Дәріс№5 Құрлықтың флоралық және фауналық жіктелуі. Мақсаты



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі147.58 Kb.
#485485
  1   2   3
1692238436587 Дәріс 5




Дәріс№ 5 Құрлықтың флоралық және фауналық жіктелуі.
Мақсаты: флористикалық және фаунистикалық аудандастырудың тарихи аспектілерін анықтау.

Флористикалық аудандастыру жер шары бетінің әр түрлі дәрежедегі флористикалық аймақтарға бөлінуі (фитохориондар немесе фитохориялар) деп аталады. Әрбір аймаққа флора біртектес, өзінің ерекшелігі бар және басқа аймақтардың флорасынан көп немесе аз дәрежеде ерекшеленетін территория жатады. Флористикалық аудандастыру кезінде әртүрлі дәрежедегі аумақтық бірліктерге жіктейді.


Флористикалық аудандастырудың ең үлкен бірлігі - патшалық. Жер шарында алты патшалық бар: Голарктикалық (Holarctis), Палеотропты (Palaeotropis), неотропты (Neotropis), Каптық (Capensis), Австралиялық (Australis) және Голантарктикалық (Antarctis). Флористикалық патшалықтар облыстарға, облыстар провинцияларға, провинциялар округтарға бөлінеді. Флористикалық аймақтарды флористикалық аудандарға бөлуге болады, ал флористикалық аудандарды - нақты флораның аудандарына.
Құрлықтың флоралық жүйесін жасағандардың бірі дат ботанигі Д Скоу. Ол 1823 жылы 25 патшалыққа, сондай-ақ олардың бөлігін провинцняларға бөлді. Критерийлердің бірі ретінде аумаққа қатысты әртүрлі таксондардың эндемизмінің деңгейі санатқа алынады. Бұл критерий қазіргі кезеңде де маңызды болып саналады.
Флоралық аудандастырудың дамуында А. Энглер (1924 ж.), Л. Дильс (1918 ж.), Р. Гуд (1946 ж.), А. И. Толмачев (1974 ж.), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. А. Л. Тахтаджян (1978 ж.) жасаған флоралық аудандастыру жүйесін негізге аламыз.
Құрылықтың флоралық аймақтары (А. Л. Тахтаджян ,1978 ж бойынша)

Голарктикалық патшалық

Палеотропикалық патшалық

Бореальды патшалықша
Облыстары:
Циркумбореальды (Еуросібір-Канада)
Шығысазия (Жапон - Қытай)
Атлант –Солтүстікамерикалық қатпарлы таулар обылысы

Африкалық патшалықша
Обылыстары:
Гвинея –Конголезия
Судан-Замбезия
Карру Намиб облысы
Әулие Елена және Вознесения облысы



Ежелгі жерортатеңіздік патшалықша
Облыстары:
Макаронезия
Жерортатеңіздік
Сахара-Арабия
Иран-Тұран

Үнді –Малай патшалықшасы
Обылыстары:
Үнді
Үндіқытай
Малезия
Папуасс
Фиджий

Мадреан патшалықшасы
М адреан (Сонор) облысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет