Реферат патшалық Ресейдің бағынышты түркі халықтарын орыстандыру саясаты. Орындаған: Каленова Шинар



Дата03.01.2022
өлшемі35.11 Kb.
#451410
түріРеферат
Шынар түрік

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті




РЕФЕРАТ
Патшалық Ресейдің бағынышты түркі халықтарын орыстандыру саясаты.

Орындаған: Каленова Шинар

Қабылдаған: Шолпанкулова Қарлығаш

Орыстандыру — патшалық Ресей империясы мен Кеңес Одағындағы халықтарды ана тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен, ұлттық болмысынан айырып, орыс ұлтына сіңіру, ассимиляциялау бағытында жүргізілген саясат.

Ресей империясында орыстандыру шоқындыру ісімен тығыз байланыста жүргізілді. Отарланған аймақтардың халықтарын православиеге көшіруде патша өкіметі бастапқы кезде күш те қолданды. 16 ғасырда жауланған Қазан, Сібір және Астрахан хандықтарының халқын орыстандыру барысында билік орындары жергілікті мешіттер мен ислами білім беру орындарын өзіне қаратуға тырысты. Күш қолдану нәтижесінде Сібір мен Орал өңірі халықтарының көпшілігі христиандықты қабылдауга мәжбүр болды, шоқынган татарлар, марийлер, мордвалар қауымдары қалыптасты. Орыстандыруды күштеп жүргізу халық наразылығын өршіте түсетіндіктен патша өкіметі 19 ғасырдан жаңа әдіс қолдана бастады. Осы ретте 1865 жылы «Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-94 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін 1895 жылы «Қырғыз православиелік миссионерлік қоғамы» құрылып, 20 ғасырдың басында Семей облысында - 5, Ақмола облысында - 3 жергілікті бөлімшесі ашылды. Орыстандыру жер мәселесімен де тығыз байланыстырылды. Мәселен генерал- губернатор Е.Колпаковский ішкі Ресейден келген орыс шаруаларын қазақтармен аралас қоныстандыруға ерекше мән берді. Христиан дінін қабылдап, орыстанған қазақтарға орыс мұжықтарына берілетін жеңілдіктерді жасауға тырысты.

Билік орындарының шенеуніктері отар аймақтардың халықтарын орыстандыруды нәтижелі жүргізу үшін миссионер ғалымдардан «бұратаналардың» дінін, тілін, әдебиетін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты терең танып меңгеруді басты шарт ретінде талап етті. Мәселен 1881 жылы Ташкентте ашылған Шығыстану қоғамы алдында Шығыс халықтарын орыстандыру міндеті тұрғанын Түркістан әскери округі басшысы генерал Мациевский баса ескерткен. «Бұратана» халықтарды орыстандыру жолындағы патша өкіметінің айла-әрекеттерінің бірі - мұсылман халықтарының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб әліпбиі негізіндегі жазуын қолданыстан шығару болды. Араб әліпбиін мұсылман халықтарының қолдануынан қалайда ығыстырып, оның орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асыруда Н.И.Ильминский белсенділік танытты. Оның ойынша мұсылман халықтарының жазуын кириллицаға көшіру арқылы «бір оқпен екі қоян өлтіруге болады». Біріншіден, оларды ислам дінінен айыруға, екіншіден, православиеге көшіруге жол ашылады. Ильминский «бұратана» халықтың ғылым-білімге ұмтылған Ы.Алтынсарин секілді талантты жастарын орыстандыру жолында пайдаланып қалуға тырысты. Миссионер ғалымдардың араласуымен патша өкіметі оқу-ағарту ісін орыстандыру арнасына бұра бастады. Халық агарту минстрлігінің 1870 жылғы 26 наурыздагы ережесіне сәйкес мұсылмандық мектептер мен медреселерде орыс тілін оқыту міндеттелді. Сонымен қатар осы ереже бойынша орыс - түземдік аралас мектептер ашылатын болды. Мұндай мектептерге орыстандыруды жүргізу міндеті бүркемелене жүктелді. Патша өкіметі сауаттылықтың өлшемі орыс тілінде оқу және жазу деген көзқарасты орыстандыру саясатының тірегіне айналдырды. Кеңестік дәуірде де орыстандыру саясаты өз жалғасын тапты. Бұған Кеңестер Одағындағы түркі-мұсылман халықтары қолданған араб әліпбиінің кириллицаға көшірілуі айқын дәлел. Ұлттық мектептер тек ауылды жерлерде сақталып, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі орыс тілінде жүргізілуі патша өкіметі ұстанған ұлт саясатының заңды жалғасы іспеттес болды. Әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе жағдайында И.Сталиннің ұлттарды ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртұтас кеңес халқына» айналдыру саясаты өмірге келді. Соның кесірінен Кеңес Одағында 98 тіл біржола жойылды, қазақ тілі де жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тың игеру жылдары республикада қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Әсіресе Солтүстік облыстарында қазақтар балаларын ана тілінде оқыта алмай, амалсыздан орыс мектептеріне берді. Халық арасында қазақ тілінде оқыған бала болашақта күн көре алмайды деген теріс ұғым калыптаса бастады. 1989 жылы республикадағы мектептердің 33%-ы ғана қазақ мектептері болып қалды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін орыстандыру саясатының зардаптары біртіндеп жойыла бастады.
Қазақ даласы ежелден Ресеймен көрші болғандықтан екі мемлекеттің өзара саяси экономикалық, мәдени қарымқатынасы ерте басталды. Міне, осы қарымқатынастың қандай дәрежеде болып, қалай тарихи сипат алғанын, сондайақ бұл жағдайлар қазақ халқының рухани өміріне қаншалықты дәрежеде әсер еткенін зерттеп білудің тарихи маңызы зор. Бұл мәселе кеңестік тарихнамада кең тұрғыда қамтылып, зерттелді. Бірақ, бұл еңбектер бүгінгі күннің талабына толық жауап бере алмай отыр. Ресейдің қазақ жеріндегі атқарған «миссиясына» орыс тарихнамасы, оның батыстағы еуроцентристік пікірлестері «өркениеттілік», «ағартушылық» сипатта бағалады. Ал кеңестік тарихнама ғылымы болса, осы саясиидеялық пиғылды одан әрі жанжақты дамытып жұртшылықтың ойсанасына сіңіруге тырысып бақты. Тіпті кейінгі жылдары орын алып отырған демократияны пайдаланып, сондай бағытты қолдап, кейбір шовинистер бірқатар мақалалар жариялады. Мәселен, Г.Старченков Патшалық Ресейдің қоныстандыру саясатын, XX ғасырдың 3040 жылдарындағы репрессия, сондайақ, тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін Қазақстандықтар үшін «алтын ғасыр» болды дейді 135 . Біздің ойымызша, бұл пікір отарлау дәуірінен бастау алған, кеңестік кезеңде өрістей түскен, сол пікірді бүгінгі демократияны пайдаланып бекіте түсуге ұмтылған нағыз жан дәрмендік екені сөзсіз. Олай болса, бұл мәселе хақында болашақ ұрпаққа дұрыс бағдар беру қажетақ. Ресейдің шығыс елдерімен байланысқа белсене көшуі XVXVI ғасырлардан басталады. Орыс елшілігі қазақтар арасына алғаш ресми сапармен XVI ғасырдың бірінші жартысында келсе, осы ғасырдың екінші жартысынан бастап мұндай қарымқатынас жиілей түсті. Мәселен, 1569 және 1573 жылдары қазақ даласына келген Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ халқының өмірімен, тұрмыстіршілігімен, жер жағдайымен жете танысып, дипломатиялық қарымқатынас орнату жөнінде келіссөз жүргізді. Орыс отаршылары қазақ даласына 1580жылдардан бастапақ ене бастады. Өйткені өзара қырқыс салдарынан Мәскеу княздігінен жеңіліс тапқан Ермак ығысып, жан сауғалай, орыс қаруының күшімен жаулап алған ІбірСібір жұртының негізінен қыпшақ, арғын, найман, жалайырлардан тұратын 136 халқын құлдыққа салмақшы болды. Ермактың басшылығымен келген орыстың алғашқы отаршылдары арада төрт жыл өткенде Жайықтың бойымен жоғары өрлеп, оның Шаған өзенімен қиылысқан жеріндегі қазақтардың қонысын өртеп, малдарын тартып алып, өздерін жанжаққа қуып, бекініс салуға кіріседі. Сөйтіп, бұл арада казакорыстар «Яицкий городок», қазақтар «Теке» деп атаған қала пайда болады 137 . Осы кезде этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар, өзбек, қарақалпақ, қазақ халықтарының құрамына ғалым Р.Кузеевтің деректері бойынша 100ден аса біртекті ру тайпалар енгенді. Олардың бір шеті сол ІбірСібір жұртынан басталатын. Ал, Көшім ханның өзін орыс тарихшылары А.И.Левшин, П.Невольсин қазақ деп таниды. Көшімнің ұлы Қанай Сауранда патша болды. Көшімді Ермак қуалап, ол болса Қорғалжын көлі мен Нұра өзенінің бойындағы қалың елді паналаған. Осылайша, қазақ даласының Ресейлік отарлық бұғауға ілігуі осы кездерден бастау алған. Сібірді жаулап алушылар осынау байтақ өлкеге адам айтып жеткізе алмайтын қайғы қасірет алып келді. «Егер Сібірді бағындырушы жорықшылар көсемінің (Ермакты айтып отыр О.Ө.), оның көптеген қандыбалақтарының басын жұтса, кейін тізе бүккен «сібірліктердің қаны судай ақты. Айталық, 1555 жылы Сібір патшасы Едігенің салық төлейтін 30700 адамы болса, ал XVII ғасырдың басында Батыс Сібір өлкесіндегі жеті үйезде олар 3600 адамға да жетпейтін еді» 138 деп жазады профессор Н.Фирсов. Яғни, жергілікті халыққа санаулы жылдар ішінде осындай сұрапыл қырғын ала келген бұл сұмдық отарлау саясатының алғашқы қадамы еді. Бұл пікірді 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының құрылтай жиналысында академик М.Қозыбаев айтқан болатын. Біз осы ойды орынды айтылған пікір деп есептейміз. XVII ғасырда Ресей империясы күшейіп, қанатын кеңге жайды. Енді өздеріндегі барға қанағат етпей көршілес елдерге көз аларту сияқты дертпен ауыра бастады. Көршілес қазақ елінің халқын, байлығын игерудің келешекте зор маңызды екенін түсінді. Қазақ даласымен көршілес жатқан Ресей тарихына XVІІІ ғасыр жаңа бір кезең алып келгені белгілі. І Петрдің Ресейді нығайтуға бағытталған реформалары мемлекеттің беделі мен күшқуатының өсуіне ықпал етті. Бұл мезгілде Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткені І Петрдің қазақ даласын «шығысқа шығаратын қақпаның кілті» деп есептегені белгілі. XVIIXVIII ғасырларда қазақ еліне жоңғарлардың шапқыншылығы аса қауіп төндірді. Ел басына күн туып, қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Зерттеуші ғалым В.А.Моисеевтің «Как бы ни были тяжелы последствия джунгарских вторжений в Казахстан, результаты наших многолетних исследований свидетельствуют, что никогда угрозы физического уничтожения казахского народа джунгарами и феодалами не было» 139 — деген пікірі ешқандай негізге сыймайды. Өйткені, Абылай ханның айтуы бойынша, «XVIII ғасыр басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды» 140 десе, қазақ зиялыларының өкілі Шәкәрімнің «ҚалқаманМамыр» поэмасында «үш есенің екеуін қырып салды» 141 дейді. Халықтың басына төнген осындай қатерден құтылу мақсатындағы Абылай ханның дипломатиялық ісқимылдары оның білгір басшы, ел қорғаны, әлемдік тарихтың төрінен орын алатын қайраткер екенін көрсетеді. 1731 жылғы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей боданына өтуіне ықпал еткен жағдайдың түптөркінін осы мәселемен байланыстырған жөн. Бұл мәселеге кеңірек қарауға міндеттіміз. Қазақ елін отарлау, яғни өз иелігіне айналдыру үшін екі жақтағы екі империя (Ресей мен Қытай) ұзақ жылдар дайындалды… 1. Ресей өкіметі Сібір мен Қазақстанға түгелдей казачествоны, яғни «тісіне дейін қаруланған» бұзықтарказактар отрядын айдап салды. Олардан оқдәрі мен қаружарақты аямады. Сондықтан «Ресейдің Қазақстанды отарлау тарихын казачество тарихынан» бөліп қарауға болмайды 142 . 2. Қытай басшылары өз вассалы Жоңғар елін жақсы қаруландырып Қазақстанға ұзақ жылдар бойы айдап салумен болды. Ал Ресей патшасы жоңғарлардың Қазақстанға жасаған әрбір жорығына іштері жылыды… Қазақ тарихының осы дәуірін бүгінгі көзқараспен сараласақ жаңаша қисындауға болады. Айталық, қазақ мемлекетін ыдыратуға әкеп соқтырған Жоңғар шапқыншылығы және оның арқа сүйеген Қытай империясы деген көзқарас бұл күнде өзгерді. Шындығында, Қазақ мемлекетінің әлсіреуі мен ыдырауына Ресей тарапынан жасалған әрекеттің есебі жоқ. Олар әрқашан Жоңғар елімен астыртын одақтас, тығыз байланыста болды. Бұл мәселені мынандай тарихи нақты мәліметтер дәлелдейді: Жоңғар мемлекетінің бір бөлігі қалмақтарды қазақ еліне қарсы қою үшін Ресей патшасы қолынан келгенінің бәрін жасады. Жайықтың арғы жағын қазақтардан тартып алып, өз территориясын күннен күнге ұлғайтып жатса да, қалмақтарға ең шұрайлы жерлерді бөліп беруді ұмытпады… Сондайақ, оларды барлық қаружарақпен қамтамасыз етіп казак отрядтарымен бірге қазақ еліне дүркіндүркін шабуыл жасап, мазасыздандырып отырды. Жайықтың оң жағын түгелдей иеленген Ресей империясы казак отрядтарын қазақ еліне жіберуден танған жоқ. XVIII ғасыр басындағы Кіші жүз қазақтары мен Ресей арасындағы қақтығыстарды қарасақ былай жіктеледі. Осынау біздің еліміздің тарихындағы аса қиын кезеңді М.Әбдіров: «С конца XVII — начала XVIII в. начинается ожесточения и кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско казачья война» 143 — деп бейнелейді. Батыс Қазақстан өлкесіне шекаралас Ресей империясына иек артып отырған казак отрядымен қазақтардың соғыспаған күні болмады. Сол қақтығыстардың ішінде орыс казактарының қазақтарға тұтқиылдан жасаған шабуылдары мен жүгенсіздіктерін қағазға түртіп, есепке алу жағы көп ескерілмеген, керісінше қазақтардың оларға жасаған жорығын қадағалап, бақылап қағазға түсіріп отырды. Себебі, оны Ресей елінің басшылары мұқият қадағалауға құлықты болды. Пікіріміз дәлелді болу үшін бірер мысалға көктей шолу жасайық. 1709 жылы қазақ жігіттері Сызраньға бара жатқан казактар керуенін талаған. 1711 жылы қазақтардың 16 мың әскері Текеге астық алып бара жатқан казактардың керуенін талқандап, 300 жауынгерін тұтқынға алып Хиуаға апарып құлдыққа сатқан. 1713 жылы 800 жігіттен тұратын қазақ жасағы казактардың Самараға балық алып бара жатқан керуеніне шабуыл жасап, жауынгерлерін түгел қырып салған. 17141715 және 1716 жылдары қазақ жігіттері (араларында қарақалпақтар да бар) әлденеше рет казак отрядтарына соққы берген. 1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың әскері Теке қаласын қоршайды. Ресеймен, яғни Самара жолымен қатынасын үзген бұл қала бір айдай қоршауда тұрады. 1719 жылы шілде айында Кіші жүз ханы Әбілқайыр 20 мың әскермен келіп Теке қаласын қоршайды. Осынау көп адам қырылған шайқаста Теке қаласы қазақтар қолына өтуден әрең қалды. Себебі, күз түсімен Әбілқайыр қаланы қалдырып Еділ қалмақтарына яғни казак отрядтарының одақтастарына шабуыл жасайды. 1720 жылдың қыркүйек айында қазақ әскерімен орысказактарының арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы IПетрдің мақтау грамотасымен марапатталды. .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет