған терминикалды компьютерге қосу.
1. Коммуникациялық хаттамалардың стегі деген не?
Байланыстың күрделі топологиясы бар және түйіндерінің көп мөлшері бар желіде сенімді және өнімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету оңай міндет емес, сондықтан ол әдетте көпдеңгейлік иерархиялық тәсілдің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты, желіде бір коммуникациялық хаттама емес, деңгейлер бойынша реттелген бірнеше хаттамалар қолданылады. Әрбір деңгей өзінің ішкі міндетін шешеді, ал хаттамалардың барлық жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді.
2. OSI стегі деген не?
OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі – бұл концептуалдық үлгі ғана емес, хаттамалардың келісілген стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жинағы.
3. OSI хаттамалар стегінің әрбір деңгейінде жүзеге асырылған хаттамаларды атап беріңіздер.
OSI стегі ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің барлық жеті деңгейлеріне арналған спецификациялардан тұрады.
Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ OSI стегінде де бар, дегенмен олар аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да іске асырылған. OSI стегінің көліктік хаттамасы OSI үлгісінде оған арналып анықталған функцияларға сәйкес, қосылыстар орнатылған және қосылыстар орнатылмаған желілік сервистердің арасындағы айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар төмен жатқан желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет