Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



бет8/14
Дата23.08.2024
өлшемі394 Kb.
#503210
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
biologiynj okjtu adistemesi dly el biblioteki

Пысықтау сұрақтары:
1. Оқушылар жетістігін тексерудің кандай маңызы бар?
2. Сіз білім тексерудің қандай түрлерін білесіз?
3. Биологиядан оқушылардың білімін тексерудің ағымдық бакылау түрі қандай?
4. Мерзімдік бакылаудың кандай түрін білесіз?
5. Алдын ала тексеру мен қорытынды тексерудің рөлі қандай?
9 тақырып Биологиядан оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Биология сабақтарының ерекшеліктері
Мақсаттар:

  • экскурсияны өткізу әдістемесімен, оның білімдік және тәрбиелік маңызымен
    таныстыру

  • экскурсия өткізу жоспарларын құрастыруға үйрету
    Жоспар:




  1. Биологияны оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама

  2. Биология сабақтарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

1 Оқыту -оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы оқушы мен мүғалім арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Оқыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны оқыту әдістемесінде көп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану қажеттілігі негізделген.
Осы уакытқа дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екенін айттық, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді. Биологиядан және экологиядая берілетін білім жүйесі мен біліктілікті игеру үшін оқытудың басқа да формаларының маңызы зор.
2 Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың танымдық әрекетін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді, ол таным әрекетін белсендіру деген сөз.
Таным әрекетін белсендіру - бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер етуі қажет. Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру сияқты белсендіру құралы.
Сабақта мүғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту
мазмұнын-меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұстаздың міндеті: оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде
білім-білік игеруге қалыптастыру болып табылады. Ұстаз шеберлігінің мәні оқушының оқу материалының «алдынан шығуы» кезінде және және оқушымен оку мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы делдал болуында.
Оқушылардың топтық, жалпысыныптық, жекелеген жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың таным әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Оқьпу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін, қызығушылығын дамытатын, ұжымды ұйымшыл ететін, жеке тұлғаның өзін танытуына ықпал ететін оқушылардың ұжымдық әрекетінің негізінде құрылады. Оқытудың ұжымдық сипаты оқушылардың жекелеген мүмкіндіктерін ескеруді талап ететін жіктелген ыңғайлы қарастырады. Сынып тобы шегінде жіктеп оқытуды жүзеге асыруға оқушылардың жұмыс әрекетін ұйымдастырудың, жекелей, топтық және жалпысыныптық түрлерін жүргізу жолдары ықпал етеді. Жалпысыныптық және топтық әрекетті ұжымдық жұмыс түріне жатқызады, өйткені осы кезде оқушылар бірге жұмыс істеудің ортақ мақсатын сезініп, өзара жұмыстарды бөлісіп, жауапкершілікті сезініп топтың әрекетін өздері бақылап отырады.
Биологияны және экологияны оқытуда тегіс қамтитын, жалпысыныптық жұмыс түрі (фронталдық) жиі қолданылады, өйткені мұғалімнің басқаруымен барлық сынып ортақ тапсырманы шешуде жұмыс атқарады. Бұл кезде, әрине, жұмыс барысы кезеңдерге жіктеледі. Жұмыстың бір кезеңі аяқталған соң, барлық оқушылар келесіге көшеді. ал мұғалім олардың әрекетін бақылайды.
Жалпысыныптық жұмыс үрдісі кезінде әрбір оқушы тұтас ұжымның бір мүшесі ретінде еңбек етеді, өйткені әркімнің жұмыс қарқыны мен пәрменділігінен барлық сыныптың тапсырманы орындау сәттілігі байланысты болады.
Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі дидактикалық мақсаттар үшін
пайдаланылады: жаңа материалды оқу үшін, білім тексеру барысында, оны
бекітуде. Сонымен жалпысыныптық жұмыс өсімдіктер мен жануарлар
систематикасынан, цитологиялық, гистологиялық, анатомиялық-морфологиялық оқу материалынан микропрепараттар даярлау мен оларды көру кездерінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет