Дәріс тақырыбы:
Курстық жұмысты орындау әдістемесі
Цель:
Дәрістің мақсаты
Курстық жұмысты орындау әдістемесімен таныстыру
Жоспар
1. Курстық жұмыс типтері
2. Курстық жұмысқа қойылатын арнайы талаптар
теориялық – логикалық сипаттағы курстық жұмыс;
алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында жазылған курстық жұмыс;
экспериментті қолдану негізінде орындалатын курстық жұмыс;
тарихи сипаттағы курстық жұмыс
Курстық жұмыс типтері:
Теориялық – логикалық сипаттағы курстық жұмыс әдебиет қайнар көздері бойынша белгілі бір ғылыми мәселенің өңделу жағдайын терең, әрі негізделіп зерттеу негізінде орындалады. Студент осы типтегі жұмысты орындай отырып, библиографиялық іздестіру іскерлігін көрсетуі, әдебиеттерге талдау жасай білуі, зерттеліп отырған сұрақтың мәні туралы өз ұсынысын алға тарта білуі, жаңа идеяларды немесе алдыңғы белгілі болғандарға жөндеулер енгізуді алға тартуы, қортынды жасауы, алынған қортындыларға практикалық ұсыныстар қарастыруы қажет.
Теориялық сипаттағы курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
- · Сыртқы беті;
- · Мазмұны;
- · Кіріспе;
- · Тақырып бойынша әдебиет қайнар көздеріне талдау жасау және жалпылау;
- · Қорытынды;
- · Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Педагогикалық жұмыстағы алдыңғы психологиялық – педагогикалық және жекелеген тәжірибелерді зерттеу және жалпылау негізінде орындалған курстық жұмыс.
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерден негізінен тәрбиешінің, мұғалімнің, психологтың, сондай – ақ педагогикалық ұйымның нақты жұмысы, оқу – тәрбиелеу процесінің жаңашылдықпен қамтылған жоғарғы тиімді жетістігі, психологиялық – педагогикалық ғылымдардың қазіргі талаптарға сай келушілігі, жаңа педагогикалық құндылықтардың құрылуы көрінеді.
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында студент келесі компоненттерді көрсетуі керек:
- · Авторлар тәжірибесімен шешілген нақты психологиялық – педагогикалық тапсырмаларды;
- · Тәжірибенің негізгі идеясын;
- · Жаңашылдық;
- · Психологиялық – педагогикалық тәжірибелердегі авторлар операциясын және нақты әрекетін;
- · Тәжірибеде автор шығармашылығының жүзеге асу шартын;
- · Аудан, мекеме жағдайының, автордың жеке сапаларының тәжірибедегі шарттастылығын;
- · Ақиқат жолын және берілу құралдарын, алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибені меңгеру және енгізуді;
Алдыңғы психологиялық – педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау барысында жазылған курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
Эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс немесе қалыптастырушы экспериментті қолдану негізінде орындалатын курстық жұмыс.
Осы типтегі курстық жұмыс келесі кезеңдерді орындаудан тұрады:
- - таңдап алынған тақырып бойынша жарық көрген еңбектерге теориялық талдау, шешілмеген мәселе көрінісі, зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамының қалыптасуы;
- - эксперимент жүргізуге дайындық /эксперимент объектілерін таңдау, зерттеудің нақты әдістемесі/;
- - өлшемдер жүйесінде белгілі бір зерттеудің тиімділігін тексеру үшін эксперимент жүргізу;
- - эксперимент қортындысын шығару.
Осы типтегі курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
- · Сыртқы беті;
- · Мазмұны;
- · Кіріспе;
- · Әдебиеттерге шолу;
- · Зерттеу әдістемесі және ұйымдастыру;
- · Зерттеу қортындыларын талқылау;
- · Қортынды;
- · Ұсыныстар;
- · Қолданылған әдебиеттер тізімі;
· Қосымшалар.
Тарихи сипаттағы курстық жұмыс заңдылықтарды зерттеу мақсатына, тәрбиелеу, оқыту жүйесінің белгілі бір жағының қалыптасу және даму қортындылары мен шартына, нақты уақыт аралығындағы психологиялық аспектілерге ие. Бұнда тарихи ғылымда қалыптасқан зерттеу әдістері (тарихи материалдарға тарихи – теориялық талдау, тарихи аналогтарды жүргізу, жүйелі, статистикалық талдау және т.б.) қолданылады.
Осы типтегі курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:
· Сыртқы беті;
· Кіріспе;
· Зерттелініп отырылған құбылыстың пайда болуы және дамуының ұйымдастырушылық – педагогикалық – психологиялық шарты;
· Жұмыс түрі, әдісі және мазмұнының жүзеге асырылуы;
· Қортынды;
· Қолданылған әдебиеттер тізімі;
· Қосымшалар.
Жағымды рецензия алған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі. Қорғау комиссия қатысуымен өтеді және келесілерден тұрады:
а) студент баяндамада жұмыстың міндетін, әдісін, жүргізілген зерттеудің мәнін, қортындысын қысқаша түрде айтуы керек. Студенттің хабарламасына 5-7 минут беріледі.
б) студенттің қатысып отырғандардың сұрағына жауабы;
в) рецензенттің пікірі;
г) жұмысты талқылау;
д) комиссия төрағаларының қорғауды қорытындылаулары.
Достарыңызбен бөлісу: |